Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Кепілдендірілген тегін медициналық қызмет аясында берілетін  медициналық көмекті бір мемлекеттік орталықтан төлеу



Pdf көрінісі
бет60/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.


Кепілдендірілген тегін медициналық қызмет аясында берілетін 
медициналық көмекті бір мемлекеттік орталықтан төлеу;

Еліміздің медициналық-əлеуметтік кешенін басқаруда экономи-
калық механизмдерді қолдану;

Пациенттердің емделетін дəрігері мен медициналық ұйымдарды 
өз еркімен таңдау шартын ендіру;

Медициналық көмекті көрсету үдерісінің ашықтығы жəне бəсе-
келестік ортаны қалыптастыру болып табылады. 
Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің міндеттері: 
1. Стационарлық жəне стационардың орнын басатын медициналық 
көмек аясында кепілдендірілген тегін медициналық көмекті қар-
жыландыратын бірегей төлегішті құру.
2. Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің соңғы нəтижеле-
ріне қарай қаржыландырудың жаңа моделін тəжірибеге ендіру.
3. Денсаулық сақтау жүйесі субьектілерін басқарудың заманауи 
шарттарын тəжірибеге ендіру, мəліметтердің электронды жүйесін жəне 
салалық статистикасын дамыту.
4. Аккредитация жүргізу, денсаулық сақтау субъектілерінде ішкі 
аудит жүйесін дамыту жəне медициналық қызметтің сапасын тəуелсіз 
сараптау шараларын жүзеге асыру.
5. Еңбекақыны төлеуді соңғы нəтижелеріне қарай жүзеге асыру.
Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойған 
мақсатын орындау жəне осыған сай қаражатпен қамтамасыз ету үшін 
мемлекеттің, жұмыс қожалықтарының жəне азаматтардың бірлескен 


188
жауапкершілігі қарастырылады. Қазақстан Республикасы денсаулық 
сақтау ісінің Бірыңғай Ұлттық жүйесін ендіру екі кезеңде жүзеге асы-
рылады. 
Оның 1 кезеңі 2010 жылдан 2015 жылға дейін жалғасады. Бұл 
кезеңде науқастарды стационарда жəне стационардың орнын баса-
тын мекемелерде емдеу барысында (психиатрлық, инфекциялық 
жəне туберкулез ауруларынан басқа патологиялар) кепілдендірілген 
тегін медициналық көмек көлемін қаржыландыратын бір төлемгерді 
құрады.
Екінші кезең 2016 жылдан 2020 жылға дейін жалғасады. Бұл 
кезеңде жеке бастың денсаулығы мен қоғамдық денсаулықтың 
қалыптасуына мемлекеттің, қожалықтардың жəне азаматтардың 
біріккен жауапкершілік балансы анықталады.
Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жүзеге асыру 
нəтижесінде мынадай табыстарға қол жеткізіледі:
1. Əртүрлі қожалықтағы медицина ұйымдары арасында бəсекелестік 
орта қалыптасуы жəне пациенттердің дəрігерді жəне медицина ұйымын 
өз еркімен таңдау шарты ендіріледі;
3. Тұрғындардың, саланың жəне мемлекеттің сұранысын қана-
ғаттандыратын, тарифтік саясаттың өзгеруіне жəне бірегей төлемдер 
шартына негізделген, соңғы нəтижеге иек артатын кепілдендірілген 
тегін медициналық көмекті қаржыландырудың озық моделі жасалады;
3. Денсаулық сақтау субъектілерін электронды ақпараттық жүйенің 
жəне салалық статистиканың дамуы негізінде жасалған басқарудың 
заманауи шарттары қолданысқа ендіріледі;
4. Медициналық қызмет сапасын басқарудың тиімді Халықаралық 
стандарттарын ендіру арқылы (аккредитация, тəуелсіз сарапшыларды 
тарту арқылы ішкі аудит жүргізу) пациенттер сапалы жəне қауіпсіз 
медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі;
5. Медицина қызметкерлерінің еңбекақысын олардың жұмысында 
қол жеткізген соңғы нəтижелеріне сүйене отырып тағайындау əдісі 
ендіріледі;
6. Денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттен жəне 
тұрғындардың қалтасынан бөлінген қаржыны пайдалану тиімділігі 
артады. Оның ішінде, стационарлық звеноның жұмысын барынша 
тиімді ұйымдастыру арқылы денсаулық сақтау жүйесінің экономикасы 
жетілдіріледі.
7. Медициналық қызмет көрсету саласында ашық антикорупциялық
орта қалыптасады жəне неформалдық төлем азаяды;
8. Адамдардың өз денсаулығын сақтауға деген ынтасы артады 
жəне мемлекет пен азаматтардың денсаулықты қорғаудағы бірдей 
жауапкершілік шарты қалыптасады.
Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ендіруден дұрыс 
нəтижелерге қол жеткізу механизмдері:


189
1) Медициналық қызмет көрсетушілер үшін нақты экономикалық 
ынталандыру;
2) Қолданылған шаралардың нəтижелілігін бағалауға жəне меди-
цина қызметкерлерінің еңбекақысын соңғы қол жеткізген табыстарына 
сай қалыптастыруға арналған көрсеткіштер жүйесін қолдану;
3) Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің қызметтік 
жауапкершілігін нақты етіп бөлектеу;
4) Денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту;
5) Жеке бастың денсаулығына жəне қоғамдық денсаулыққа 
мемлекеттің, жұмыс қожалықтарының жəне азаматтардың бірегей 
жауапкершілігінің балансын анықтау механизмін ендіру;
6) Барлық жұмыстардың ашықтығын, қадағалауда болуын жəне 
коррупциялық элементтерден толық арылуын қамтамасыз ету.
Концепцияны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен 
механизмдері:
Концепцияны жүзеге асыру үш бағытта жүреді, оның ішінде, 
денсаулық сақтау саласында əкімшілік оңтайландыру, медициналық 
қызметтің сапасын тоқтаусыз арттыру жəне денсаулық сақтау саласын 
қаржыландыру ісін жетілдіру жұмыстары бар. Денсаулық сақтау сала-
сында əкімшілік оңтайландыру жұмысы мынадай жолдармен жүзеге 
асырылады:
- орталықтың жəне жергілікті деңгейдің мемлекеттік ұйымдарды 
иелену жəне басқару қызметіне, кепілдендірілген тегін медициналық 
көмекті сатып алуына шектеу қойылады. Осы міндетті шешу 
мақсатында бірегей төлемгер тағайындалады. Ол Қазақстан Республи-
касы денсаулық сақтау Министрлігі болуы тиіс;
- бюджеттік заң бойынша мемлекеттік қызмет оны алушыларға 
барынша жақын орналасуы қажет. Денсаулық сақтау Министрлігінің 
Мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмектің ақысын 
төлейтін жергілікті аумақтық органының жоқтығын есепке ала отырып, 
осы міндет əрбір облыста медициналық қызметтің төлемін қамтамасыз 
ету комитетінің аумақтық органына жүктеледі;
- аймақтық медициналық қызметтің төлемін қамтамасыз ету 
комитеті осы күнге дейін жұмыс істеп келген медициналық қызмет 
көрсету жəне фармацевтика саласын бақылау комитетін қайта құру 
арқылы ұйымдастырылады;
- денсаулық сақтау субъектілеріне басқарушылық шешімдерді 
қабылдауда автономиялық құқық беріледі. Осы міндетті жүзеге асы-
ру үшін мемлекеттік мекемелер қазыналық өнеркəсіпке, ал қазыналық 
өнеркəсіп, шаруашылық жүргізу құқығы бар өнеркəсіпке айналады;
- денсаулық сақтау субьектілерінің автономиялық құқығын артты-
ру жұмысы мен мекеме басшыларын менеджмент сұрақтары бойынша 
қайта даярлау жұмысымен, бір кезеңде іске асырылады;


190
- медициналық қызмет сапасын сырттай мемлекеттік бақылау 
құқығы жаңа құрылып жатқан тəуілсіз сараптаушылар институты-
на беріледі. Осы шара пациенттер мен медицина қызметкерлерінің
мемлекеттік бақылау қызметіне деген сенімділігін арттырып, бақылау 
орындарындағы коррупцияның төмендеуіне алып келеді;
- медициналық қызмет сапасын тоқтаусыз арттыру міндетін шешу 
жұмысы бағалаудың екі сатылы моделін жасау арқылы шешіледі: 
сырттай бағалау, мемлекеттік органдардың жəне іштей бағалау (аудит),
денсаулық сақтау ұйымының күшімен жүзеге асыралады.
- Ұйымдастырылып жатқан жүйе жергілікті қызмет міндеттерінің 
3% ғана орталық деңгейге берілуін қамтамасыз етеді. Азаматтардың 
денсаулығы қорғау қызметінің 97% жергілікті атқарушы əкімшіліктің 
қолында қала береді. Жалпы соматикалық ауруларға арналған аумақтық 
емдеу-профилактика ұйымдары жергілікті атқарушы əкімшіліктің 
коммуналдық меншігінде қалады, ал үкімет денсаулық сақтау 
министрлігі арқылы, медициналық қызметті сатып алушы (төлемгер) 
ретінде жұмыс істейді.
- Бақылау қызметінің əдістемелері қайта қаралады, ол бақылау-
қадағалау шараларынан сапа индикаторларын жəне медициналық 
көмектің нəтижелілігін тоқтаусыз мониторлау жүйесіне көшеді. Бұл 
жағдай мемлекеттік бақылау жүйесінің ашықтығын арттырады. 
Денсаулық сақтау жүйесінің есебін, тұрғындардың осы сала туралы 
көзқарасын баспасөз жəне электронды ақпарат құралдарында кеңінен 
жариялауға жəне рейтингтік бағалау жүйесін енгізуге жағдай туады. Со-
нымен денсаулық саласында жүргізілетін оңтайлау осы жүйені тиімді 
жəне ашық басқару жүйесіне өтуді қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау 
ұйымдарын мемлекеттік қалыпты шамаларға сай қайта құрып, оларды 
басқарудың кəсіби институтын ендіруге жəне бұл саладағы коррупция-
ны барынша төмендетуге жағдай туғызады. Медициналық қызметтің 
сапасын тоқтаусыз арттыру үшін медициналық көмектің əрбір кезеңінде 
жоғары сапа қамтамасыз етілуі қажет. Оны іштей жүргізілетін сапа-
ны басқару қызметі бақылайды. Іштей аудит қызметінің құқығы əрбір 
денсаулық сақтау ұйымында одан ары күшейтіледі. Оның міндеті 
ұйымда пайда болған өзекті мəселелерді анықтап, олардың шешу жо-
лын жасау жəне тəжірибеде жүзеге асыру болып табылады. Ішкі аудит 
қызметі тұрғындардың денсаулық сақтау ұйымы көрсеткен қызметінің 
сапасы туралы арыздарын бастапқыда өзіне бағыттайды, ал уақыт өткен 
сайын бұл арыздардың санын барынша азайтуға жағдай туғызады. 
* Аккредитацияны, іштей аудит қызметін, тəуелсіз сараптау комис-
сияларын денсаулық сақтау жүйесіне енгізу медициналық көмек беру 
үрдісінің ашық болуына, бəсекелестік ортаның қалыптасуына жəне 
пациенттердің дəрігерді жəне медицина ұйымын өз еркімен таңдауына 
жол ашады. 


191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет