Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78



Pdf көрінісі
бет78/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

7.4. Медициналық жəне фармацевтикалық 
қызметкерлерді ұйымдастырудың құқықтық негіздері
Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы 
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-
ІV Кодексінің 3 бөлімі медициналық қызметті ұйымдастырудың 
құқықтық негіздеріне арналған. Медициналық қызмет жоғары неме-
се орта кəсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-
ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңдар 
тұлғалардың кəсіптік қызметін қамтиды. 
Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай 
түрлері бар:
Медициналық көмек;
1. 
Зертханалық диагностика;
2. 
Патологиялық-анатомиялық диагностика;
3. 
Қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;
4. 
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы 
5. 
саласындағы қызмет;
6. 
Қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызмет;
7. 
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми 
8. 
қызмет;
Денсаулық сақтау саласындағы сараптама.
9. 
Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте 
тыйым салынбаған қызмет түрлері жүзеге асырылады. 
Осы қызметтердің ішіндегі ең маңыздысы медициналық көмек 
болып табылады. Оның негізгі түрлеріне дəрігерге дейінгі, білікті 
медициналық, мамандандырылған медицина-əлеуметтік көмек жата-
ды.
Дəрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилакти-
касы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық 


232
оңалту əдістерін дəрігердің қатысуын пайдалануды талап етпейтін ау-
рулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің 
көрсететін медициналық көмегі болып табылады.
Шұғыл жағдайларда дəрігерге дейінгі медициналық көмекті 
медициналық білімі жоқ уəкілетті орган айқындаған тəртіппен 
тиісті даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап 
шегушілірдің өмірін құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуі 
мүмкін.
Дəрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін 
уəкілетті орган белгілейді.
Ал, білікті медициналық көмек дегеніміз – диагностиканың, ем-
деу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған əдістерін талап 
етпейтін ауруларға байланысты жоғары медициналық білімі бар меди-
цина қызметкерлерінің көрсететін медициналық көмегі болып табыла-
ды.
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы 
əдістерін талап ететін аурулар бойынша бейінді мамандар көрсететін 
медициналық көмекті, мамандандырылған медициналық көмекке 
жатқызады.
Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың 
көпбейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық немесе 
стационарлық медициналық көмек нысандарында көрсетеді.
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа 
технологияларын пайдалануды талап ететін ауруларға байланысты 
уəкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді ма-
мандар көрсететін медициналық көмекті жоғары мамандандырылған 
медициналық көмек деп атайды.
Медициналық-əлеуметтік көмек дегеніміз – тізбесін Республика 
Үкіметі айқындайтын əлеуметтік мəні бар аурулармен науқастанған 
азаматтарға бейінді мамандар көрсететін көмек.
Медициналық көмек амбулаторлық-емханалық, стационарлық, ста-
ционарды алмастыратын, жедел медициналық, санитарлық авиация, 
төтенше жағдайлар кезіндегі, қалпына келтіру емі жəне медициналық 
оңалту, палмгативтік көмек жəне мейірбике күтімі, дəстүрлі медици-
на, халық медицинасы (емшілік) деген негізгі нысандарда ұсынылады. 
Медициналық көмекті ұсынатын нысандардың қызметі Кодекстің 
36 бабынан 64 бабына дейінгі құқықтық талаптар бойынша 
реттеледі.
Медициналық көмекті ұйымдастыруды уəкілетті орган, облыстық, 
республикалық маңызы бар қаланың жəне Астананың, денсаулық 
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті мамандары, медициналық 
көмек көрсетуді денсаулық субьектілері «Халық денсаулығы жəне 
денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте белгіленген тəртіппен 
жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау субъектілері лицензияға сəйкес сапалы 


233
медициналық көмектің рұқсат берген диагностиканың, профилакти-
ка мен емдеу əдістерінің, сондай-ақ дəрілік заттардың қолданылуын, 
төтенше жағдайлар, əскери жанжалдар мен терроризм актілері 
жағдайларындағы жұмысқа дайындылықты, айналадағыларға 
қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кəсіптік аурулардың алдын 
алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың 
жүргізілуін, азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен 
түрлері туралы тегін, жедел жəне дəйекті ақпарат берілуін, халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің 
сақталуын, басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды 
жəне өз қызметіндегі сабақтастықты, салауатты өмір салты мен дұрыс 
тамақтанудың қалыптастырылуын, уəкілетті орган белгіленген ны-
сандар, түрлер, көлем, тəртіп пен мерзімдер бойынша алғашқы 
медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің табыс етілуін, 
инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін 
психикалық жəне мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары 
туралы – уəкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-
санитариялық салдарының пайда болу қатері жəне (немесе) пайда 
болуы туралы – төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған 
жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген 
адамдар туралы мəліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін 
аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды 
қамтамасыз етуге міндетті.
Фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері 
бар жəне оның түрлеріне тікелей байланысты.
Фармацевтикалық қызмет жоғары немесе орта кəсіптік 
фармацевтикалық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық 
сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың 
кəсіптік қызметін қамтиды. Оның мынадай түрлері бар:
Дəрілік заттарды өндіру;
1. 
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
2. 
Медициналық техниканы өндіру;
3. 
Дəрілік препараттарды дайындау;
4. 
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
5. 
Дəрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
6. 
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада 
7. 
өткізу;
Медициналық техниканы көтерме саудада өткізу;
8. 
Дəрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;
9. 
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу;
10. 
Медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу.
11. 
Бұл қызметтің алдына кепілді көлемдегі ақысыз медициналық 
көмек аясында тұрғындарға сапалы, тиімді, қауіпсіз, қол жетімді дəрі-


234
дірмектермен қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Фармацевтикалық 
қызметті ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері жоғарыда 
аталған Кодексте қарастырылған. Сонымен қатар, бұл саланың 
жұмысын Республика Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, 
Денсаулық сақтау Министрінің бұйрықтары мен нұсқаулары рет-
теп отырады. Соңғы жылдары фармацевтика қызметін реттеу 
мақсатында бірқатар стандарттар да бекітілді. Олардың қатарында, 
Қазақстан Республикасындағы тиісті түрдегі дəріханалық тəжірибенің 
мемлекеттік ҚР 6515-2006 СТ, Қазақстан Республикасындағы тиісті 
түрдегі лабораториялық тəжірибенің мемлекеттік ҚР 1613-2006 СТ стан-
дарттары бар. Фармацевтикалық ұйымдарда өнімдерді сертификаттау, 
тауарлардың дəріханалық ассортименттерін жасау, фармацевтикалық 
сараптау, дəрілік заттарды сақтауды тəртіпке сай ұйымдастыру, дəрілік 
заттарды дəріханаішілік қадағалау туралы нормативтік жəне нұсқаулық 
құжаттар фармацевтикалық қызметтің жұмысын құқықтық негізде 
ұйымдастыруға жол ашады. 


235


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет