25
орын алған миграциялық үдеріс империяның ыдырап,
көптеген
тəуелсіз мемлекеттердің пайда болуына жəне осы елдерде əлеуметтік-
экономикалық тоқыраудың өте терең болып қалыптасуына байланыс-
ты болды.
Миграцияның бірнеше түрлері бар, оның ішінде:
– Қайтарымсыз немесе түпкілікті (қоныс аударуға байланысты
тұрғын аумағын түпкілікті өзгерту);
– Уақытша (ұзақ мерзімге, бірақ шектеулі уақытқа қоныс аудару);
– Мезгілді (жылдың белгілі бір кезеңіне қоныс аудару);
– Тербелісті (тұрғын аумағының шекарасынан
тыс жерде орналас-
қан жұмысына немесе оқуына тұрақты қатынау);
– Қайтарымды миграция;
– Амалсыз (қашқындар немесе жер аударылғандар).
Сонымен қатар сырттай (өз елінен тыс) жəне іштей (ел аумағында)
миграциялар бар. Сырттай миграция эмиграция жəне иммиграция деп
жіктеледі. Эмиграция дегеніміз – азаматтардың өз елінен өзге елге
тұрақты қоныс аударуын немесе ұзақ мерзімге қоныс аудару. Имми-
грация азаматтардың өзге елден осы елге қоныс
аударуы болып табы-
лады.
Іштей миграция бір ауданнан екінші ауданға немесе ауылды жер-
ден қалаға қоныс аудару болып табылады. Қалаларға бағытталған
миграцияға байланысты урбанизация деген ұғым пайда болды.
Ауылдың немесе кішігірім қалалардың тұрғындары ірі қалаларға
жиі қоныс аударады. Оның негізгі
себептеріне ауылды жердегі
жұмыссыздық, əлеуметтік-экономикалық жəне тұрмыстық жағдайдың
ауырлығы жатады.
Тұрғындардың миграциясы туралы деректерді ішкі істер
органдарының келу жəне кету оқиғаларын есепке алу құжаттарындағы
мəліметтерді сараптау арқылы жинақтайды.
Миграциялық үдерісті бағалау үшін
арнайы көрсеткіштерді
қолданады. Олардың ішінде ең жиі пайдаланатындары:
– əрбір 1000 тұрғынға балап есептегендегі көшіп келгендер саны;
– əрбір 1000 тұрғынға балап есептегендегі көшіп кеткендер саны;
– миграциялық өсім;
– миграция коэффициенті.
Жоғарыдағы көрсеткіштерді есептеу үшін
мынадай формулалар
қолданылады:
– Көшіп келгендерді 1000 тұрғынға балап есептегендегі көр-
сеткіші:
əкімшілік аумаққа көшіп келгендер х 1000;
тұрғындардың орташа жылдық саны
Көшіп кеткендерді 1000 тұрғынға балап есептегендегі көрсеткіші:
əкімшілік аумақтан көшіп кеткендер х 1000;
тұрғындардың орташа жылдық саны
26
– Миграция коэффициенті =__(көшіп келгендер +
көшіп кеткен-
дер)______
стационарлық тұрғындар санын, 100% деп есептегенде.
Миграциялық өсім көрсеткішін абсолюттік немесе салыстырмалы
шамалар арқылы есептеуге болады. Миграциялық үдерістің күшеюі
барлық елдерде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: