Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78



Pdf көрінісі
бет7/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

Алғы сөз
Соңғы 20 жылда Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігін 
экономикалық, саяси, əлеуметтік тұрғыда барынша нығайтып, іргелі 
елдердің қатарына қосылуға нық қадам жасап үлгерді. Осындай оңды 
өзгерістер денсаулық сақтау саласында да орын алып отыр. Еліміздің 
тұрғындары жарқын болашақтың негізін қалап, мемлекеттік тіліміздің 
мəртебесін жоғарылатып, оның қолданыс аясын кеңейтуге күш салуда. 
Медициналық жоғары оқу орны студенттері өзінің төл тілінде білім 
ала бастады. Алайда осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруға 
қазақ тіліндегі оқу құралдарының жоқтығы айтарлықтай кедергі бо-
лып отыр.
«Қоғамдық денсаулық жəне денсаулықты сақтау» жеке меди-
циналық ғылыми бағыт жəне оқу пəні ретінде тұрғындардың жал-
пы жəне бірыңғай топтық (жастық-жыныстық, əлеуметтік, кəсіби-
өндірістік жəне т.б.) негізгі денсаулық көрсеткіштерін, тұрғындардың 
денсаулығын қалыптастыратын жағдайлары мен қатерлі себептерін 
зерттеп, оларға медициналық көмекті ұйымдастырудың, денсаулық 
сақтау мекемелерінің жұмыс атқару шарттарын жасау, медицина 
саласының мамандарын даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру 
мəселелерін шешу жолдарын қарастырады. Бұл ғылыми бағыт пен 
оқу пəнінің қалыптасқанына аса көп уақыт өте қойған жоқ. Соңғы 
жүз жылда пəннің аты көптеген өзгерістерге ұшырады. Оның ішінде 
«Əлеуметтік гигиена жəне денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру», 
«Əлеуметтік медицина», «Əлеуметтік медицина, қоғамдық денсаулық» 
деген атаулары бар. Осы уақытқа дейін бұл бағыттың «Қоғамдық 
денсаулық жəне денсаулықты сақтау» деген дефинициясы ешқандай 
да күмəн тудырған емес. 
Сондықтан білім мен ғылым саласындағы аттестацияны қадағалау 
комитетінің дəрігерлер мамандығы бойынша тізбесінде осы атау 
тіркелген.
«Қоғамдық денсаулық жəне денсаулықты сақтау» пəні мен ғылы-
ми бағыты популяциялық деңгейде денсаулықты зерттейді. Оның 
құрамында кешенді денсаулық көрсеткіштерін сараптау жұмысы бар. 
Əсіресе, аурушаңдық, мүгедектік, туылу, өлім көрсеткіштерінің дең-
гейін, құрамын, динамикалық өзгерістерін өмір сүру ортасының 
денсаулыққа əсерін тигізетін себептерімен байланыстыра отырып 
сараптау ерекше орын алады. Осының арқасында тұрғындар денсау-
лығындағы өзгерістерін, əрбір аумақтағы тұрғындардың денсаулық 
жағдайын, оған жергілікті экологиялық, гигиеналық, əлеуметтік, 
экономикалық, өмір сүру салты себептерінің тигізетін əсерін жан-
жақты ашып көрсетуге мүмкіндік туады. 
Бұл пəннің екі үлкен бөлімі бар. Оның бірінші бөлімі негізінен 


8
денсаулықты сақтау жəне жақсарту мəселелеріне арналса, екінші 
бөлімі – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мəселелерін қамтиды.
Осы пəнді оқу барысында алған білім, дəрігерлердің өз мамандығы 
саласында тиімді еңбек етуінің кепілі болып табылады. Себебі олар 
өз мамандығының аясында пациенттердің денсаулығын бағалау, 
медициналық көмекті ұйымдастыру, жаңа профилактикалық əдістер 
мен технологияларды жұмысына енгізу, емдеу-профилактикалық шара-
ларды жүзеге асыру, диспансеризацияны сапалы іске асыру, көрсетілген 
медициналық көмектің сапасын анықтау, еңбекке жарамдылықты са-
раптау жұмыстарын жете меңгеруі тиіс. 
Оқулықта жоғарыда аталған мəселелердің қазіргі жағдайы жəне 
оны тиімді шешу жолдары баяндалған. Тұрғындардың денсаулығын 
қорғаудың құқықтық негіздері, денсаулық көрсеткіштеріне əлеуметтік-
гигиеналық жəне өмір сүру салты себептерінің əсері, өмір сүру сапасын 
бағалаудың жолдары, жаңа экономикалық қатынастарды денсаулық 
сақтау жүйесін қайта құру барысында ұтымды қолдану, менеджмент 
пен маркетингті медицина мекемелерінің қарқынды дамуында пайда-
лану, əртүрлі медициналық жағдайда қалыптасатын этика мəселелері 
кешенді жəне тереңдете ашып көрсетілген.
Пəннің құрамы отандық жəне шетелдердегі осы саладағы 
жетістіктерге сай түзілген. Кітаптың негізгі тарауларында оқу 
пəнінің тарихы, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы, еліміздегі жəне 
шетелдердегі денсаулық сақтау жүйесі мен медицинаның негізгі 
теориялық мəселелері, халықтың денсаулық жағдайы мен оны зерттеу 
əдістері, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары, медициналық 
статистика əдістерін қолдану, ұйымдастыру жəне басқару мəселелері, 
тұрғындардың əртүрлі топтарына медициналық көмек беру, денсаулық 
сақтау жүйесін жетілдірудің өзекті мəселелерін ашып көрсету жолда-
ры баяндалған. 
Оқулық медициналық оқу орны студенттеріне, «Қоғамдық ден-
саулықты сақтау» мамандығы бойынша магистратурада, РhD док-
торантурасында оқып жүрген, біліктілікті арттыру факультеттерінде 
білімін арттырып жүрген курсанттарға арналған.
Оқулықтың құрамы жəне мағынасы жөніндегі ой-пікірлеріңізді 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «№1 
Қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасына жіберуіңізді сұраймын. 
Автор. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет