7-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ Қазақстан Республикасының Ата заңында азаматтардың өз
денсаулығын қорғауға толық құқығы бар деп көрсетілген. Тұр-
ғындардың денсаулығын сақтау қызметі жергілікті көлемдегі жəне
жоғары сападағы медициналық көмекті беру арқылы жүзеге асырыла-
ды. Оны біздің елімізде денсаулық сақтау жүйесі іске асырады.
Денсаулық сақтау дегеніміз – мемлекеттік медицина ұйымдарының
тұрғындардың денсаулығын сақтау жəне күшейту үшін жүзеге асыра-
тын медициналық (емдеу-профилактикалық жəне реабилитациялық)
шаралар жүйесі болып табылады.
Көпшілік мамандар «денсаулық сақтау» мен медицина деген
сөздердің мағанасын бірдей деп есептейді. Себебі осы екі сөздің
мағанасы да тұрғындардың денсаулығы мен ауруларына байланысты
білім мен тəжірибелік жұмыстарды қамтиды. «Денсаулық сақтау» де-
ген түсінік топтық жəне əлеуметтік деңгейде қолданылады. Сондықтан
денсаулық сақтау медицинаның қоғамдық, əлеуметтік қызметі деп
қарастыруға болады.
Денсаулық сақтау жүйесі адамзаттың дамуына тікелей байланысты
үдеріс жəне оның даму деңгейінің бір көрінісі ретінде қарастырылады.
Қоғам немесе мемлекет ерте дəуірден-ақ денсаулық сақтау қызметін
заңды жолға қоюға күш салды. Алайда ХVI ғасырға дейін медици-
на ісі орталық мемлекет билігінің заңды басқару элементіне айналған
жоқ. Медицина мен денсаулық сақтау саласы қазіргі таңда маңызды
ғылыми жəне тəжірибелік бағыт ретінде қалыптасып отыр.
Денсаулық сақтау саласының жəне медицинаның негізгі міндеті
əлеуметтік ортаның адам денсаулығына тигізетін зиянды əсерлерін
кешенді түрде зерттеп, оның алдын алуға бағытталған тиімді ша-
раларды ғылыми тұрғыда негіздеу жəне оны тəжірибеге енгізіп,
тұрғындардың денсаулығын сақтаудың стратегиясы мен тактикасы жа-
сау деп қарастыру қажет.
7.1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау