143
рецепт жазу;
1,9
-
1,4
1,5
1,4
1,1
еңбекке
жарамсыздық
парағын тол-
тыру;
1,4
0,7
1,7
2,7
1,4
0,6
бағытнама
толтыру;
1,4
-
1,8
1,5
1,6
0,9
өзге жұмыстар
-
-
-
2,2
3,6
Зерттеу нəтижелері емхана дəрігерлерінің əртүрлі жұмыстарды
атқаруға жұмсайтын уақытында бір-бірінен аса үлкен айырмашылық
жоқ екендігін көрсетті. Мысалы, емдеу-диагностика жұмысын
атқаруға орташа есеппен 3,4 минуттан (хирург) 5,2 минутқа (офталь-
молог) дейін кететіндігі анықталды.
Медициналық құжаттарды
толтыруға 2,8 минуттан (хирург) 3,8 минутқа дейін (учаскелік тера-
певт) жұмсалатындығы немесе ауруды қабылдауға кететін уақыттың
40% кететіндігі байқалады. Хирургтың емдеу-диагностикалық
жұмыстарының ішінде ауруларды сұрастыруға орта есеппен 1,1 ми-
нут кетеді. Учаскелік терапевтердің осы істерді атқаруға жұмсайтын
уақтысы 1,1 жəне 1,8 минутқа тең келсе, невропатологтар арасында
1,3 жəне 1,8 минут кетеді екен. Хирургтардың ауруды қарауға жəне
тексеруге жұмсайтын уақтысы 1 минуттай болса, терапевтік бөлім
меңгерушісінің жұмсайтын уақтысы 2,9 минутқа дейін жетеді. Емха-
на дəрігерлерінің барлығы дерлік медициналық құжаттарды толтыруға
орта есеппен 2,6 минут, ал рецептерді толтыруға орта есеппен 1,5 ми-
нут жұмсайтындығы анықталды. Сонымен, емхана дəрігерлерінің
науқастарды қабылдау жұмыстарын
дұрыс хронометраждау, медицина
мекемесінің қызмет тиімділігін арттырудың ең тиімді жолы болып та-
былады.
1) Денсаулық сақтау саласына басқарудың экономикалық əдістерін
енгізу емдеу-профилактикалық мекемелерінің бəсекелестікке қабілет-
тілігін арттыруды талап етуде. Сондықтан стационарлық медицина
мекемелерін бүгінгі күннің талабына сай етіп қайта құру жұмыстары
қолға алынуда. Қайта құру жұмыстары негізінен мынадай бағытта
жүзеге асырылуда:
Емдеу-профилактикалық үрдістің жоғары қарқындылығын қам-
тамасыз ететін ауруханаларды ұйымдастыру. Бұл ауруханаларда шұ-
ғыл жəне қарқынды жүргізілетін медициналық көмек беріледі. Осын-
дай емдеу-профилактикалық мекемелер
қажетті заманауи медицина-
лық құралдармен, аспаптармен жабдықталып, жоғары білікті дəрігер
144
мамандармен толыққанды қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, ау-
руларды сапалы емдеуге қажетті дəрі-дəрмектер де тоқтаусыз бөлінуі
қажет. Осындай стационардағы төсек-орындардың саны жалпы
ауруханалық төсек-орындардың 20%-ын түзеуі керек. Науқастардың
осы стационарда емделу күндері өте қысқа. Олардың жағдайы оңала
бастағанда өзге емдеу мекемелеріне ауыстырылады.
2) Орта мерзімді ұзақтықта жоспарлы емдеу шараларын алу-
ды қажет ететін науқастарға арналған
ауруханаларды немесе
бөлімшелерді ұйымдастыру. Бұл ауруханада қалыпқа келтіру шарала-
ры жүзеге асырылады. Сондықтан бұл стационарларды жабдықтау, ма-
мандармен қамтамасыз ету, аурулардың төсек-орында жату ұзақтығы,
қызметкерлердің еңбек етуі бойынша стандарттары мүлдем өзгеше
болады. Осындай ауруханалық мекемелердің төсек-орындары жалпы
стационарлық төсек-орындардың 50%-ын түзеуі тиіс.
3) Емдеуді аяқтауға жəне реабилитациялық шараларды жүзеге
асыруға арналған ауруханалар көбінесе созылмалы аурулары бар
науқастарды емдеуге арналған стационарлық мекеме болып табыла-
ды. Олардың төсек-орындарының саны
жалпы ауруханалардың төсек-
орын қуатының 20%-ын құрайды.
4) Медициналық-əлеуметтік ауруханалар (бөлімшелер) медбикенің
күтімін қамтамасыз ететін медицина мекемесі болып табылады. Олар-
ды шетелдерде Хоспистер деп атайды. Бұл ауруханаларға науқастарды
əлеуметтік қамсыздандыру жəне денсаулық сақтау органдары жібереді.
Бұл мекемелердің төсек-орындарының саны жалпы ауруханалардың
төсек-орындары қуатының 20%-ын құрайды. Сонымен, қазіргі ауру-
ханалық мекемелер жоғары дəрежеде мамандандырылған жəне ең озық
заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған стационарлар
болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі қайта құру жұмыстары
стационарлық көмекті барынша сапалы жəне мамандандырылған етіп
ұйымдастыруға,
бос төсек-орындарды қысқартып, науқастардың ау-
руханада жату мерзімін барынша төмендетуге, стационардың жеке
қызметтерін амбулаторлық-емханалық мекемелерге беруге негізделген.
Қазіргі кезде жартылай стационарлар мен стационарлардың орнын ба-
сатын мекемелер ауруханалардың беретін медициналық көмектерінің
15% өз міндеттеріне алып отыр. Халықаралық стандарттар бойынша
ауруханалардың қуаты 600-800 төсек-орыннан тұруы қажет. Ал оның
ең төменгі қуаты 300-400 төсек-орынмен шектеледі. Осындай қуатта
жұмыс атқаратын ауруханаларда 5-7 дəрігерлік
мамандық бойынша
төсек-орындар жайғастыруға мүмкіндік бар.
Қалалық аурухана жаңа медициналық технологияларды қолдана
отырып, тұрғындарға білікті жəне мамандандырылған медициналық
көмекті ұйымдастыратын емдеу-профилактикалық мекеме болып та-
былады. Медициналық көмектің түріне, көлеміне, сипатына жəне
қызметті ұйымдастыру ереекшелігіне қарай қалалық аурухананы
бірнеше түрге жіктейді:
145
саласына қарай – көпсалалы немесе мамандандырылған;
ұйымдастыру ерекшелігіне қарай – емханамен біріктірілген немесе
біріктірілмеген (24-кесте);
қызмет көрсету көлемі жағынан – əртүрлі категориядағы (төсек-
орын қуаты) ауруханалар.
Емдеу профилактикалық жұмыстың ең маңызды бағытының бірі
– ауруларды тексеруде жəне емдеуде емхана
мен стационардың бірге
қоян-қолтық қимылдауын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жұмыс
төмендегідей жолдармен жүзеге асырылады:
Емхана мен стационар дəрігерлерінің госпитализацияға жіберілген
жəне стационарлардан шығарылған науқастың жағдайы туралы бір-
бірін хабардар етуі арқылы жүзеге асырылады. Госпитализацияға
жіберілген науқасқа аурудың амбулаторлық картасынан көшірме,
ал стационардан шыққан науқасқа аурудың тарихының көшірмесі
беріледі. Бірінішісі стационардың емші дəрігеріне, ал екіншісі
емхананың дəрігеріне тапсырылады.
Стационардың дəрігерлері диспансеризация жұмыстарына белсенді
түрде тарту арқылы жүргізіледі.
24-кесте. Біріктірілген қалалық аурухананың құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: