216
мен басқарудағы жүйенің
барлық бөлімдерінің жұмысын, олардың
ішкі жəне сыртқы мақсаттары мен байланыстарын есепке ала отырып
үйлестіруге бағытталған іс-əрекеттері болып табылады.
Басқару субъектісінің
олар стратегиялық, тактикалық жəне
оперативтік сияқты үш деңгейі бар. Олар міндеттеріне қарай əртүрлі
жұмыс атқарады. Стратегиялық деңгейдің міндеттеріне жататындар:
- жоспар бойынша белгіленген көлемде жəне мерзімде мақсатқа
жету;
- емдеу-профилактика мекемесінің мүмкіндігін
есепке ала отырып,
сыртқы орта жағдайының болашақтағы даму бағытын болжамдау
негізінде жаңа мақсаттарды жасау.
Сонымен, стратегиялық деңгейде қабылданған шешімдерден туын-
дайтын нəтижелер үшін жауапкершілік бар. Ол нəтижелер
мекеменің
болашақтағы жетістіктері мен табыстарының кепілі болуы тиіс.
Тактикалық деңгей таңдалған стратегияға сəйкес мекеменің
қорларын барынша дұрыс пайдалануға жауапты. Сонымен қатар бұл
деңгей жеке бағыттар бойынша ағымдағы нəтижелерге
қол жеткізу ша-
раларын ұйымдастырады жəне қадағалайды.
Оперативтік деңгей жеке бөлімдердегі өндірістік үдерістердің
тиімді орындалуын қамтамасыз етеді. Ал бұл деңгей жұмысының та-
бысты болуы технологияның сұранысқа сай болуына жəне қорлардың
дұрыс пайдаланылуына барынша тəуелді келеді.
Достарыңызбен бөлісу: