48
өмір сүру ұзақтығы өте төмен. Бұл көрсеткіш əйелдер үшін 68 жасты
құраса, ер кісілер үшін бар болғаны 63 жасты құрап отыр.
Бұл көрсеткішті барлық тұрғындарға арнап есептеудің маңызы
өте үлкен емес. Алайда өлген тұрғындардың орташа жасы жеке ауру-
дан немесе аурулар топтарынан өлген жасын анықтауда ерекше рөл
атқарады.
Жоғарыда келтірілген демографиялық көрсеткіштерді сараптау
біздің Республикамызда тұрғындар санының жылдан-жылға артуы
тек қана туылу көрсеткішінің жоғары болуымен қамтамасыз етіліп
отырғандылығын көрсетеді. Демографиялық ахуалдың сапасын арт-
тыру үшін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған ша-
раларды белсенді жəне сапалы ұйымдастырып, болашақтағы өмір
сүру ұзақтығының берік медициналық-əлеуметтік, экологиялық,
экономикалық жəне саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: