Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Ауылдық дəрігерлік амбулаторидің құрамына кіретіндер



Pdf көрінісі
бет53/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

Ауылдық дəрігерлік амбулаторидің құрамына кіретіндер:
1) Есепке алу жəне медициналық статистика кабинеті.
2) Дəрігерлік қабылдау бөлмелері, терапевтік, педиатриялық, 
хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық жəне 
инфекциялық бөлмелер бар.
3) Көмекші-диагностикалық бөлмелер, оның ішінде: жабдықталған 
физиотерапевтік, зертханалық, рентгенологиялық бөлмелер.
4) Күндізгі стационар.
5) Əкімшілік-шаруашылық бөлім.
6) Фельдшерлік-акушерлік бекеттер, медициналық бекет, жеке 
қабылдау бөлмесі қарастырылмаған медицина қызметкерлері.
Ауылдық дəрігерлік амбулатории бекітілген нормативтер-
ге сəйкес медициналық қондырғылармен, құрал-саймандармен, 
шаруашылық мүліктермен жабдықталады. Бұл медицина мекемесі 
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдық құжаттарына 
жəне нормативтік құқықтық актілерге, уставына жəне белгіленген 
жағдайына сүйене отырып өз жұмысын ұйымдастырады. Дербес 
ауылдық дəрігерлік амбулаторияның құқықтық тұлға ретінде дөңгелек 
мөрі, арнайы бұрыштамасы жəне атауы жазылған бланкасы бола-
ды. Бұл мекеме белгіленген тəртіпке сай өз жоспарын құрастырып, 
қызметі туралы есебін береді, есепке алу құжаттарын жүргізеді. Осы 
жұмыстың бəрін денсаулық сақтау органдары тағайындайтын жəне бо-
сататын бас дəрігер (аға дəрігер) ұйымдастырады.
Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің екінші 
кезеңі – аудандық денсаулық сақтау мекемелерінде басталады. 
11–7438


162
Олардың қатарында: орталық аудандық аурухана, нөмірлі аудандық 
аурухана, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция, тубер-
кулезге қарсы диспансер, медициналық-санитарлық бөлім, аудандық 
инфекциялық аурухана, аудандық перзентхана бар. Аудандық ме-
дицина мекемелері аудан орталығында орналасады. Бұл жердегі ең 
маңызды жəне жетекші медициналық мекеме орталық аудандық ау-
рухана болып табылады. Осы мекемеде ауыл тұрғындарына негізгі 
дəрігерлік мамандықтар бойынша медициналық көмек беріледі. Бұл 
мекеме ауданның барлық емдеу-профилактикалық мекемелеріне 
ұйымдастырушылық-əдістемелік тұрғыда жетекшілік жасайды. 
Орталық аудандық аурухананың негізгі міндеттеріне аудан жəне ау-
дан орталығы тұрғындарын білікті мамандандырылған медициналық 
көмекпен қамтамасыз ету, аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінің 
жұмысын оперативтік жəне ұйымдастырушылық-əдістемелік тұрғыда 
басқару, аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-
техникалық тұрғыда жабдықталуын, жоспарлау жəне қаржыландыру 
жұмыстарын қамтамасыз ету, медициналық көмек сапасын арттыруға 
жəне тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларды 
жасау жəне жүзеге асыру жұмыстары жатады. Қуаты жағынан орталық 
аудандық аурухананың 6 категориясы бар. Төсек-орындар саны бойын-
ша 100 ден 400 дейін орындық ауруханалар жұмыс атқарады. Алайда 
қалалық елді мекендерде орналасқан аудан орталығында орта есеп-
пен 270 орындық орталық аурухана, ауылдық елді мекенде – 165 төсек-
орындық аурухана салынады. Аудан орталығында орналасқан орталық 
аудандық ауруханадан басқа əкімшілік аумақта нөмірлі аудандық ауру-
хана да ұйымдастырылуы мүмкін. Олар орталық аурухананың филиалы 
ретінде жұмыс істейді жəне олар жеке мамандандырылған медициналық 
көмектерді көрсетеді. Орталық аудандық аурухана орналасқан елді ме-
кенде ауылдық учаскелік аурухана қарастырылмайды. Сондықтан бұл 
елді мекеннің тұрақты тұрғындарына орталық аудандық аурухана мен 
емхана қызмет көрсетеді. Орталық аудандық аурухананың бас дəрігері 
бүкіл ауданның бас дəрігері болып есептелінеді. Ол аурухананың 
жұмысын басқарады, оның профилактикалық, емдеу, диагностика, 
шаруашылық, əкімшілік, қаржылық істерін ұйымдастырады, ауданның 
барлық денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына басшылық етеді. 
Бас дəрігер осы жұмыстарды ұйымдастыруда өзінің ұйымдастыру-
əдістемелік, балаларға жəне əйелдерге босануға көмектесу, медицина-
лық істер жөніндегі орынбасарларына сүйенеді. Денсаулық сақтау 
жүйесінің жұмысын оперативті басқару мақсатында бас дəрігердің 
жанынан медициналық кеңес ұйымдастырылады. Оның құрамына 
аудандық денсаулық сақтау жүйесінің жауапты қызметкерлері кіреді. 
Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін ұйымдастырушылық-
əдістемелік тұрғыда басқару үшін ұйымдастырушылық-əдістемелік 
бөлме мен басты дəрігер-мамандар тағайындалады. Бұл бөлменің ма-


163
мандары ауылдық дəрігерлік учаскелерде орналасқан денсаулық сақтау 
мекемелеріне шығып, емдеу, профилактика, диагностика жұмыстарын 
ұйымдастыру мəселелері бойынша кеңес береді, денсаулық сақтау 
мекемелерінің сапалық көрсеткіштерін зерттейді, медициналық көмек 
сапасын арттыруға бағытталған шаралардың жоспарын жасайды жəне 
дəрігерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады.
Аудан дəрігерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында орталық 
аудандық ауруханада клиникалық-анатомиялық конференциялар, се-
минарлар, кеңестер, лекциялар мен баяндамалар ұйымдастырылып, 
бас мамандардың күшімен дəрігерлерді жаңа диагностика, емдеу, 
профилактика жəне реабилитация əдістерімен таныстырып отыра-
ды. Фельдшерлік-акушерлік бекеттің орта буынды медициналық 
қызметкерлері өз біліктіліктерін орталық аудандық аурухананың 
қабырғасында арттырады. Ауыл тұрғындарына көрсетілетін 
медициналық стационарлық көмек 10-15 мамандық бойынша 
ұйымдастырылады. Оны жүзеге асыру мақсатында орталық аудандық 
ауруханада терапевтік, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, 
педиатриялық, травматологиялық жəне ортапедиялық, урологиялық, 
оториноларингологиялық, неврологиялық, психиатриялық, стоматоло-
гиялық, дерматовенерологиялық, офтальмологиялық, инфекциялық 
аурулар бойынша бөлімдер мен палаталар ұйымдастырылады. 
Қажетті жағдайда ауданаралық мамандандырылған бөлімшелер де 
ұйымдастырылуы мүмкін.
Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басым бағыты 
ретінде амбулаторлық-емханалық көмекті одан ары жетілдіру 
жұмыстары қарастырылған. Ауылдық дəрігерлік учаскелерде жаңа 
терапевтік, педиатриялық учаскелер ашылуда. Медициналық көмектің 
жылжымалы түрлері, оның ішінде жылжымалы дəрігерлер бригадала-
ры, стоматологиялық бөлімшелер, тіс протезі бөлмелері мен зертхана-
лары ұйымдастырылуда. Ауылды жерде жедел медициналық көмекті 
дамытуға да көптеп көңіл бөлінуде. Жылдан жылға ауылдық дəрігерлік
учаскені дəрігерлермен жəне орта буынды медицина қызметкерлерімен 
қамтамасыз ету ісі қарқынды жүзеге асырылуда. Жас дəрігер-
мамандардың ауылды жерге тұрақтануын жеңілдету мақсатында 
жергілікті əкімшіліктер оларды тұрғын үймен жəне коммуналдық 
көмекпен тегін қамтамасыз етуде. Олардың белсенділігін арттыру 
үшін көтерме қаржы көзі де қарастырылған. 
Ауыл тұрғындарына көрсетілетін көмектің үшінші кезеңі облыстық 
жəне республикалық ауруханаларда жүзеге асырылады. Осы мекеме-
лерде атқарылатын жұмыстар мыналар:
- тұрғындарды жоғары дəрежеде мамандандырылған емханалық 
жəне стационарлық көмекпен қамтамасыз ету;
- облыс аумағындағы барлық емдеу-профилактикалық мекемелер-
дің жұмысына ұйымдастырушылық-əдістемелік көмек беру;


164
- мамандандырылған көмек беретін барлық медицина мекемелерінің 
емдеу-профилактикалық жəне ұйымдастырушылық-əдістемелік жұ-
мыстарын үйлестіру;
- санитарлық авиация мен автокөліктерді пайдаланып, ауыл 
тұрғындарына білікті маман-дəрігерлердің жедел медициналық кө-
мегін көрсету;
- облыстық емдеу-профилактика мекемелерінің статистикалық 
есепке алу, есеп беру жұмыстарын бақылау жəне басқару;
- облыстық ауруханада жəне барлық емдеу-профилактикалық меке-
мелерде берілетін медициналық көмек сапасын сараптау мен басқару;
- облыстағы тұрғындардың сырқаттылығын, мүгедектігін, жалпы 
жəне балалар өлімін сараптау;
- денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған шараларды 
ұйымдастыруға қатысу жəне үйлестіру;
- емдеу-профилактика мекемелерінің қол жеткізген озық 
тəжірибелерін қорытындылау жəне жергілікті медицина мекемелерінің 
жұмысына ендіру. Оның ішінде емдеу, профилактика, диагностика 
жəне реабилитация жұмыстарындағы жаңа əдістер мен технологиялар-
ды тəжірибеге енгізу ерекше орын алады;
- облыстық емдеу-профилактикалық мекемелердің дəрігер маман-
дары мен орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін артты-
ру шараларын жүзеге асыру жұмыстары бар.
Сонымен бірге облыстық аурухана емдеу-профилактикалық, ғы-
лыми ұйымдастыру, əдістемелік жəне оқу орталығы ретінде қызмет 
көрсету аумағының жетекші медицина мекемесі болып табылады. 
Облыстық аурухананың қуаты жергілікті тұрғындардың санына бай-
ланысты қалыптастырылады. Оның төсек-орын саны 300-ден 800 
дейін жетеді. Негізінен облыстық аурухананы 700-800 орындық етіп 
ұйымдастырған өте тиімді. Осындай ауруханада барлық қажетті 
мамандықтар бойынша бөлімшелері болады. Облыстық аурухананың 
құрамында міндетті түрде мынадай құрамдық бөлімдер болуы тиіс, 
оның ішінде:
- стационар;
- кеңес беру емханасы;
- емдеу-диагностикалық бөлімдер, бөлмелер жəне зертханалар;
- ұйымдастыру-əдістемелік бөлім жəне медициналық статистика 
бөлімшесі;
- шұғыл жəне жоспарлы-кеңес беру бөлімі қарастырылуы қажет.
Бас дəрігердің немесе ұйымдастырушылық-əдістемелік бөлімнің 
жанынан оперативтік бөлімше ашылуы мүмкін. Бұл бөлімше əкімшілік-
шаруашылық қызметтердің басым бөлігін игереді. Соңғы кездерде 
осы бөлімнің құрамында сапаны басқару тобы ұйымдастырылуда. Бұл 
топтың құзырында күнделікті жұмыста стандарттар мен талаптарды 
сақтау жұмыстарын қадағалау кіреді. Облыстық аурухана құрамында


165
пансионат ұйымдастырылды. Онда алыстан емделуге келген науқастар 
өздерінің ауруханада тексерілуге қажетті уақтысында тұрады. Кеңес 
беру емханасында облыстық аурухананың ең білікті дəрігер мамандары 
жұмыс істейді. Олар науқастарға медицинаның ең басты мамандықтары 
бойынша кеңес береді, диагнозын нақтылайды, қажетті зертханалық 
тексеруді ұйымдастырады жəне оларды ауруханаға жатқызу мəселесін 
шешеді.
Емхананың қуатына қарай елді мекен тұрғындарына кеңес 
алу үшін шақыру жібереді. Осылайша ауыл тұрғындары қажетті 
мамандандырылған дəрігерлік көмекке қол жеткізеді.
Облыстық аурухананың кеңес беру емханасына келген нау-
қастардың қолында ауданда барынша жетік жəне толыққанды тек-
серуден өткендігін дəлелдейтін нəтижелер болуы қажет. Егер науқас 
облыстық ауруханаға тексеру нəтижелерінсіз келсе, онда оны кеңес 
беру емханасында тексеруге мəжбүр болады. Сондықтан науқас дер 
кезінде қажетті стационарлық көмекті ала алмайды. Егер аурудың халі 
өте нашар болса, онда облыстық аурухананың кеңес беру емханасының 
мамандары аудандық аурухана дəрігерлерінің шақыруы бойынша 
ауданға шығады жəне науқасқа оның төсек-орнында тексеру өткізіп, 
емдік шараларды тағайындайды. Науқастарды облыстық ауруханаға 
жатқызу қабылдау бөлім арқылы жүзеге асырылады. Кеңес беру ем-
ханасы əрбір тексеруден өткен науқасқа медициналық қорытындысын 
береді. Онда аурудың диагнозы, емдеу шаралары жəне науқасқа емдеу 
шараларын одан ары жүргізу жолдары көрсетіледі. Бұл медициналық 
қорытынды ауылдық учаскелік жəне аудандық аурухана дəрігерлеріне 
жіберіледі. Кеңес беру емханасында аудандық аурухана берген диаг-
нозда кеткен əрбір қателікті талқылайды. Аудандық ауруханада 
жүргізілген тексеру барысында жіберілген қателіктерді сараптай-
ды. Осы сараптаудың қорытындысы бойынша аудандық ауруханалар 
мен емханалардың емдеу-профилактикалық жұмысын жақсартуға 
бағытталған ұсыныстары бар мəлімет хат жасалады жəне аудандық 
дəрігерлердің күнделікті жұмыстарында қолдануға ұсынады. Жедел 
жəне жоспарлы медициналық кеңес беру бөлімінде:
Облыстық ауруханада жəне ауданның шақыруы бойынша науқас-
тарға жедел жəне жоспарлы-кеңес беру жұмысын ұйымдастырады;
Науқастарды облыстық мамандандырылған медицина мекемелеріне 
тасымалдауды, аурудың өмірін сақтауға қажетті медициналық дəрілер 
мен құралдарды жедел жеткізуді қамтамасыз етеді;
Ауданға медициналық көмекке жіберілген бригадалармен тоқтаусыз 
байланысты қамтамасыз етеді. Осы мақсатта санитарлық авиация мен 
автокөліктер пайдаланылады.
Жоғарыда аталған қызметтерді атқару үшін облыстық ауруха-
на санитарлық көлікпен, арнайы хирургиялық, гинекологиялық 
құралдармен, қан құюға арналған қондырғылармен толыққанды 


166
қамтамасыз етілді. Ұйымдастырушылық-əдістемелік жұмыс облыстық 
аурухана бөлімдерінің негізгі міндеттерінің біріне жатады. Сондықтан 
аурухананың əрбір бөлімшесі аудандық емдеу-профилактика 
мекемелерінің дəрігерлеріне ұйымдастырушылық-əдістемелік көмегін 
береді.
Бұл жұмыс ұйымдастыру-əдістемелік бөлімге тапсырылады. Со-
нымен қатар, бұл бөлімге жүктелетін жұмыстарға жататындар:
– емдеу-профилактика мекемелерінің жұмыс көлемі мен сипатын 
зерттеу;
– облыстық денсаулық сақтау мекемелеріне ұйымдастыру-
əдістемелік жəне емдеу-кеңес беру жұмыстары бойынша көмектесу;
– облыс тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерін зерттеу;
– дəрігерлердің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру;
Дəрігерлердің біліктілігін арттыруда аудандық, ауданаралық, 
жалпы дəрігерлік жəне мамандандырылған ғылыми-тəжірибелік 
конфернциялардың маңызы өте үлкен. Дəрігерлердің біліктілігін арт-
тыруда медициналық жоғары оқу орындарында ұйымдастырылатын 
арнайы курстардың да маңызы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет