Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Маркетинг – денсаулық сақтаудағы маңызды элемент



Pdf көрінісі
бет73/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

6.5. Маркетинг – денсаулық сақтаудағы маңызды элемент
Денсаулық сақтау саласындағы маркетинг-сауықтыру жəне 
профилактикалық, санаторлық жəне емдеу қызметтерін, дəрі-дəрмекті, 
медициналық-терапиялық жəне реабилитациялық кешендерді сатуға 
байланысты қолданылатын ұйымдастырушылық-экономикалық 
қызмет болып табылады. Сыртқы орта себептерінің тұрақсыздығы 
жағдайында емдеу-диагностика үдерісінің қаржымен толыққанды 
қамтамасыз етілуін дұрыс ұйымдастыру аса үлкен маңызға ие болып 
отыр.
Қазіргі кезде медицина мекемелерін қаржыландырудың негізгі көзі 
мемлекеттік бюджет екендігі белгілі. Алайда, оны қаржыландырудың 
өзге көздерін де іздеу қажет. Осындай қаржы көзінің бірі ақылы 
медициналық көмек көрсету болып табылады. Ақылы медициналық 
көмек емдеу-профилактика мекемесінің басқаруына ең жеңіл үрдіс бо-
лып есептеледі. Негізгі қызметке еш кедергісіз медицина мамандарын 
əлеуметтік қорғауға жағдай туғызады, емдеу-профилактика мекемесіне 
қосымша табыс табуға жол ашады. Сондықтан емдеу-профилактика 
мекемесінің жұмысын қаржыландыруға осындай пайдалы қосымша 
табыс көздерін кеңінен қолдану дұрыс деп есептелінеді. 
Ақылы көмектің ауқымын кеңейту медицина мекемелеріне мына-
дай міндеттерді шешуге көмектеседі:
Мекеменің материалдық-техникалық базасын күшейтуге.
1. 
Жетіспейтін қаржы көзін толықтыруға.
2. 
Қосымша медициналық көмекке сұранысты қанағаттан-
3. 
дыруға.
Екінші табыс көзін қолданып, қызметкерлердің қаржылық 
4. 
жағдайын жақсартуға.
Көрсетілетін медициналық көмектің ауқымын, түрлерін 
5. 
кеңейтуге.
Медицина мекемелерінің босап қалған мамандарын жұмыспен 
6. 
қамтуға.
Мекеме жұмысының тиімділігін арттыруға.
7. 
Жаңа қондырғылардың өзіндік құнының бір бөлігін өтеуге.
8. 
Ауруларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арт-
9. 
тыруға.
Осыған қарағанда медицина саласындағы маркетингтің қызметі
емдеу-профилактика саласындағы баға саясатын жүргізу, медициналық 
қызметті тұтынушыларға ұсыну жəне оны сатуды кешенді жоспарлау, 
экономикалық тұрғыда негіздеу жəне басқару болып табылады.
Маркетинг саласында емдеу-профилактика қызметінің барлық 
элементтері бірыңғай технологиялық үдеріске айналды. Бұл үдеріс 
емдеу-профилактикалық жəне фармацевтикалық көмектің бірегейлігі 
мен мақсаттылығы арқылы жүзеге асады. Нарықтық қатынас 


223
жағдайында маркетинг əдістемесі азаматтардың медициналық 
көмекке, дəрі-дəрмекке жəне дəрілік заттарға сұранысын қамтамасыз 
етуге бағытталады. Сондықтан маркетинг «осы əлеуметтік саланы 
басқарудағы сана сезімді» қалыптастырады.
Маркетингтің мақсаты – медициналық қызмет пен дəрі-дəрмек 
өндірісінің тиімділігін қамтамасыз етіп, өндірістік мүмкіндік аясында 
жəне қолайлы уақытта сатудың тиімді жолын қарастыру. Маркетингтік 
зерттеулердің нəтижесінде медициналық жəне фармацевтикалық 
көмек берудегі нарықтық жағдайдың өзгерістері болжамдалады, 
емдеу-профилактикалық қызмет аясында төлемақының өзгерістері 
сарапталады, медициналық көмек сапасының сұранысқа сай болуын 
қамтамасыз ету жолдары анықталады. 
Қазіргі кездегі медицинадағы маркетингтің міндеті емдеу 
мекемесінің бəсекелестікке сай келетін жұмыс бағытын дұрыс таңдау 
жəне нарықтық жағдайға тез бейімделу болып табылады. 
Оның ішінде:
Ауруханалық қызметтің нақты түрлері бойынша (қызмет 
1. 
маркетингі).
Денсаулық мекемесінің (ұйым маркетингі).
2. 
Емдеу-профилактика мекемесінің орналасуы (орналасу 
3. 
орынының маркетингі).
Салауатты өмір сүру идеясы (идея маркетингі) – бар.
4. 
Мекеменің орналасу маркетингі, жеке тұлғалардың орнала-
су маркетингі өз мекемесінің жұмыс тиімділігін, қызмет көрсету 
ісін ұйымдастыру сапасын, білікті мамандардың бар екендігін жəне 
олардың емдеу, диагностика саласында заманауи əдістер мен техноло-
гияларды қолданатындығын насихаттауды жүзеге асырады.
Қоғамдық сипаттағы идеялардың маркетингі денсаулық сақтау 
мекемесінің темекі тартуға, алкогольдік ішімдікке салынуға, 
наркоманияға, семіздікке қарсы, отбасы санын жоспарлауға, 
əйелдер мен балалардың құқығын қорғау мəселелеріне бағытталған 
профилактикалық шараларды ұйымдастыру жұмыстарын қамтиды.
Нарықтық қатынас адамдардың психологиялық көзқарастарының 
түпкілікті өзгеруіне, оның ішінде емдеу-профилактикалық қызметтің, 
дəрі-дəрмектердің, медициналық тауарлардың тегін немесе ақылы бо-
луына көзқарастарының өзгеруіне алып келеді. Сондықтан маркетинг 
қызметінің мақсаты жəне міндеттері емдеу-профилактикалық қызмет 
көрсету саласында нарықтық қатынастың даму бағытын болжамдау, 
денсаулық туралы мəліметтерді алу жəне сараптау, жаңа қызметтер, 
дəрі-дəрмектер, тауарлар нарығын жасау мəселесін шешу, нарықтық 
экономикаға байланысты өмір сүру салтын қалыптастыру болып та-
былады.


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет