Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Қазақстан Республикасында жарақаттар медициналық-



Pdf көрінісі
бет42/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

3.4. Қазақстан Республикасында жарақаттар медициналық-
əлеуметтік мəселе ретінде. Жарақаттылық түрлері, алдын алу 
шаралары
Сыртқы орта себептерінен туындайтын жарақаттар мен өлім 
бүкіл əлемде бетін қайтаруға болатын жағдайларға жатады. Алайда 
жарақаттану оқиғаларының жер бетінде кеңінен таралуына жəне одан 
туындайтын өлімнің жылдан жылға өсуіне байланысты денсаулық 
сақтау жүйесінің өзекті мəселесінің бірі болып қала беруде. Еуропа 
аумағында жылына 120 миллионнан астам жарақаттану жəне улану 
оқиғалары туындап, олардың 220 мыңы өліммен аяқталады. Қазақстан 
Республикасында жыл сайын 120-150 мыңнан астам жарақаттану 
оқиғалары тіркеледі. Күніне алған ауыр жарақаттан 7-10 адам өлімге 
ұшырайды. 80-90 адам ауруханаға түседі, оның ішінде 25-30 адам 
жан сақтау бөлімінде емделеді. Жарақаттанған адамдардың басым 
бөлігіне медициналық көмек емханалық мекемелерде көрсетіледі. 
Жалпы өлім оқиғаларына алып келетін себеп ретінде жарақаттар қан 
айналу жүйесі аурулары мен қатерлі ісіктерден кейінгі үшінші орын-
да орналасқан. Ал еңбек ету жасындағы тұрғындар арасында өлім 
себебі ретінде жарақаттар бірінші рангалық орында орналасқан. Ере-
сектер мен жасөспірімдер арасында қалыптасқан жалпы аурушаңдық 
көрсеткішінің құрамында жарақаттар тыныс алу жүйесі аурулары-
нан кейінгі екінші орынды қамтиды. Қоғамға тигізетін əлеуметтік-
экономикалық шығыны, өлім оқиғаларынан жоғалған өмір сүру 
жылдарының ұзақтығы жағынан DALY бірлігі бойынша жарақаттар 
мен улануларға бірінші орын тиесілі.
Соңғы жылдары жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстары 
жарақаттанудан туындайтын аурушаңдық жəне өлім көрсеткіштері 
кедей елдерде, даму жолындағы мемлекеттерде экономикасы дамыған 
елдерге қарағанда бірнеше есе жоғары екендігін көрсетті. Егер эко-


112
номикасы дамыған елдерде жарақаттанудан туындаған аурушаңдық 
пен өлім оқиғалары жылдан жылға төмендесе, бұрынғы Кеңестер 
Одағының құрамына енген мемлекеттерде осы көрсеткіштер тоқтаусыз 
өсу үстінде. Орта есеппен алғанда тəуелсіз мемлекеттер достастығы 
аумағындағы ер кісілердің жарақаттанудан өлімге ұшырау мүмкіндігі 
Еуропа одағының ер кісілері арасындағы осындай көрсеткішінен 
4 есе жоғары. 2004 жылғы ресми статистикалық деректер бойынша 
Орталық Азия мемлекеттері мен Ресейдегі жарақаттанудан туындаған 
өлім көрсеткішінің деңгейі 100 000 тұрғынға балап есептегенде 
272,7 оқиғаны құраса, Еуропа Одағында – 54,3%
000 
болып шықты. 
Экономикасы даму үстіндегі елдердегі жарақаттану оқиғалары 
мен одан туындайтын өлім көрсеткішінің тоқтаусыз жоғарылауына 
жол қозғалысы қауырттылығының артуы, алкогольдік ішімдіктің 
арзандығы жəне кез келген жастық топтарға қолжетімділігі (əсіресе 
жасөспірімдерге), заңдардың босаңдығы, əлеуметтік капиталдың 
азайып, жұмыссыздықтың ұлғаюы, байлықты иеленудегі теңсіздік 
алып келуде. Осыдан балалар мен қарт адамдардың жарақаттанып, 
өлімге ұшырау қаупі арта түсуде. Сонымен қатар жарақаттануға жəне 
өлімге ұшырауға бейім топтарға үйсіз-күйсіз адамдар, шеттен кел-
ген жалдамалы жұмысшылар, жер ауып қашып келгендер, мүгедектер 
мен жұмыссыздар да жатады. Жарақаттарға ұшырайтын негізгі қауіп 
топтарын нақты анықтау тұрғындар арасында осы патологияның 
профилактикалық бағдарламасын жасап, тиімді жəне белсенді 
ұйымдастыру үшін қажет. Қазақстан Республикасы тұрғындары ара-
сында қалыптасқан жарақаттану мен одан туындайтын өлім оқиғала-
рын төмендетуге бағытталған бірінші кезектегі шараларды негіздеу 
үшін мынадай мəселелерге көңіл бөлу қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет