Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78



Pdf көрінісі
бет45/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

4-тарау.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Денсаулық сақтау жүйесі тұрғындарды əртүрлі медициналық 
көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыра-
тын медицина мекемелерінің құқықтық базасы мен мамандармен 
қамтамасыз ету жұмыстарын қамтиды. Заңдық негіздерде емдеу-
профилактикалық, алғашқы медициналық-санитарлық жəне арнайы 
медициналық көмек қарастырылған. Алайда медициналық-əлеуметтік 
көмекті жіктеудің өзге де түрлері бар. Емдеу-профилактикалық көмекті 
көбінесе ауруханадан тыс (амбулаторлық-емханалық), ауруханалық 
(немесе стационарлық), жедел жəне күттірмейтін, реабилитациялық 
жəне санаторлық-курорттық медициналық көмектерге жіктейді. 
Медициналық көмектің көрсетілу деңгейіне немесе біліктілігіне қарай 
дəрігерге дейінгі, дəрігерлік, білікті, арнайы (мамандандырылған) жəне
аса мамандандырылған білікті көмек деп жіктейді. Алайда, емдеу-
профилактика үдерісін, реабилитациялық жəне профилактикалық 
көмекті осылайша жіктеу оның мағанасын толық ашып көрсете ал-
майды. Себебі медициналық көмек - өте күрделі жəне көп деңгейлі
механизм. Оның элементтері үнемі өзгеріске ұшырап отырады жəне
бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, емхананың құрамында стаци-
онарлар болуы мүмкін. Санатарлық-курорттық көмекті ұйымдастыру-
да амбулаторлық мекеменің жұмысы да қарастырылуы ықтимал. 
Ал диспансерлердің құрамында емхана мен стационарлық бөлімдер
бар. Денсаулық сақтау жүйесі біздің елде салалық құрылымда 
ұйымдастырылған. Оның мынадай салалары бар:
1) емдеу-профилактикалық (амбулаторлық-емханалық, аурухана-
лар, диспансерлер, жəне т.б.);
2) Ана мен балаларға арналған медициналық көмек;
3) Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет;
4) Медициналық-фармацевтикалық өндіріс, дəріханалық мекеме-
лер мен шаруашылықтар;
5) Медициналық білім мен ғылым – жоғарғы жəне орта медициналық 
оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары;
6) Санаторлық-курорттық мекемелер;
7) Патологоанатомиялық, сот-психологиялық сараптау қызметі;
Жоғарыда аталған ұйымдар (мекемелердің түрлері) медициналық 
көмек жүйесінің негізін құрайды жəне мемлекеттің қаржысына 
сүйенеді.
Емханадағы ауруларға көрсетілетін медициналық көмек тера-
певттік, педиатриялық жəне жеке дəрігерлік мамандықтар бойын-
ша беріледі. Жеке мамандықтардың ішінде хирургиялық, акушерлік-
гинекологиялық, кардиоревматологиялық көмек көрсетілуі мүмкін.


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет