231
медициналық көмектен тыс алынатын ақылы медициналық көмекте
көрініс береді деуге болады. Осы жерде айта кететін мəселе, азаматтар-
дың дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина-
лық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тəуел-
сіз сарапшы ұйымдардан жəне субъектілерден өткізілетін дəрілік
заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға
құқығы бар. Сондықтан Республика азаматтарының денсаулық қорғау
шарттары заң жүзінде толық қамтамасыз етілген деп айтуға бола-
ды. Осы шарттарды жетілдіру мақсатында Республика Парламенті
қолданыстағы заңдардың бүгінгі əлеуметтік-экономикалық, медици-
налық-құқықтық сұранысқа сай болуын қатаң қадағалап жəне оларға
қажетті өзгерістер мен толықтыруларды дер кезінде енгізіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: