Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Денсаулық сақтау қызметі мен басқару негізі



Pdf көрінісі
бет67/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

6.1. Денсаулық сақтау қызметі мен басқару негізі. 
Басқарудың теориялық негізі. Басқару теориясы
Халық шаруашылығында, оның ішінде денсаулық сақтау сала-
сында нарықтық экономикаға өтпес бұрын негізгі басқару əкімшілік-
нұсқаулық, бұйрық жүзінде іске асырылатын. Басқару үдерісінде 
əлеуметтік-психологиялық жəне математикалық-экономикалық меха-
низмдер мүлдем қолданылмайтын. 


209
Қазіргі басқару немесе менеждмент экономикалық-математикалық 
жəне əлеуметтік-психологиялық механизмдерге басым көңіл бөледі. 
Басқару нысаны ретінде денсаулық сақтау жүйесі қарастырылады. 
Жүйе дегеніміз бірегейлік. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы жəне 
ортақ категорияның сипатына нақтылық жəне ерекшелік беретін 
бөлшектерден тұрады (10-сурет). Нысанның ерекшелігі оны басқару 
үдерісін барынша күрделендіріп жібереді. 
10-сурет. Денсаулық сақтау жүйесіне нысан ретінде 
басқарушылық əсер ету механизмі
 
 
Қызметтері
Болжамдау
Жоспарлау
Басқару механизмі
шарттары
ұйымдастырушы
даму
əдістері
Есепке алу
реттеу
Қадағалау
Сараптау
Ұйымдастыру
Жобалау
Экономикалық-
математикалық
əлеуметтік-
психологиялық
Ұйымдастырушы
лық-
нұсқаушылық
14–7438


210
Денсаулық сақтау жүйесін басқару – менеждмент. Оның басқару 
нысаны əлеуметтік-техникалық ашық динамикалық қүрделі жүйе бо-
лып табылады. Оны басқарудың негізгі ерекшеліктеріне:
- қабылдаған шешімдердің ерекше жауапкершілігі. Осы шешімге 
адамның өмірі мен денсаулығы тікелей байланысты;
- қабылдаған шешімнің болашақтағы нəтижесін болжау 
мүмкіндігінің қиындығы;
- бұрыс қабылдаған шешімді жөндеу мүмкіндігінің жоқтығы жата-
ды.
Нарықтық экономикаға жаңадан өте бастаған Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау жүйесін басқару оңай бола қойған 
жоқ. Жаңа экономикалық жағдайға өту экономика əдістері, қорларды 
экономикалық сараптау, жұмыс нəтижесін сараптау, қабылданған 
шешімнің экономикалық тиімділігін бағалау əдістерін дұрыс қолдана 
білуді талап етеді.
Менеджмент ғылымы философия, политология жəне социоло-
гия сияқты өзге ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Менед-
жмент ғылымының зерттейтін негізгі тақырыбы басқару саласындағы 
адамдардың бір-бірімен қоғамдық қатынасы болып табылады. 
Менеджменттің теориясы мен тəжірибесінің дамуында əдістемелік 
тұрғыда 4 бағыт айқындалады:
Əртүрлі ғылыми мектептердің пайда болуы.
• 
Үдерстік көзқарастың туындауы.
• 
Жүйелік көзқарастың пайда болуы.
• 
Жағдаяттық көзқарастың пайда болуы.
• 
Бұл ғылыми бағыттың даму барысында менеждмент мəселесіне 
əртүрлі көзқараспен қарайтын бірнеше мектеп пайда болды. Соңғы 
кезде менеждмент туралы көзқарастардың нашар жақтары алып тас-
тап, күшті жақтары одан ары дамытыла түсті. 
Ғылыми мектеп – бұл менеждмент туралы көзқарастар жүйесі. 
Көзқарастар жүйесі басқару əдістемелері мен теорияларынан тұрады. 
Алғашқы осындай мектептің іргесін қалаған (1856-1915 жылдары) 
жəне басқарудың бірегей теориясын ұсынған америка инженері Ф. Тей-
лор болатын. Ф. Тейлор менеджменттің негізі ретінде тиімділік шартын 
ұсынды. Ол мұхият хронометражды бақылау арқылы жұмысты барын-
ша үнемді орындауға негізделген өнімділік нормативтеріне сүйенеді.
Сонымен қатар, тиімділіктің тетігі ұжымның тығыз байланыста 
жəне барынша жауапкершілікпен жұмыс атқару қажеттігіне сенімінде 
деп қарастыру шарты да дұрыс деп есептелінеді. Классикалық мек-
теп немесе əкімшілік басқару мектебі (1920-1955 жылдары) ғылыми 
мектепке қарағанда, жалпы ұйымды басқару мəселесімен айналысты. 
Бұл мектептің менеждмент ғылымына қосқан үлкен үлесі – басқаруға 
жүйелі түрде кірісу шартын ұсынуы. Бұл мектепті ұйымдастырушы 
француздың маманы жəне ірі өндіріс басшысы А. Файоль еді. 


211
А. Файоль, менеждмент – болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бұйыру, 
үйлестіру жəне қадағалау істерінің бірыңғай жүйесі деп атап көрсетті. 
Менеджмент туралы бұл ұғым осы күнге дейін өз мəнін жоғалтқан 
жоқ. 
Адамдар арақатынасы туралы мектеп пен іс-əрекеті туралы ғылыми 
мектеп 1940 жылы құрылып, бүгінгі күнге дейін жұмыс атқаруда. 
Бұл мектептің ең ірі абыройларына М. Фоллет, Э. Майо, А. Маслоу, 
Р. Лайкерт, Д. Макгрегор сияқты ғылымдар жатады. Бұл мектептің ме-
неджмент саласындағы ұстанымы тұлғалар арасындағы қатынасты 
басқару жəне психология мен социологияны қолдану болып табыла-
ды. Осы саланың белді ғалымы Элтон Майо мынадай қағидаларды 
ұсынды:
1. Қызмет орнында адамдарды алға жетелейтін əлеуметтік 
қажеттіліктер. Оның ішінде достықты, өзін-өзі силау, ұжымды мойын-
дау қажеттілігі,
2. Адамдар өздерінің əлеуметтік арақатынасын еңбек ету орта-
сында қанағаттандыра алады. Ал атқаратын қызметі оны көбінесе аса 
қанағаттандыра қоймайды.
3. Еңбек ету ұжымы жұмысшыға əкімшілік қадағалау мен марапат-
таудан да жоғары əсерін тигізеді.
4. Бақылаушылардың жұмыс нəтижелігі оларға тəуелді қызмет-
керлердің əлеуметтік сұранысын қанағаттандыру дəрежесіне байланы-
сты.
Роберт Лайкерттің зерттеу нəтижелері көрсеткендей, басқару са-
ласында (менеджмент) өз жұмысшыларына қамқорлықпен қарайтын 
менеджерлер жақсы табысқа жетеді. Бұл менеджерлер басқаратын 
адамдарына, олардың алдына қойған мақсатын орындау үшін барынша 
жайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Арақатынас жəне іс-əрекет туралы мектеп 1950 жылдан бері қарай 
жұмыс істеуде. Бұл мектептің алдына қойған мақсаты басқару сала-
сына кибернетика, математика мен статистика, жобалау, болжам-
дау жəне элдектронды-есептеу құралдарын менеджент мəселелерін 
шешу жұмысына қолдану əдістемелерін жетілдіру болып табылады. 
Алайда, бұл бағыттарды менеджментте қолдану барысында күтілетін 
нəтижелер ойдағыдай бола бермейтіндігін естен шығаруға болмайды. 
Менеджментке үдеріс ретінде қарау А. Файольдің еңбектерінде терең 
орын алған. Оның негізінде басқарушылық ұғым жатыр. Ол белгілі бір 
мақсатқа қол жеткізу үшін бір-бірімен тығыз байланысты қимылдар 
жасау керектігін көрсетті. 
Барлық қызметтердің жиынтығы басқару үдерісін құрайды. Ме-
неджмент қызметінің маңыздылығы туралы ғалымдардың түсінігі 
уақыт өте келе өзгеріске ұшырауда. Ол көптеген себептерден туын-
дап отыр. Оның ішінде экономикалық, қоғамдық, мəдени себептермен 
қатар, ғылымның да өзіндік əсері бар. ХХ ғасырдың 50 жылдарында 


212
менеджменттің ең басты қызметі денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру 
деп есептелсе, қазіргі кезеңде – үйлестіру деп санайды. 1960-1970 жыл-
дары менеджменттің жүйелі əдістемесі сандық əдістемемен қатар дамы-
ды. Менеджментте бұл əдістемелер əртүрлі басқарушылық мəселелерді 
сараптауда қолданылады. Əсіресе, ұйымдастырушылық құрылымдар-
ды сараптауда, əртүрлі құрылымдық бөлімдер байланысының жалпы 
ұйым қызметіне тигізетін əсерін есепке алу қажеттігі туындағанда 
сандық жəне сапалық əдістемелермен қатар жүйелі əдістемені қолдану 
жақсы нəтижесін береді.
Жүйелі əдістеме дегеніміз – басқарушылар үшін қажетті шарттардың 
жиынтығы емес, керісінше, ұйымдастыруға жəне басқаруға байла-
нысты ойластыру əдістемелері. Жүйе – ол бір-біріне тəуелді бөліктер-
ден тұратын бірегейлік белгісі. Оның əрбір бөлігі жалпы ортақ бірлік-
тің сипатына өзіндік үлесін қосады. Жүйелердің екі негізгі түрі 
бар: ашық жəне жабық жүйелер. Жабық жүйенің қатаң белгіленген 
шекарасы бар. Оның іс қимылдары жүйені қоршаған ортаның əсерінен 
тəуелсіз болады. 
Алайда жүйелердің басым бөлігі ашық болып келеді жəне 
қоршаған ортамен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Жағдаятты 
əдістеме белгілі жағдайларға үйлестірілген жобалар мен бəсекелестік 
əдістемелерді пайдалануға күш салады. Сол арқылы ұйымның ал-
дына қойған мақсатына қол жеткізуге ұмтылады. Бұл теорияның 
жақтастары, егер əкімшілік ұйымның құрылымы мен басқарушылық 
құрылымды қажетті міндеттерге, технологияларға, күтілетін нəтиже-
лерге, адамдардың ұмтылыстарына, қоршаған орта өзгерістеріне 
əдейілеп бейімдесе, онда бұл ұйым, өте тиімді жұмыс атқарады деп 
есептейді. Жағдаяттық теорияның пайымдауынша əртүрлі сұранысы 
мен себептері бар адамдардың тиімді жұмыс атқаруы үшін əртүрлі 
басқарушылық құрылымдық саясатты жүргізу қажет. ХХ ғасырдың 
60 жылдарында Америка Құрама Штаттарында (Лоренс пен Порш) 
жəне Ұлыбританияда (Бернс жəне Сталклер) жүргізген зерттеулер, 
базардың сұранысының өзгеруіне дер кезінде бейімделуге ұмтылатын 
ұйымдар басқару құрылымын ұдайы өзгертіп отыратындығын 
анықтайды. 
Менеджмент туралы қазіргі замандағы көзқарас дүниежүзіндегі 
қоғамдық дамудың объективтік өзгерістеріне сай қалыптасуда. 
Оның негізгі себебі ғылыми-техникалық жетістіктер жəне əлемдік 
экономиканың құрамдық өзгерістері болып табылады. Экономиканың 
нарықтық бағытқа бет алуы басқару үдерісінің шарттарын қайта 
қарауды талап етті. 
Қазіргі таңда басқару жүйесі адамдық немесе əлеуметтік сипатқа 
ие болуда. Өндірісте шығарылатын тауарлардың көлемін артты-
рудан, олардың сапасын арттыруға, тұтынушылардың сұранысын 
қанағаттандыруға бет бұруда. 
Заманауи менеджмент ұйымдастыру мəдениетінің рөлін арттыру-


213
ға, жұмысшылардың ынтасын жоғарылатуға жəне басқару тиімділігін 
көтеруге көп көңіл бөлуде. Ұйымдастыру мəдениеті басқарудың ең 
маңызды құралы болып табылады. Бұл əдістеме басқару саласын-
да тарихи қалыптасқан əдет-ғұрыпқа, құндылықтар мен шарттарға 
жүгінеді жəне ұйым ішіндегі қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас
үдерісінің қалыптасуы барысында туындаған заманауи өзгерістерді де 
есепке алады.
Басқару үдерісін ұйымдастыруда стратегиялық жоспарлау əдісіне 
жиі көңіл бөлінуде. Себебі қоршаған ортаның күрт өзгерістері, 
технологияның жылдам дамуы жəне күнделікті тəжірибеге 
жаңалықтардың ұдайы енгізілуі, бəсекелестіктің жəне нарықтың 
қатаңдануы менеджменттің жаңа əдістерін қолдануды талап етуде. 
Соңғы жылдары басқарудың құрылымы өзгеріске ұшырап, оның 
бір орталықтан басқару жүйесінен аластауы байқалады. Ұйымдастыру 
жүйелері көбінесе басқаруға кедергі келтіретін себептерді анықтауға 
жəне оларды шешудің жолдарын белгілеуге арналған жұмыстармен ай-
налысуда. Менеджменттің болашағы мол бағытының бірі – халықаралық 
қатынастарға байланысты туындайтын басқару мəселелерін зерт-
теу болып табылады. Егер дүниежүзінде бірыңғай экономиканың 
қалыптасқандығын мойындасақ, онда басқару үдерісінде халықара-
лық қатынас мəселесіне баса көңіл бөлу керектігі туындайды. Замана-
уи менеджменттің даму үдерісін техниканың даму үдерісінен бөлектеп 
қарауға болмайды. Сондықтан, заманауи менеджментті тар шеңберде 
қарастырмай, оны жүйе ретінде қарау қажет деген терең көзқарастар 
жиі айтылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет