Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


құрылымдарына таралуы мен бөлмелердің жұмыс атқару



Pdf көрінісі
бет48/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

құрылымдарына таралуы мен бөлмелердің жұмыс атқару 
қауырттылығы (күніне 1000 адамға балап есептегенде)
Құрылымдық 
бөлімдер
Алғашқы 
жіктелу
Екіншілей жіктелу
Тіркеу-
ден 
өткен 
соң
Дəрігердің 
қабылдауы- 
нан 
кейін
Диагно-
стика-
лық 
кабинет-
тен 
өткеннен
кейін
Физио-
тера-
певтік 
бөл-
меден 
кейін
Процеду-
ра бөл-
месінен 
кейін
І. Тіркеу:
430,0
20,2
57,4
6,7
2,3
5,4
Қабылдауға 
жазылу
328,6
-
-
5,5
2,3
5,4
Медициналық
емханалық 
картаны іздеу
-
7,4
8,2
1,2
-
-
Анықтама алу
99,8
12,8
7,7
-
-
-
Құжаттарды 
толтыру
2,2
-
43,0
-
-
-
ІІ. Дəрігерлер 
бөлмелері:
186,0
171,1
96,1
3,2
5,1
11,0
терапевттер
54,0
74,7
29,8
1,2
0,8
5,7
өзге мамандар
132,0
96,0
66,9
2,0
4,3
5,3
ІІІ. Диагности-
калық 
бөлмелер
105,0
14,5
30,9
2,6
0,5
1,4
ІV. Физиоте-
рапев
тік бөлмелер
95,0
3,7
28,4
1,1
-
5,5
V. Процедура 
бөлмесі
158,0
13,8
22,7
2,7
6,4
-
Құрылым-
дарға таралу 
қорытындысы
974,0
223,3
235,5
16,3
14,3
23,3
Емханадан 
кетті
26,0
114,0
135,5
91,9
75,8
118,8
Барлығы
1000
337,2
371,0
108,2
90,1
142,1


139
Сондықтан олар қабылдауға тағайындалған уақытта емханаға 
қайталай келуі тиіс. Дəрігердің қабылдауында болған науқастардың 
47% емхананың бірнеше бөлмелерінде болады. Сонымен бірге, 
науқастардың айтарлықтай бөлігі (15%) тіркеу бөліміне қайта оралып, 
медициналық құжаттарды толтырады немесе медициналық картасын 
іздетеді (2,5%) жəне қажетті мəліметтер алады (2%). Бір дəрігерге 
қаралған науқастардың 38%ғана емханадан үйге қайтады. Бастапқыда 
диагностика (85%), физиотерапия (84%) жəне процедура (83,6%) 
бөлмелеріне келген науқастардың көпшілігі емханадан тіке үйіне 
қайтады. Тек қана олардың 15-17% өзге бөлмелерге қаралуға барады.
Сонымен, жоғарыда келтірілген деректер емханаға қаралғандардың 
басым бөлігі тіркеу бөлімі мен дəрігерлер бөлмелеріне келетіндігін 
көрсетті. Тіркеу бөлімінің аса маңызды қызметінің бірі, науқастардың 
дəрігерлерді үйіне шақыру оқиғаларын тіркеу болып табылады. Осы 
жұмысты атқаратын тіркеушінің міндетіне жататындар:
- дəрігерлер мен медицина бикелерін науқастардың үйіне шақыру 
оқиғаларын қабылдау жəне тіркеу;
- шақыру оқиғаларына қызмет көрсетудің жеделділік дəрежесіне 
жəне учаскесіне қарай бастапқы жіктеу жұмысын іске асыру;
- дəрігерді үйге шақырған науқастың медициналық-амбулаторлық 
картасын тауып қою:
- дəрігерлер мен медицина бикелерін науқастарға көмек көрсетуге 
қажетті медициналық құжаттардың бланкаларымен қамтамасыз ету, 
учаскелік дəрігерлер мен медбикелерді сумкалармен жабдықтау, емха-
на автокөліктерін бөлу.
Науқастардың дəрігерлерді үйіне шақыруы телефонмен немесе 
арнайы талондарды қолданып, өз бетінше дəрігерлерді шақыру жол-
дарымен жүзеге асырылады. Дəрігерді үйге шақыруды тіркеу бары-
сында науқастың төлқұжатық деректері, мекенжайы жəне шақырудың 
себептері жазылады. Тəжірибе көрсеткендей, дəрігерді үйге шақыру 
оқиғалары көбінесе (92 %) сағат 8-ден күндізгі 12-ге дейін жүзеге 
асырылады. Сондықтан науқастардың үйге шақыру оқиғаларын 
тіркеушіден талап етілетін жағдайға, олардың əрбір шақыруды мұқият 
жəне өте əдеппен қабылдауын қамтамасыз ету болып табылады. 
Аурудың емхана дəрігерін үйге шақыру оқиғасы журналда тіркеледі. 
Осыдан кейінгі дəрігердің аурудың үйінде кезекті медициналық көмек 
көрсетуін белсенді көмек деп атайды. Оны дəрігер өз еркімен аурудың 
шақыруынсыз жүзеге асырады. Дəрігер науқастың клиникалық-
диагностикалық зерттеуден өтуін жəне медициналық бикенің емдік 
шараларды жүргізуін қамтамасыз етеді. Қажетті жағдайда өзге 
мамандардың кеңесін ұйымдастырады. Науқастың халі нашарлап, го-
спитализациялауды қажет етсе, онда ол аурухананың стационарлық 
бөліміне жатқызылады. Егер науқас тек үй жағдайында көмекті қажет 
етсе, онда дəрігер медициналық көмекті оның үйінде ұйымдастырады 


140
немесе үйінде стационарлық көмек береді. Осы мақсатта қызыл айшық 
қоғамының белсенділері, əлеуметтік көмек беретін қызметкерлер мен 
патронаждық бикелер көмекке тартылады.
Жеке патологияларға байланысты амбулаторлық-емханалық меке-
мелерде емделіп жатқан науқастарға тегін медикаменттер алу үшін ар-
найы рецептер толтырылады. Науқастарға үй жағдайында медициналық 
көмекті ұйымдастыру үшін дəрігерлерге белгілі бір көлемде уақыт 
беріледі жəне оларға арнайы медициналық сумка бөлінеді Сумка-
да науқасты емдеуге жəне тексеруге қажетті медициналық құралдар, 
аппараттар жəне медикаменттер болуы тиіс. Осындай медициналық 
сумкалармен медициналық бикелер де қамтамасыз етіледі. Олар 
науқастарға барып, емдік шараларды жүргізеді немесе диспансерлік 
бақылау мақсатында науқастардың үйіне барып тексеріп отырады. 
Амбулаторлық-емханалық мекеменің жұмысын ұйымдастыруда бөлім 
меңгерушісінің атқаратын рөлі өте үлкен. Бұл қызмет емхананың 
терапевтік бөлімінде 9 дəрігерлік қызмет, ал хирургиялық бөлімде 8 
дəрігерлік қызмет орны болған жағдайда тағайындалады. Ал дəрігерлік 
қызметтердің саны аз болған жағдайда бір терапевтке меңгерушілік 
қызметті атқару жүктеледі. 
Бөлім меңгерушісінің міндетіне дəрігерлермен бірге емдеу-
профилактикалық жұмыстардың жоспары мен кестесін жасау, басқару 
жəне жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау, оның сапасы мен 
тиімділігін қамтамасыз ету, уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау, 
диспансерлік шараларды ұйымдастыру, профилактикалық тексеруді 
бақылау, науқастарды стационарға жатқызу, санаторлық-курорттық 
мекемелерге жіберу мəселелерімен айналысады. 
Бөлім меңгерушісінің аса маңызды міндеттерінің қатарына медици-
на қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, конференция өткізу, заманауи 
диагностика, емдеу жəне профилактика əдістерін игеруге бағытталған 
сабақтар ұйымдастыру, емдеу-диагностика жұмыстарының сапасы мен 
тиімділігін жүйелі түрде сараптау кіреді. 
Емханаларда төмендегідей оперативтік есепке алу құжаттары бо-
лады: дəрігерге қабылдау талоны, дəрігерді үйге шақыру оқиғаларын 
тіркеу журналы, амбулаторлық аурудың медициналық картасы, 
анықталған диагнозды тіркеуге арналған статистикалық талон, 
инфекциялық ауруды, астан улануды, жедел, кəсіби улануларды шұғыл 
хабарлама жасау құжаты, емхана, диспансер жəне медициналық кеңес 
беру мекемесі дəрігерінің жұмыс күнделігі, диспансерлік бақылаудың 
барысын қадағалау картасы, мақсатты медициналық тексеруге жататын 
тұлғалардың тізімі, диспансерлік бақылауға жататын аурулардың жал-
пы тізімі, еңбекке жарамсыздық қағазы, госпитализацияға бағытнама 
талоны, дəрігерлік кеңеске жəне қосымша бөлмелерге бағытнама, өлім 
туралы дəрігерлік куəлік, инфекциялық ауруларды есепке алу журна-
лы, дəрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысын жазуға арналған 


141
журнал, еңбекке жарамсыздық парағын тіркеу журналы, рецепт (ере-
сектерге, балаларға), құрамында наркотикалық заттары бар дəрілерді 
алуға арналған рецепт, тегін, 50,20 % өтемін төлеумен алатын дəрілерді 
жазатын рецепт.
Емханалық мекемеде медициналық статистика бөлмесі жұмыс 
істейді. Ол тікелей бас дəрігердің немесе емдеу ісі жөніндегі 
орынбасардың құзырына қарайды. Оның атқаратын істеріне 
статистикалық есепке алуды ұйымдастыру, құжаттарды жүргізу жəне 
олардағы деректердің шынайылығын қадағалау, қорытынды есепке алу 
құжаттарын жасау, жылдық жəне ауысымдық статистикалық есептерді 
жасау, статистикалық есепке алу жəне есеп беру құжаттарын құрастыру, 
жинақталған жəне құрастырылған статистикалық мəліметтерге сүйене 
отырып, емханалық мекеменің жұмысын сараптауға қатысу, ағымдағы 
жылдың есепке алу құжаттарын сақтауды ұтымды ұйымдастыру 
жұмыстары жатады. Бұл бөлменің мамандары емхананың өзге 
құрылымдарының қызметкерлерімен жəне жеке дəрігер мамандармен 
тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Əрбір емхананың ең басты құжаты жылдық статистикалық есеп бо-
лып табылады. Бұл құжатты белгіленген мерзімде жоғарғы басқарушы 
органға тапсыру қажет. Денсаулық сақтау мекемесінің басшыларына 
емханалық мекеме дəрігерлерінің жекелей атқаратын жұмыстарының 
қалыпты көрсеткіштерін белгілеу құқығы берілген. Оны жүзеге асыру 
барысында қызмет көрсету аумағындағы тұрғындардың демография-
лық құрамы, учас келердің орналасу тығыздығы мен аумағы, дəрігерлер-
дің автотраспортпен қамтамасыз етілу деңгейі, эпидемиологиялық 
ахуалы, мүгедектер мен диспансерлік аурулардың саны сияқты 
маңызды мəліметтер есепке алынады. Өндірістік қажеттілікке бай-
ланысты мекеме басшысы жеке құрылымдарды жойып, орнына 
жаңа құрылымдарды ұйымдастыруға немесе жеке құрылымдарды 
күшейтуге құқығы бар. Бірақ бұл өзгерістер мекеменің норматив бой-
ынша белгіленген қызметкерлер санынан аспауы тиіс. Еңбек туралы 
нормативтік актілер нұсқау ретінде қолданылады. Əртүрлі мекемелер-
де есептеулі нормативтер əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, учаскелік 
терапевтің алғаш рет науқасты қабылдауына 22 минут, кезекті 
қабылдауына 16 минут қарастырылған. Бір ауру бойынша учаскелік 
дəрігерге қаралу саны 2,5 рет деп белгіленген. Амбулаторлық қабылдау 
шамасы 1 сағатта ( 60 минут ) 3 адамға тең болу тиіс. Осыдан жыл 
бойы учаскелік дəрігерге орта есеппен 5600 қаралу оқиғасы тіркелуі 
қажет. Мемлекеттік кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек жо-
спары бойынша 1000 адамға балап есептегенде емханалық мекемеге 
9000 рет қаралу оқиғасы бекітілген. 
Емхана дəрігері аптасына 5 күн жұмыс атқарады. Қарастырылған 
6,5 сағаттық жұмыс күнінің 30 минуты емдеу-профилактикалық ша-
ралардан тыс істерге кетеді. Оның ішінде дəрігерлік конференция-


142
лар, қызметтік мəселелер бойынша келісу жұмыстары, жеке бастың 
жұмыстары бар. Емхана дəрігерінің жұмысын барынша тиімді 
ұйымдастыру үшін, олардың еңбек ету үдерісін жете тексеріп, əрбір 
қимылға жұмсайтын уақтысын анықтау қажет. Осының арқасында 
емхана дəрігерінің жұмысында орын алған кемшіліктерді дер кезінде 
анықтауға мүмкіндік туады (23-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет