249
29-кесте. Əртүрлі созылмалы бейэпидемиялық аурулардың
қалыптасуына денсаулыққа қатерлі себептердің қосатын
үлесі (% есептегенде )
Аурулар,
қайғылы
оқиғалар,
өзіне
қол салу
Қатерлі себептер
өмір сүру
салтының
денсаулыққа
жайсыз
себептері
генетика
лық себеп-
тер
сыртқы
ортаның
ластануы
денсаулық
сақтау
жүйесінің
кемшіліктері
Бауыр циррозы
70
18
9
3
Жүрек ишемия-
сы ауруы
65
17
13
5
Көлік
жарақаттары
65
3
27
5
Ми қан
тамырларының
зақымдануы
60
18
12
10
өзге қайғылы
оқиғалар
55
5
30
10
өзіне қол салу
55
25
15
5
Онкологиялық
аурулар
45
26
19
10
өзге жүрек-қан
тамыры аурула-
ры
40
35
17
8
Қант диабеті
35
53
2
10
өкпе
эмфиземасы
мен демікпе
35
15
40
10
Пневмония 19
18
43
20
Туа біткен
кемістіктер
39
19
30
12
Барлық негізгі созылмалы бейэпидемиялық аурулардың жəне көлік
жарақаттарының туындауына алып келетін негізгі себептер өмір сүру
салтының денсаулыққа жайсыз əсер ететін себептері екендігі айқын
көрініп тұр. Олардың үлес салмағы, əсіресе бауыр циррозының (70%).
Жүрек ишемиясы ауруының (65%), көлік жарақаттарының (65%) ми
қан тамырларының зақымдануының (60%), өзге қайғылы оқиғалар мен
өзіне қол салу оқиғаларының (55%-дан) қалыптасуында өте жоғары
жəне 55%-дан 70%-ға дейін жатады. Бұл себептердің онкологиялық
250
аурулардың, қант диабетінің, өкпе
эмфиземасы мен демікпенің
қалыптасуында да (35-40%) алатын үлес салмағын аз деп айтуға бол-
майды. Өкпе рагының қалыптасуында темекі тарту оқиғаларының
қосатын үлесі 70-90% дейін жететіндігін көрсеткен ғылыми зерттеу
жұмыстарының нəтижелері де аз емес. Аурулардың қалыптасуында
генетикалық себептердің алатын орны да жоғары. Əсіресе, қант
диабетінің (53% ), жүрек қан тамыры аурулары мен қант диабетінің
(35%), рак ауруларының (26%), өзіне қол салу оқиғаларының (25%),
жүрек ишемиясы, ми қан тамырларының зақымдануы, пневмония мен
цирроз ауруларының (17-18%) дамуына алып
келетін себептердің ішінде
генетикалық қауіптіліктің үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Жеке
онкологиялық аурулардың қалыптасуында генетикалық себептердің
атқаратын рөлі 100%-ға дейін жетеді.
Соңғы жылдары жер беті тұрғындарының денсаулығына аса
үлкен қатер төндіріп отырған себептердің қатарына қоршаған сыртқы
ортаның əртүрлі химиялық поллютанттармен ластануы, климаттың
өзгеруі жатқызылуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелері
экологиясы бұзылған аумақ тұрғындарының созылмалы ауруларының
жоғары деңгейде қалыптасуына (60-80%) қоршаған ортаны ластаушы
ауыр металлдар мен улы химиялық заттардың кінəлі екендігін дəлелдеп
отыр. Ондай экологиясы бұзылған аумақтар қатарында Жамбыл-
Қаратау фосфор
биогеохимиялық провинциясы, Арал өзенінің тар-
тылуынан қалыптасқан экологиялық бұзылыс аумағы, Шымкент,
Өскемен, Жезқазған, Қарағанды сияқты өндірісі дамыған қалалардағы
биогеохимиялық жағдайларды жатқызуға болады. Сыртқы ортаның
ластануы əсіресе өкпе эмфиземасы мен демікпе ауруының (40%),
пневмония ауруының (43%), балалардың туа біткен кемістіктерінің
(27-35%), оның ішінде жүректің, мидың, бүйректің жəне өзге маңызды
органдардың кемістіктерінің қалыптасуына ерекше үлесін қосады
(30%).
Отандық
ғалымдардың пайымдауынша, денсаулықтың
қалыптасуына үлес қосатын негізгі себептердің қатерлілік қуаты
олардың өмір сүру ортасындағы таралу деңгейіне жəне қалыпты шама-
лардан қаншама жоғары екендігіне тікелей байланысты. Əрбір қатерлі
себептің таралу деңгейіне қоғамның, жеке адамдардың, мемлекеттік
саясаттың тигізетін өзіндік əсері бар. Сондықтан қоғамдық денсаулықты
мемлекетте қалыптасқан əлеуметтік-экономикалық,
экологиялық-
гигиеналық, медициналық-биологиялық жағдайлардан бөлектей оты-
рып қарастыруға болмайды.
Осы қағиданы шетелдердің белді ғалымдары да мақұлдайды.
Америка Құрама Штаттарында денсаулыққа қауіпті өмір сүру сал-
ты себептерінің қатарына темекі тарту, алкогольдік ішімдікке салы-
ну, үйлесімді тамақтанбау, дистресстер, зиянды еңбек ету жағдайы,
гиподинамия, төмен физикалық белсенділік, наркотиктер қабылдау
251
жəне дəрі-дəрмектерді шамадан тыс қолдану, отбасындағы жəне
қызмет
орнындағы жайсыз арақатынас, төмен деңгейдегі білім мен
мəдениетсіздік сияқты себептер жатқызылады.
Өмір сүру салты бірінші кезекте адамдардың əдеттерімен, олардың
психологиялық ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Сондықтан
бұл себептерді де жан-жақты зерттеу, адамдардың психологиялық
ұстанымдарын салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға дұрыс
пайдаланудың тиімділігі өте үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: