Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


тұрғындары санындағы үлес салмағы (%)



Pdf көрінісі
бет14/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

тұрғындары санындағы үлес салмағы (%)
Қазақстанға қоныс аударуға деген этникалық қазақтардың көңіл-
күйіне əлеуметтік-экономикалық жағдайдың əсері күшті. Кеңестер 
Одағының ыдырауы Республикада терең экономикалық тоқырауға 
алып келді. Көптеген зауыттар мен фабрикалар жабылды, тұрғындар 
арасында жаппай жұмыссыздық орын алды. Осының барлығы тұр-
ғындардың өмір сүру жағдайын нашарлатып, миграциялық үдерістің 
экономикасы дамыған, əлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары 
елдерге қарай бағытталуын қамтамасыз етті. Біздің Республикадағы 
1994 жылғы қалыптасқан анық еңбекақы көлемі орта есеппен Аме-
рика Құрама Штаттарының валютасымен есептегенде 24 долларға 
тең болып шықты. Еңбекақының көлемі Қазақстан Республикасының 
əртүрлі аумақтарында əртүрлі болып қалыптасты. Республикадағы 
экономикалық жағдай 1996 жылдан бастап бірте-бірте өсті. 1996 жылы 
еңбекақының орта деңгейі 8770,1 теңгеге теңеліп, АҚШ валютасымен 
есептегенде 121 долларға жетті. Бірақ, бұл деңгей жұмыс қолын сақтап 
қалуға жағдай туғыза алмады.
Мемлекеттік статистика жөніндегі комитеттің деректеріне 
қарағанда, Республика еңбеккерлерінің 1995 жылғы табысы 1989 
жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26% төмен болып шықты. 
Тұрғындардың табыс көзінің төмендігі олардың тағамдық заттарға 
сұранысын азайтты, азық-түлік сапасына деген талғамын нашарлатты. 
1989 жылғы тұрғындар табысының 39% тамаққа жұмсалса, 1995 жылы 
Қызылор
да
Ат
ы
р
ау
Маңғыст
ау
Ақтөб
е
ОҚО
Ж
амбыл
БҚО
Ас
та
н
а қ
Алм
аты қ
ШҚО
Ас
та
н
а қ
.
Пав
л
о
дар
Қарағанды
Ақмо
ла
Қо
ст
анай
СҚО
ҚР


30
табыстың 45%-нан 70%-ға дейіні шығындалды. 1993 жылы ұлттық ва-
лютаны енгізгеннен соң тұтыну бағалары жылдам өсіп, 3 жылдан кейін 
оның деңгейі 35 есеге жоғарылады.
Республикадағы өмір сүру минимумынан төмен орташа табыс таба-
тын тұрғындар саны жылдам өсті. 1992 жылы осындай тұрғындардың 
үлес салмағы 11,9%-ға болса, 1993 жылы -18,2%, 1994 жылы – 32%-
ға, 1995 жылы - 35% дейін жетті. Басқаша айтқанда, Республика 
тұрғындарының 3/1-нен астамы кедейлер қатарына жатты. Ұлттық ста-
тистика жөніндегі Агенттіктің деректеріне қарағанда, тұрғындардың 
кедейлену деңгейі 1996 жылдан 1998 жылға дейін 34,6%-дан 43,4% 
дейін артты.
Тұрғындардың табысы мен əлеуметтік жағдайының нашар-
лауына жұмысшылар еңбекақысын дер кезінде төлемеу себеп бол-
ды. 1997 жылғы өндіріс орындарының еңбекақыны өтемеу шамасы 
47,9 миллиард теңгені құрады немесе 660 млн. долларға тең болды. 
Олардың еңбекақыны төлемеу мерзімі 3 айдан асты. Осындай өндіріс 
орындарының саны 75% құрады. Сараптама бағалау көрсеткендей 
еліміздегі жұмыссыздардың саны 10% жетті де, 1995 жылдан 1999 
жылға дейін осы деңгейден түскен жоқ.
Миграциялық үдерістің жеделдеуіне бұрынғы Одақтас Респу-
бликалар арақатынастың нашарлауы, əлеуметтік көмектің төмендеуі 
жəне коммуналдық көмектің мүлдем бұзылуы ерекше əсерін тигізді. 
Əртүрлі Республикаларда тұратын ағайындардың қатынасы үзілді. Ал, 
Одақтас Республикалар арасында автомобиль, темір жол жəне авиация 
қатынасының нашарлауы, жолақысының қымбаттауы миграцияға өз 
ықпалын тигізбей қоймады. Кейінгі жылдардағы нарықтық қатынастың 
тереңдеуі, экономикалық оңтайлаулар өндірістің дамуына жағдай 
туғызды. Өнеркəсіптің қаржылай көрсеткіштері жалпы экономиканың 
дамуы дұрыс бағытта өрбіп жатқандығын байқатты. Сонымен, 1999 
жылдың аяғы мен 2000 жылдың басынан бастап Қазақстан Республи-
касында экономиканың дамуы үдей түсті.
Экономиканың қайта көтерілуі демографиялық үдерісті 
дұрыс бағытта өрбітуді қажет етіп отыр. Сондықтан миграциялық 
қозғалысты реттеу бүгінгі таңның аса маңызды саяси, экономикалық, 
демографиялық мəселесіне айналып отыр.
Миграцияның болашағы əртүрлі себептерге байланысты. Оның 
ішінде, ішкі саяси жағдайға, экономиканың дамуына жəне əлеуметтік-
экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Сырттан республикаға 
бағытталған миграцияның болашағы жеке Республикалардағы 
этникалық-саяси шиеленістерге байланысты. Сонымен қатар, 
миграцияның жүруіне əсерін тигізетін тағы бір себеп - экологиялық-
географиялық жағдай. Аймақтағы жер сілкіністі экологиялық 
жайсыздықтар адамдардың шығыны мен олардың жедел миграцияға 
ұшырауына алып келеді. Республикаға келген мигранттардың қатары 


31
Монғолиядан, Қытайдан, Ираннан жəне өзге елдерде тұратын 
қазақтардан түзілген. Олар этникалық қазақтарды отанына қайтару 
туралы еліміздің ұстанып отырған мемлекеттік саясатына сəйкес 
ұйымдасқан түрде елге оралуда. Оралған қазақтарға үй-жай беру 
əлеуметтік тұрғыда қамсыздандыру, жұмыспен қамту жəне бизнеспен 
айналысуға жағдай жасау мəселелерімен мемлекеттік органдар жос-
парлы түрде, белгілі бір бағдарлама бойынша жүзеге асырады.
Ресейде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасы 1,5 миллионды 
құрайды. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас облыстардың 
аумағында қоныстанған. Олардың елге қоныс аударуына кез келген 
жайсыз жағдай себеп болуы мүмкін. Шетелдерде өмір сүріп жатқан 
қазақтар тұрғылықты жерін тастап кетуге құқылы емес. Олардың 
орнынан үдере қозғалуына тек экономикалық, əлеуметтік жəне 
экологиялық қиыншылықтар себеп болуы мүмкін. Мемлекетіміздің 
оралмандар миграциясы саласындағы ұстанып отырған саясаты – 
бұрынғы Одақтас республикалардан, Балтық жағалауы елдерінен жəне 
алыс шетелдерден этникалық қазақтарды отанына қайтару болып та-
былады. Оның құқықтық негізін «тұрғындардың миграциясы туралы» 
заң қамтамасыз етеді. Ал этникалық қазақтарды елге қайтару туралы 
шешімінің іске аспауына елімізде жүрген ұзақ мерзмді демографиялық 
империалистік саясат себеп болды. ХХ ғасырдың 60 жылынан бастап 
біздің Республикада этникалық немесе аборигендік қазақтар өз елінде 
азшылыққа ұшырап, тепкі көре басталды. Ал 1970 жылдан 1989 жылға 
дейін орыстардың саны үнемі жəне жасанды түрде қазақтардың са-
нынан артық етіп қалыптастырылды. Осылайша орыстар өздерінің 
басқаншылық, отаршылдық саясатын жүзеге асырып отырды. Еліміздің 
тəуелсіздік алуы республикада тек экономикалық, əлеуметтік жəне 
саяси тоқырау туғызып қалған жоқ, сонымен қатар демографиялық 
ахуалға күшті ықпалын тигізді. Өзге этностардың өз елдеріне жаппай 
эмиграция жасауы, əсіресе неміс, орыс жəне украин халықтарының 
тарихи отандарына қарай үдере жəне жаппай көшуі Республикадағы 
тұрғындар санын кемітіп қана қоймады. Оның оңды ықпалы Респу-
блика тұрғындары ішіндегі қазақ халқының үлес салмағын күрт артты-
рып, өз елінің иегері болуына жол ашқандығы деп есептеуіміз қажет. 
Осының арқасында Қазақстанда қазақ тілінің, қазақ халқының өсіп 
өркендеуіне, тəуелсіздіктің нығаюына, кезінде Отанынан үдере көшіп 
кеткен отандастарымызды елге қайта көшіріп алып келуге бағытталған 
саясатты белсенді қолға алуға жағдай туғызды.
Ал, этникалық қазақтардың шетелдерден Отанымызға оралуы 
Республикадағы ұлттық саясаттың одан ары күшейе түсуіне ықпал 
ететіндігі сөзсіз. Əсіресе, орыстар қалың орналасқан Қостанай, Ақмола, 
Солтүстік Қазақстан, шығыс Қазақстан облыстарында қазақ халқының 
үлес салмағының артуына жағдай туғызды. Мемлекеттік миграциялық 
саясатты жүргізу тəуелсіздік жылдарында тарихи отанына 1 милли-


32
оннан астам қазақтардың қайта оралуына алып келді. Оның 60%-дан 
астамы бұрынғы Одақтас Республикалардан жəне Ресей республикала-
сынан қайта оралғандар болып шықты. Оралмандардың алыс шетелдер-
ден келгендері Туркия, Монголия, Қытай, Иран, Ауғанстан, Пəкістан, 
Сауд Аравиясы жəне өзге елдерден оралғандар. Демографтардың 
деректеріне қарағанда, қазіргі таңда 5 миллионнан астам қазақтар өз 
Отанынан алыста өмір сүреді. Олардың 1,5 миллионы Қытайда, 2 мил-
лионы Өзбекстанда жəне 1,5 миллионы Ресейде тұрып жатыр.
Миграциялық үдеріс Республикада көптеген əлеуметтік-
экономикалық, медициналық-демографиялық мəселелердің туын-
дауына алып келуде. Оның ішінде мигрант оралмандардың жаңа 
экологиялық, экономикалық, тұрмыстық, əлеуметтік жағдайларға 
бейімделуі. Жергілікті халықтың генофонына өзгерістер əкелуі, орал-
мандар мен жергілікті тұрғындардың арақатынасын реттеу, мигранттар 
алып келген инфекциялардың кеңінен таралу мəселелері мемлекеттік 
органдарға жіті жұмыс атқарып, профилактикалық шараларды дер 
кезінде жүзеге асыруды талап етеді.
Жаңа орында қоныстану жаңа экологиялық-географиялық 
жағдайға бейімделуді қажет етеді. Бұл адаптацияның биологиялық 
жəне əлеуметтік-медициналық қырлары бар екендігін есепке алмаса 
болмайды.
Организмнің биологиялық адаптациясы - жаңа табиғи, климаттық 
жағдайларға, судың құрамына, жергілікті тағамдық заттарға, қоршаған 
орта нысандарының өндірістік қалдықтармен ластануына бейімделу 
үдерісі. Жоғарыда аталған биологиялық адаптация, əлеуметтік адап-
тация үдерісімен қатар жүзеге асады. Басқаша айтқанда, жергілікті 
тұрғындар арасына, экологиялық жəне мəдени ортаға, еңбек ету жəне 
демалысты ұйымдастыру дəстүрлеріне бейімделу мəселесі туындай-
ды.
Осы жағдайдағы қорқыныш пен күмəндану, өмір сүрудің қаталдығы,
тұрмыстық қиыншылықтар адам психикасына қатты қысым түсіріп, 
стреске, неврозға, психикалық ауытқуларға, қан айналу жүйесі 
патологияларының туындауына алып келеді.
Көптеген авторлардың деректеріне қарағанда, миграциялық 
стресс невротикалық жəне психикалық ауытқулардың туындауына, 
апатикалық депрессиялық реакцияның пайда болуына, гипертония 
жəне жүрек ишемиясы ауруларының дамуына алып келеді. Асқазан мен 
ұлтабар жарасының, холецистит, колит, бронх демікпесі ауруларының 
қозуына себеп болады. Əйелдердің репродуктивтік қызметінің бұзылуы 
жиілейді. Əйелдер арасында жыныс органдарының инфекциялық 
қабыну аурулары жиі кездеседі. Осыдан əйелдердің репродуктивтік 
қызметі бұзылады. Оралман əйелдердің арасында аборигендік 
əйелдерге қарағанда балаларды шала босану, нəрестелердің өте төмен 
салмақта туылуы, перинаталдық өлімнің жоғары болуы, сəбилер 


33
арасындағы шетінеу оқиғалары жиі кездеседі. Осы тұлғалар арасында 
экстрагенителдық аурулар кеңінен таралған, оның ішінде созылмалы 
бронхиттер, анемия, пиелонефрит, туберкулез, В-гепатиті жəне өзге 
аурулар бар.
Аридты аумақтағы қатаң табиғи себептер мигранттар организміне 
жоғары талаптар қояды. Жоғары температураның əсерінен жеке 
рефлекторлық реакциялар арасындағы қатынас бұзылады, ішкі ағза-
лардың қызметі нашарлайды. Жалпы организмнің осындай жағдайға 
бағытталған жауабы көп бағытты болады. Осыдан организмнің жеке 
жүйелеріндегі өзгерістер күрделі болып қалыптасады. Сондықтан 
мигрант-оралмандар организмінің адаптациясын медициналық-
биологиялық тұрғыда зерттеу, жаңа əдістемелік жолдарды қарас-
тыруды қажет етеді.
Ғалымдардың кешенді зерттеу жұмыстары, жаңа геомагниттік 
жəне күн радиациясының толқыныстарынан адам организмі жауап-
тары ішкі ағза қызметінің жағдайына байланыстылығын көрсетеді. 
Осы жағдайда ауру жəне сау организмдердің бейімделу үдерісі мүлдем 
өзгеше болып келеді. Аборигендік жəне жаңадан қоныс аударған 
адамдар организмдері табиғат құбылыстарына əртүрлі жауап береді. 
Бұл жағдайда организмнің қызметін қамтамасыз ету үшін шамадан 
артық энергияны пайдалану қажеттілігі туындайды. Себебі, клетка 
жəне клеткааралық мембраналарды қорғау үшін жаңа пластикалық, 
энергетикалық материалдар қажет. Қатаң геомагниттік толқулар туралы 
организмге жаңа хабар түсе салысымен, организм өзінің ішкі қорларын 
жұмысқа тартады. Жаңадан қоныстанған мигранттар организміне 
жергілікті жердегі судың жəне атмосфералық ауа құрамының тигізетін 
əсері жеке авторлардың еңбектерінде жан-жақты талқыланған.
Мысалы, Ж. Қ. Ержанованың диссертациялық еңбегінде мигрант 
балалар организмінің иммундық жəне кардиореспираторлық жүйесінің 
Оңтүстік Қазақстан облысының, оның ішінде Шымкент қаласының 
өмір сүру ортасы жағдайына бейімделу механизмдерді жан-жақты 
талқыланған. Осы жерде мигрант балалардың организмі тек климаттық-
географиялық ортаға емес, сонымен қатар қатаң экологиялық-
гигиеналық жағдайға да бейімделетіндігі баса көрсетілген. Оңтүстік 
аумақтағы климаттық-географиялық жəне экологиялық-гигиеналық 
жағдайға Солтүстік аумақтардан келген мигранттар организмінің адап-
тациясы өте көп патологиялық жəне физиологиялық өзгерістердің ту-
ындауы арқылы жүреді.
Кардиореспираторлық жүйе кез келген адаптациялық өзгерістерге 
тез арада қызметтік өзгерістермен жауап береді. Ол өзгерістер 
көбінесе тамыр соғу жиілігінің артуы, тыныс алудың жылдамдауы, қан 
қысымының жоғарылауы арқылы көрініс береді. Алайда адаптациялық 
қуаты төмен адамдарда нейроциркуляторлық дистония, гиперто-
ния сияқты патологиялық ауытқулар да клиникалық көрініс беруі 
3–7438


34
ықтимал. Қызметтік ауытқуларды анықтау мақсатында физикалық 
жүктемелерді қолдану өте тиімді болып шықты. Физиологиялық 
жəне патологиялық ауытқулары бар тұлғалардың организміне 
жаңа экологиялық-гигиеналық, климаттық-географиялық жағдайда 
физикалық жүктеме беру, қызметтік көрсеткіштің барынша жоғары 
деңгейде ауытқуымен көрініс береді. Осы ауытқулар нəтижесіінің 
статистикалық нақтылығы мигрант-оралмандар организмінің адапта-
циясы өте күрделі физиологиялық қызметтік ауытқулардың туындауы 
арқылы жүретіндігін байқатты.
Оралман-мигранттардың организмінде сыртқы климаттық-
географиялық жəне экологиялық-гигиеналық себептерден туындай-
тын өзгерістері бірінші кезекте иммундық жүйе қызметінде көрініс 
береді. Соңғы автордың зерттеулерінде анықталған ғылыми нəтижелер 
мигранттардың иммундық жүйедегі өзгерістері Т-лимфопения, имму-
ноглобулиндер деңгейінің артуы, лейкопения мен лимфопения жəне 
айналымдағы иммундық кешендердің мөлшерінің артуы арқылы 
жүретіндігін көрсетті. Мигранттардың иммундық жүйе қызметінің 
үлкен қысымда болуына байланысты, олардың адаптациясын 
қалыптастыруда арнайы медициналық- профилактикалық шараларды 
қолдану қажеттілігін көрсетті.
Физикалық жүктемеден кейін оралман балаларда лейкоцитарлық 
клеткалар санының артып, лимфоцитарлық клеткалардың жоғарылауы 
байқалады. Осыған қарағанда, мигранттардың иммундық жүйе 
қызметінің адаптациялық қуаты аса жоғары еместігі көрініп тұр. Ал 
аборигендік топтағы лейкоцитоз бен лимфоцитоз деңгейі мигранттар 
көрсеткішінен 21,0% бен 8,2% төмен болып шықты. Физикалық жүк-
теме əдісімен жүргізілген салыстырмалы зерттеу жұмысы экология-
лық-гигиеналық тұрғыда лас аумақта қоныстанған мигрант-орал-
мандардың адаптациясы барынша қиындықта жүретіндігін байқатып 
отыр. Дəл осындай көріністер кардиореспираторлық жүйе қызметі-
нің адаптациясына да тəн болып шықты.
Жеке авторлардың зерттеулері ересек əйелдермен еркектердің 
миграциялық үдерістерге байланысты дене салмақтары жəне нерв-
психикалық көрсеткіштері өзгеріп, анемия, қалқанша безінің па-
тологиялары мен жүрек, өкпе, ас қорыту ағзаларының аурулары 
туындайтындығын көрсетті. Қоныс аударған адамдарға арналған ла-
герде 5 жыл өмір сүрген əйелдердің денсаулығын сараптау, олардың 
арасында бірінші кезекте нерв-психика жүйесінің бұзылыстары 
туындайтындығын анықтады. Бұл сөз жоқ миграцияға байланысты 
туындайтын стрестің əсері деп бағалануы тиіс. Себебі дəл осындай 
психоневрологиялық ауытқулар зерттелген əйелдердің барлығында 
туындаған болып шықты.
Миграцияның алғашқы жылында дезадаптациялық үдеріс, жаңа 
қоныс орнының жайсыз болуы, болашақтағы өмірге сенімсіздік 
стрестік жағдайды одан ары ушықтырып жібереді.


35
Стресстен туындаған нерв-психика жүйесінің бұзылыстары үнемі 
бас ауруымен, ұйқының бұзылуымен, эмоционалдық ауытқулармен 
жəне ашуланшықтықпен жиі көрініс берген.
Осы жағдайдың барлығы Шешенстандағы соғыс барысында 
Россияға қоныс аударған шешен мигранттарда анықталды. Сұрақнама 
барысында үнемі басы ауыратын əйелдердің саны 45%-ға жеткен. 
Олардың миграцияға дейін де басы ауырғандары 3,2%-ды құрады. 
Ашуланшақтық оқиғалары мигрант əйелдердің 32,6% кездессе, 
миграцияға дейін 0,1% болып шықты. Ұйқының бұзылысындағы 
арасалмақ 19,6%:1,4% болып отыр.
Миграцияның екінші жəне үшінші жылында аты аталған нерв-
психикалық ауытқулар ұлғайып, миграцияның төртінші жылы бірте-
бірте саябырсыған.
Мигрант-əйелдер арасындағы екінші рангалық орын алған 
патологияларға гинекологиялық аурулар жатады. Олардың жалпы 
аурушаңдық көрсеткішінің ішінде алатын үлес салмағы 44,9% дейін 
жетті. Олардың ішінде жыныс ағзаларының қабынуы (26,1%) ең 
жиі ұшырасатын патологиялардың бірі болып шықты. Ал етеккірдің 
бұзылыстары да кеңінен таралып, миграцияның алғашқы жылы 12,9% 
құраса, төртінші жылы 16,7% дейін артқан. Миграция кезеңіндегі 
менструалдық желінің бұзылыстары, жыныс ағзаларының қабыну 
деңгейі миграцияға дейінгі кезеңнен 2,5-3,0 есеге жоғары болып 
шықты.
Таралу жиілігі бойынша үшінші рангалық орындарда зəр шығару 
жəне жыныс органдарының аурулары алады (2,8%). Олардың арасында 
пиелонефрит пен циститтің үлес салмағы жоғары (15,3 жəне 12,1%).
Төртінші рангалық орында ас қорыту жүйесі патологиялары 
орналасқан (26,4%). Олардың арасында асқазан мен ішектің (16,5%) 
аурулары алғашқы қатардан орын алса, өт қабы мен өт шығару 
жолдарының аурулары да айтарлықтай жиі (9,9%) кездеседі. Оның 
себептеріне сапасыз тамақтану жəне ас құрамында көмірсуларының 
шамадан тыс көп болуы жатады.
Бесінші рангалық орынды тыныс жүйесі аурулары қамтиды (25,2%). 
Олардың деңгейі миграцияға дейінгі кезеңнен екі есеге артты (12,6%).
Жалпы аурушаңдықтың ішінде жедел респираторлық патоло-
гиялардың үлес салмағы 17,6%-ға дейін жетеді. Ал жоғарғы тыныс 
жолдарының аурулары 7,6% құрады. Олардың ішінде тонзиллит, аде-
ноид жəне гайморит ауруларын жиі кездестіруге болады.
Алтыншы орында анемия ауруы орналасқан. Оның алиментарлық 
себептерден туындағандығы күмəн туғызбайды. Миграцияға дейін 
оның деңгейі 10,5% жетсе, миграциялық кезеңнің бесінші жылы-
на қарағанда оның деңгейі бастапқы көрсеткіштен 2,3 есеге арт-
ты. Арйдтік жағдайдағы аса жоғары температура əсеріне бейімделу 
кардиореспираторлық жүйе қызметінің қауырт жұмыс істеуі арқылы 


36
жүзеге асады. Бұл жердегі адаптацияның жүру тереңдігі мигранттың 
бұрынғы өмір сүрген географиялық жəне климаттық аумағына 
тікелей байланысты. Осыған экологиялық өмір сүру ортасының жай-
сыз əсерін қоса есептесек, онда адаптациялық үдерістің көптеген 
ауыртпалықтарға ұшырайтындығын байқаймыз. Бұл жерде акклимати-
зация үдерісінің Өзбекстан, Тəжікстан, Түркменстан Республикалары-
нан келген мигранттарда анағұрлым жеңіл өтетіндігін байқауға бола-
ды. Орталық Азия тұрғындарының термодинамикалық механизмі аса 
жетік екендігін атап өту қажет. Алайда газ алмасу, тыныс алуды жəне 
қан айналымын реттеу механизмдерінің тиімділігі, солтүстік аймақтан 
келген мигранттар арасындағы осы механизмдер тиімділігімен бірдей 
деп айтуға болады. 
Халықтың денсаулығына тұрғындардың табиғи қозғалысы ерек-
ше əсер етеді. Табиғи қозғалыс деп халық санының туылу жəне өлім 
оқиғаларының арақатынасына байланысты өзгерісін айтады. Табиғи 
қозғалыс статистикасы елімізде міндетті түрде есепке алынатын 
балалардың туылуы, тұрғындардың өлімі, үйленуі мен ажырасуы ту-
ралы деректерге негізделген. Кеңестер Одағында азаматтардың туы-
лу оқиғаларын тіркеу 1917 жылдан, ал өлім оқиғаларын тіркеу 1925 
жылдан бері қолға алынды. Елімізде қалыптасқан заңдарға сəйкес 
азаматтардың туылуынан бастап 1 айға дейінгі мерзімде ата-анасының 
қоныстанған аумағында немесе баланың туылған жерінде тіркелуі тиіс. 
Сəбидің туылуын тіркеу «Туылу туралы медициналық куəлік» (ф.103/у-
84) негізінде жүзеге асырылады. Туылу туралы куəлік бала тірі туылып, 
медицина мекемесінен аман-есен шығарылған жағдайда беріледі. Егер 
бала үйде дүниеге келсе, онда «туылуы туралы медициналық куəлік» 
баланы қабылдаған медицина қызметкері жұмыс атқаратын мекемеде 
толтырылады. Егер сəби медицина мекемесінен тыс жерде дүниеге 
келсе, онда оның туылуы туралы екі адам куаландыруы қажет. Екі не-
месе одан артық дəрігер жұмыс атқаратын елді мекендерде жəне меди-
цина мекемелерінде «Туылу туралы медициналық куəлікті» міндетті 
түрде дəрігер толтырады. Орта буынды медицина қызметкері жұмыс 
атқаратын денсаулық сақтау мекемесінде «Туылу туралы медициналық 
куəлікті» босануға көмектескен акушерка немесе фельдшер толтыруы 
қажет.
«Туылу туралы медициналық куəлік», оны толтырған адамның 
қолымен ата-анаға тапсырылады. Ата-ана куəліктің медицина 
мекемесінде қалатын бөлігіне қол қояды. Егер босанған ана перзент-
ханадан шыққанға дейін туылған нəресте шетінеп кетсе, онда «Туылу 
туралы медициналық куəлікпен» қатар «Перинаталдық өлім туралы 
куəлік» те толтырылады. Бұл екі құжат та азаматтың халдік актісін 
жазу (АХАЖ) бөліміне баланың туылуын жəне өлімін тіркеу үшін 
тапсырылуы тиіс 
«Туылу туралы медициналық куəліктің» бланкасы мен куəлік 


37
түбіртегі кітапшаға қоса тігіліп, олардың дер кезінде жəне дұрыс 
толтырылуын қадағалайтын бас дəрігерде немесе оның орынбаса-
рында сақталады. Кітапша тігіледі, ал куəлік пен түбіртекке нөмір 
беріледі. Бастапқыда медицина мекемесінің нөмірі, ал бөлшекті 
сызықтың астына куəліктің қатар саны қойылады. Куəліктің түбіртегі 
ағымдағы жылдың соңына дейін сақталады да, жылдың аяғында ере-
жеге сай жойылуы тиіс. «Туылу туралы медициналық куəлік» анық 
етіп қолмен толтырылады. Құжатта медицина мекемесінің аты, мекен-
жайы, пошталық индексі, құжатты толтырған медицина қызметкерінің 
(дəрігер, акушерка, фельдшер) ата-тегі, аты жөні жазылады. «Туылу 
туралы медициналық куəлікті» толтырушы баланың тірі туғандығын 
кепілдендіреді, туылған жерін (медицина мекемесінде, үйде немесе жо-
лай, т.б) туған күні, айы, жылы, жынысы, анасының ата тегі, аты-жөні, 
жəне тұратын мекенжайының орнын көрсетеді. Түбіртекте «Туылу ту-
ралы медициналық куəліктегі» деректер толық қайталанып жазылады 
жəне куəліктің берілген күні белгіленеді.
Медициналық куəліктің берілгендігі туралы «нəрестенің даму та-
рихында» (ф.097/у) көрсетілуі қажет, ал нəресте өлсе, онда «туылу 
тарихында»(ф.096/у) белгі қалдырылады. 
Елімізде қабылданған заңнамаға сəйкес өлім оқиғалары да міндетті 
түрде жергілікті АХАЖ да 3 тəуліктің ішінде медицина мекемесінің 
берген куəлігін негіз ете отырып тіркеуге алынады.
Өлім оқиғаларын тіркеуге алу үшін «Өлім туралы дəрігерлік куəлік» 
(ф.106/у-084) жəне «Өлім туралы фельдшердің анықтамасы» (ф.106-
1/у -084) беріледі. 
«Өлім туралы дəрігерлік куəлікті» 2 немесе одан артық дəрігерлер 
қызмет атқаратын барлық денсаулық сақтау мекемелері бере алады. Бір 
дəрігер ғана қызмет атқаратын ауылды жердегі медицина мекемесінде
немесе дəрігері жоқ, тек фельдшер қызмет атқаратын медицина 
мекемесінде «Өлім туралы фельдшердің анықтамасы» толтырылады. 
Фельдшерге «Өлім туралы дəрігердің анықтамасын» беруге тыйым са-
лынады. Бұл құжаттарды медицина мекемесінде сақталатын құжаттың 
түбіртегіне қол қойғызып барып беріледі. Өлген адамның мəйітін 
«Өлім туралы дəрігер мен фельдшердің анықтамасынсыз» қолға беру-
ге рұқсат етілмейді.
Егер өлген адамның мəйітін медицина мекемесі жерлесе, онда 
осы мекемеде «Өлім туралы дəрігердің куəлігі» толтырылады жəне 3 
күннің ішінде АХАЖ-ға тіркеуге жеткізеді. «Өлім туралы дəрігердің 
куəлігін» ауруды бақылаған дəрігер медициналық құжаттар мен 
«аурудың тарихындағы» мəліметтердің негізінде немесе патолога-
натом аурудың медициналық құжаттары мен мəйітті ашып тексеру 
нəтижелеріне сүйене отырып толтырады. Патологоанатомиялық зерт-
теуге ауруханалық мекемеде шетінегендердің барлық денелері тарты-
лады. Тек аурахананың бас дəрігерінің мəйітті ашпау туралы шешім 


38
қабылдауға құқығы бар. Бұл жағдайда бас дəрігер мəйітті ашпаудың 
себептерін стационарлық аурудың картасында көрсетіп, жазбаша түрде 
нұсқау береді. Алайда, мəйітті ашпау туралы шешім инфекциялық ау-
румен стационарда 1 тəуліктен кем емделген, тірі кезінде диагнозы 
анықталмаған жағдайда, диагностикалық зерттеу немесе емдеу шара-
ларын өткізу барысында қайтыс болуға байланысты берілмейді.
«Өлім туралы фельдшердің анықтамасы» аурудың өліміне дейін 
бақылау нəтижелері көрсетілген медициналық құжаттардың деректері 
негізінде жəне фельдшер өлімге алып келген диагнозды нақты көрсете 
алған жағдайда ғана толтырылады.
Егер өлімнің туындауына алып келген зорлық-зомбылық, 
механикалық аксификсия, аса жоғары жəне төмен температура, электр 
тоғының жоғары қысымы, медицина мекемесінен тыс жерде жасалған 
жасанды түсік тастау, медициналық бақылауда болмаған балалардың 
кенеттен өлімі, аты-жөні анықталмаған мəйіттердің өлімі туралы 
дəрігердің куəлігін тек қана патологоанатомиялық зерттеуден кейін 
сот медициналық сараптау саласының маман дəрігері бере алады. 
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты туындаған өлім туралы 
фельдшердің анықтамасын беруге тыйым салынады. Егер кенеттен 
туындаған өлімнің себебі түсініксіз болса, онда фельдшердің өлім ту-
ралы анықтамасы толтырылмайды.
Өлімнің туындауын көзбен көрмей жəне көз жеткізбей «өлім ту-
ралы дəрігерлік куəлікті» немесе фельдшердің анықтамасын беруге 
тиым салынады. Өлім оқиғасын АХАЖ-да тіркеуді жəне мəйітті көмуді 
кешіктірмеу мақсатында «Өлім туралы куəлік» «түпкілікті», «алдын 
ала» немесе «алдын ала берудің орнына» деген белгілермен толтыры-
лады.
«Өлім туралы дəрігерлік куəлікте» «алдын ала» деген белгіні 
өлімнің туындау себебін анықтау немесе толықтау үшін қосымша зерт-
теу жұмыстарын атқару қажет болған жағдайда қояды. Сонымен қатар 
куəлікті беру мезетінде өлімнің түрі (өндірісте немесе өндірістен тыс 
кездейсоқ жағдайда туындаған қайғылы оқиға, өзіне қол салу, өзгенің 
қолынан өлу) анықталмаған, алайда болашақта анықталу мүмкіндігі 
бар жағдайда осындай белгі қойылады. 
Өлімнің түрі мен себебі анықталғаннан кейін «алдын ала» берілген 
куəліктің орнына жаңа куəлік толтырылып, статистикалық басқармаға 
1 айдың ішінде жеткізіледі. «Өлім туралы дəрігерлік куəліктің» дұрыс 
толтырылуын, нақтылығын жəне өлген адамның туыстарына дер 
кезінде тапсырылуын денсаулық мекемесінің бас дəрігері қадағалауға 
алып, толық қамтамасыз етуі тиіс.
«Өлім туралы дəрігерлік куəлік» пен «фельдшердің өлім туралы 
анықтамасы» статистикалық есепті құрастыру үшін қолданылады.
«Өлім туралы дəрігерлік куəлік» пен «фельдшердің өлім туралы 
анықтамасы» қаламшамен анық етіп толтырылып, барлық қажетті 


39
деректер жазылады. Егер жеке деректер жоқ болса, онда құжатта 
«белгісіз» деген белгі қойылады.
«Өлім туралы дəрігерлік куəліктің» 7-пунктінде өлген адамның 
түпкілікті мекен-жайы көрсетіледі, ал 9-пунктінде өлімнің негізгі 
себебі немесе өлімнің туындауына алып келген оқиға жазылады. Егер 
өлімнің себебін анықтау мүмкіндігі жоқ болса, онда «өлімнің түрі 
анықталмады» деген белгі қойылады. Куəліктің 11-пунктінде оны 
толтырған дəрігер өзінің аты-жөнін, атқаратын қызметін, өлімнің ту-
ындауына алып келген патологиялық өзгерістердің кезеңдерін жəне 
негізгі себебін көрсетеді. Өлімнің негізгі себебін анықтаудың маңызы 
аса зор. «Өлім туралы дəрігерлік куəлік» пен «фельдшердің өлім ту-
ралы анықтамасы» тек қана өлімді куəландыратын құжат емес, соны-
мен қатар ол өлім оқиғаларын есепке алатын мемлекеттік статисканың 
негізі болып табылады.
Егер өлімге алып келген бір ғана себеп болса, онда құжаттарды 
толтыруда ешқандай қиындық туындамайды. Егер өлімге алып кел-
ген негізгі себептер бірнеше болса, онда оның бірін таңдап алып, оны 
«өлімнің алғашқы себебі» деген терминмен белгілейді. Ол ауру мен 
жарақаттан патологиялық өзгерістердің сатылап туындап, өлімге алып 
келу үдерісі болып табылады.
Өлімнің себептерін тəртіппен жазу дəрігерге өлімнің негізгі 
себебін анықтап көрсетуге көмектеседі. Ал негізгі ауру деп тек белгілі 
бір назологиялық бірлікті айтуға болады.
Өлімнің себебін «Өлім туралы дəрігерлік куəліктің» 11-пунктінде 
екі бөліп жазады. Оның бірінші бөлігінде этиологиялық-пато-
генетикалық байланыстағы аурулар келтіріледі.
«а» қатарында, дəрігер өлімнің негізгі себептерін (негізгі аурудың 
асқынулары), «б» қатарында, дəрігер өлімге алып келген негізгі ауруды 
көрсетуі тиіс.
11-пункттің екінші бөлімінде өлген адамда анықталған, өлімнің 
негізгі себебі болған патологияның жүруін одан ары қиындатқан өзге 
аурулар келтіреді.
Тірі туылған деп есептеу үшін анасынан бөлініп шыққан, жатыр-
дан шығарылып алынған нəресте тыныс алуы немесе тіршіліктің 
өзге белгілерін байқатуы тиіс. Оның ішінде жүректің соғысы немесе 
бұлшық еттерінің қозғалысы анықталуы қажет.
Өлі туылған деп есептеу үшін шарана туылу барысында не-
месе бөлініп алған кезінде шетінеген болуы тиіс. Шарананың өлі 
туылғандығына тыныс алудың жоқтығы немесе тіршіліктің өзге 
белгілерінің болмауы нұсқай алады.
Өлі жəне тірі туылу статистикасының өзіндік ерекшеліктері бар. 
Денсаулық сақтау мекемесінің медициналық құжаттарында салмағы
500 грамм жəне одан жоғары болып тірі немесе өлі туылған барлық 
нəрестелер тіркеледі.


40
Азаматтық халдің актісін жазу бөлімінде тірі туған нəресте ретінде
тіркеуге алынатындар қатарына жататындар:
1) Салмағы 1000 грамм жəне одан артық немесе туылғаннан кейінгі 
салмағы белгісіз, бойының ұзындығы 35 см немесе одан артық, немесе 
жүктілік мерзімі 28 апта жəне одан артық, сонымен қатар 1000 грамм-
нан төмен салмақтағы егіз туылғандар;
2) Тірі туылып, 168 сағаттан артық өмір сүргендер;
3) Дене салмағы 500 ден 999 граммға дейінгі барлық нəрестелер 
жатады.
Туылу – жаңа ұрпақтың жалғасуын қамтамасыз ететін, түбінде 
биологиялық себептері бар үдеріс болып табылады. 
Туылу үдерісіне сонымен қатар əлеуметтік-экономикалық, 
психологиялық, өмір сүру салты мен себептері, дəстүр жəне діни 
əдептер, балалардың туылу үдерісін реттейтін саясат əсер етеді. Оны 
демографиялық саясат деп атайды.
Туылу деңгейі жоғары елдерде оны төмендетуге, ал төмен елдерде 
оны жоғарылатуға бағытталған саясат жүзеге асырылады.
Бұл үдерістің қауырттылығын сараптау жəне бағалау мақсатында 
арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Туылудың жалпы коэффициенті немесе 1 жыл ішінде 1000 тұрғынға 
балап есептегенде тірі туылғандар саны деген көрсеткіш бар. 
Туылудың жалпы коэффиценті бұл үдерістің қауырттылығын 
көрсете алмайды. Тек қана осы көріністі жалпылама сипаттау үшін 
қажет. Ал туылудың нақты бағасын беру үшін арнайы көрсеткіштер 
қолданылады Олардың қатарында жалпы жəне некелілер тұқымдылы 
коэффиценттері бар.
Жалпы тұқымдылық коэффициенті (ЖТК) = 
жыл бойы тірі туылу саны х100
Некелілердің тұқымдылық коэффиценті (НТК) = 
жыл бойы тірі туылғандар саны х1000
Бұл коэффиценттер 15-49 жастағы фертильдік немесе тұқым көтеру 
жасындағы 1000 əйелге балап есептелінеді. Осы жастық интервалдан 
төмен жəне жоғары жастағы əйелдердің бала көтеру жəне босану 
оқиғалары болмашы. Бала босану көрсеткішінің жастық шамалар бо-
йынша таралуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жағдайда төмендегідей 
жастық интервалдар есепке алынады. Оның ішінде: 15-19; 20-24; 25-
29; 30-34, 35-39; 40-44; 45-49 жыл деген топтар бар.
Əйелдердің жастық топтарына қарай бала туу коэффиценті = 


41
Туылу үрдісіне мінездеме беруде туылудың жиынтық коэффицен-
тінің атқаратын рөлі өте үлкен. Бұл коэффицент туылу көрсеткішінің 
деңгейі əрбір жастық топқа өзгеріссіз сақталған жағдайда 1 əйелдің 
өмірінде орта есеппен дүниеге əкелетін ұрпағының санын көрсетеді.
Бұл көрсеткіш тұрғындардың жастық топтарға бөлінуіне тəуелді 
емес, тек қана осы күнтізбелік жылдағы туылу көрсеткішінің орташа 
деңгейін анықтайды. 
Туылудың жиынтық коэффициенті жастық туылу коэф-
фициенттерінің қосындысы ретінде, бір жылдық жастық топтар бой-
ынша есептеледі. 
Тұрғындардың санын бір деңгейде өзгеріссіз сақтап қалу үшін 
бұл көрсеткіш 2,0 коэффициентінен артық болуы қажет, (мысалы, 
2,15-2,20), Себебі кейбір некедегі əйелдер мүлдем бала көтермейді. 
Туылу көрсеткішінің орташа деңгейі 15-25‰ болуы тиіс. Ал туылудың 
15 ‰ төмен болуы көрсеткіштің төмен, ал 25‰ жоғары болуы бұл 
көрсеткіштің жоғары екендігін байқатады.
Туылу көрсеткішін бағалау үшін оның бірнеше жылдық деңгейін 
есепке алады. Алынған мəліметті өзге аймақтарда қалыптасқан 
деңгейімен салыстырады. Сонымен қатар осы аймақта қалыптасқан 
өлім көрсеткішінің деңгейі мен динамикасымен салыстырады. Туы-
лу үдерісіне əсерін тигізетін негізгі себептерді есепке ала отырып 
қана бұл көрсеткішті жақсартуға бағытталған профилактикалық 
бағдарламаларды жасауға жəне тəжірибеде тиімді іске асыруға бола-
ды. Біздің Республикада қалыптасқан туылу көрсеткішінің динамика-
сы тұрғындар санының жылдам өсуін қамтамасыз етіп отырғандығын 
көрсетеді. Егер 1900 жылы туылу көрсеткішінің деңгейі 49,5‰ құраса, 
1940 жылы оның деңгейі 39,4‰ дейін төмендеді. Бұл көрсеткіштің 
айтарлықтай төмендеуі 1970 жылдан бастап көрініс бере бастады. Оның 
осы кезеңдегі деңгейі 35,7‰ құрады. ХХ ғасырдың 90 жылдары Кеңес-
тер Одағының ыдырап, ауыр əлеуметтік-экономикалық тоқыраудың 
əсерінен демографиялық үдерістің күрт төмендеуі байқалды. Осы 
жылдары, əсіресе 1994-1999 жылдары туылу көрсеткішінің деңгейі 
15,0-16,0‰ дейін төмендеді. Республиканың Солтүстік аймақтарында 
туылу көрсеткішінің деңгейі өлім көрсеткішінің деңгейінен де төмен 
болып кетті. Тек қана Республиканың əлеуметтік-экономикалық 
тоқыраудан шығуы, халықтық əлеуметтік жағдайының жақсаруы туы-
лу көрсеткішінің жоғарылауына алып келеді. 2005-2010 жылдары туы-
лу көрсеткішінің динамикалық жоғарылауы байқалады. Əсіресе, қазақ 
халқының демографиялық тірегі болып келген Оңтүстік Қазақстан 
облысындағы туылу көрсеткішінің динамикасы арта түсіп, 26,0‰ 
дейін жетіп отыр. 
Кез келген аймақтағы əлеуметтік, демографиялық жəне 
медициналық бақуаттылықты бағалау үшін туылу көрсеткішімен 
қатар өлім көрсеткішін де есепке алу керек. Туылу жəне өлім 


42
көрсеткішінің арақатынасы тұрғындардың тоқтаусыз өсімін немесе 
жаңаша құрамының қалыптасу үдерісін анықтайды. Туылу көрсеткіші 
деңгейінің өлім көрсеткішінен арту деңгейі тұрғындардың табиғи 
өсімін көрсетеді. Өлім көрсеткішінің жалпы деңгейі деп белгілі бір 
аумақтағы 1000 тұрғынға балап есептегендегі 1 жыл ішінде өлгендердің 
санын айтады. Бұл көрсеткішті төмендегідей формуламен есептейді. 
Жалпы өлім көрсеткіші =
Кеңестер Одағы кезеңінде жылдық саны жалпы өлім көрсеткіші 
бірте-бірте төмендеді. Егер ХХ ғасырдың басында бұл көрсеткіштің 
деңгейі 50‰ дейін жетсе, 1940 жылы 18,2‰ дейін, ал 1969 жылы 6,9‰ 
дейін төмендеді. 1970 жылдан 1989 жылға дейін бұл көрсеткіш қайта 
көтеріліп, 14,7‰ жетті. Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан 
Республикасында жалпы өлім көрсеткіші бірден төмендей қойған жоқ. 
1999 жылы оның деңгейі 15,7‰ дейін көтерілді. Бұл көрсеткіштің 
деңгейіне көптеген себептер жайсыз əсерін тигізді. Оның қатарында 
соғыс қимылдары, терроризм, ауыр əлеуметтік-экономикалық аху-
ал, аурулардың эпидемиясы, жайсыз экологиялық жағдай жəне т.б. 
Экономикасы дамыған Европа елдерінде бұл көрсеткіштің деңгейі 
аса жоғары емес. Батыс Европада 8-9‰ дейін жетсе, Шығыс Европа 
мемлекеттерінде 5-6‰ арасында қалыптасқан. Европадағы жалпы 
өлім көрсеткішінің деңгейіне əсер ететін негізгі себеп, тұрғындардың 
құрамында қартайған адамдардың үлес салмағының жылдам ұлғаюы 
болып табылады. Осыдан соңғы он жылда (2000-2010) Японияда 
жалпы өлім көрсеткішінің деңгейі 7,0‰ ден 7,4 ‰ дейін, Голландия-
да 8,7 ‰ ден 9,1 ‰ дейін, Америка Құрама Штаттарында 8,7 ‰ ден 
8,9 ‰ дейін,Швецияда 10,3 ден 10,5 ‰ дейін, Францияда 9,2 ‰ ден 
9,4 ‰ дейін артқан. Өзге дамыған Европа елдерінде өлімнің жалпы 
көрсеткіші 9,0 ‰ төмендей қойған жоқ.
Тұрғындар арасындағы кездесетін жастық-жыныстық топтар-
да қалыптасқан өлім көрсеткішін төмендегі формуланың көмегімен 
есептеуге болады.
Берілген жастық-жыныстық топтағы өлім көрсеткіші =
Жастық топтардағы тұрғындардың арасындағы өлім көр-
сеткіштерінің қалыптасуында жалпы заңдылықтармен қатар, өзін-
дік ерекшеліктері де бар. Мысалы, нəрестелер мен сəбилер арасында 
туылғаннан кейінгі бірінші минутта, сағатта, күнде, аптада, айда өлім 
оқиғаларының туындау мүмкіндігі аса жоғары болады. Сондықтан осы 
топтағы өлім көрсеткішінің деңгейін, динамикасын мониторлау ерекше 
əлеуметтік-гигиеналық жəне медициналық маңызға ие болып отыр. ХХ 


43
ғасырдың соңына дейін 1 жастағы балалардың арасында қалыптасқан 
өлімді «балалар өлімі» деген терминмен сипаттап келді. Ал, шындығы-
на келсек балалар өлімі дегеніміз – 15 жасқа дейінгі балалардың өлімі 
болып табылады, ал 1 жастағы балалардың өлімі сəбилер өлімі деген 
атпен белгіленеді. Бұл топтағы өлімнің демографиялық жағдайды 
жəне тұрғындардың денсаулығын бағалаудағы алатын орны ерек-
ше. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл көрсеткішті орташа 
өмір сүру ұзақтығы мен туылған нəрестенің дене салмағымен қатар 
денсаулықтың интегралды көрсеткішіне жатқызады. 
Балар арасындағы əр кезеңде қалыптасатын өлім көрсеткішін есеп-
теуде төмендегідей формулалар қолданылады:
Балалар өлімінің жылдық көрсеткіші =
Сəбилер өлімінің жылдық көрсеткіші
Ерте неотальдық өлім (баланың 1 аптадағы өмірі) 
=
Неонтальдық өлім = 4 апталық жаста өлгендер саны 28
Поснатальдық өлім = 
Перинатальдық өлім көрсеткіші 

Денсаулық көрсеткіштері əдепкіде 1000 тұрғынға балап есептеледі. 
Сондықтан нəрестелер мен сəбилер өлімі оқиғалары да 1000 тірі 
туылған балаға балап есептелінеді. 1 жасқа дейін шетінегендердің 
үштен бір бөлігі алдыңғы жылы туылғандар болғандықтан, осы жас 
аралығында өлгендерді есептегенде ағымдағы күнтізбелік жылда 
өмірге келгендердің үштен екі бөлігін жəне өтіп кеткен жылғы тірі 
туылғандардың үштен бір бөлігін алады.
Сəбилердің өлім көрсеткішінің құрамына ерте неонатальдық өлім (1 
аптадағы немесе 168 сағат ішіндегі өлім), неонатальдық өлім (алғашқы 
4 апта ішіндегі өлім) жəне постнеонатальдық (29 күннен 1 жылдың 
аяғына дейінгі) өлім кіреді.
Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалауда 
перинатальдық өлім көрсеткішін зерттеудің маңызы өте үлкен. 
Бұл көрсеткіштің құрамына өлі туылу жəне ерте неотальдық өлім 
оқиғалары кіреді. Қазіргі таңда перинатология мəселелерін кешенді
түрде зерттейтін жəне оның алдын алуға арналған профилактикалық 
бағдарламалардың ғылыми негізін жасап, тəжірибеде жүзеге асыратын 
зерттеу институттары мен емдеу мекемелері ашылған.


44
Балалардың жасы ұлғайған сайын олардың арасындағы өлім 
көрсеткіштері төмендей түседі. Балалар арасындағы өлім көрсеткішінің 
ең төменгі деңгейі 5-9 жəне 10-14 жас аралығында қалыптасқан. 15 жас-
тан бастап өлім көрсеткіші бірте-бірте арта түседі. Ал оның алғаш 
рет күрт ұлғаюы 50 жастан асқанда байқалады жəне бірден 1,4 есе-
ге жоғарылайды. Бұл көрсеткіштің екінші рет күрт ұлғаюы 80 жас-
тан асқанда көрініс береді жəне оның деңгейі 1,6 есеге артады. Өлім 
көрсеткішінің үшінші рет күрт жоғарылауы 85 жастан кейін байқалады 
жəне алдыңғы жылдардағы деңгейден 1,75 есеге көтеріледі. 
Сəбилердің өліміне алып келетін себептердің ішінде бастапқы 
орында перинатальдық кезеңдегі жағдай орналасқан жəне олардың 
үлес салмағы 46% жетеді. Екінші орында туа біткен аномалиялар 
(22%), үшінші орында тыныс органдары аурулары (14%) орналасқан. 
Инфекциялардың үлесіне 
(7%) 4 орын тисе, бесінші орында жарақаттар мен уланулар (5-6%) 
орналасқан.
Өлі туылудың негізгі себебі (73-75%) жатыр ішіндегі асфиксия бол-
са, ерте неонатальды кезеңдегі өлімге туылу барысындағы жарақаттар, 
жатыр ішіндегі инфекцияларға байланысты болады.
Неонатальдық кезеңдегі өлімге алып келетін себептердің арасын-
да тыныс органдары мен ас қорыту, ішек жолы аурулары басым рөлге 
ие. Постнеонатальдық кезеңде жоғарыда аталған себептердің өлімнің 
туындауындағы орны одан ары күшейе түседі. 
Сəбилердің өлімі дамыған Еуропа елдерінде 5-8‰ аспайды. Біздің 
Республикадағы сəбилер өлімінің деңгейі 18-20 ‰ төмендемей отыр. 
Оның себептері Еуропа елдеріндегі сəбилер өліміне алып келетін 
себептердің құрамымен бірдей. Сондықтан бұл жағдайды түзеуге бо-
лады деуге мүмкіндік бар.
Осы жағдайды жақсарту үшін сəбилер өліміне алып келетін 
себептердің алдын алу шараларын барынша жетілдіру жəне белсенді 
түрде іске асыру қажет.
Өлім көрсеткішінің құрамында ересек адамдардың арасында қа-
лыптасқан өлім оқиғаларының үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Орта 
есеппен ересек адамдардың өлімі 12,9-13,9 ‰ дейін жетеді. Барлық 
жастағы топтар арасында ер кісілердің өлім көрсеткіші əйелдердің 
көрсеткіштерінен 1,3-1,5 есе жоғары болып қалыптасқан. Ер кісілер 
мен əйелдер арасындағы өлім көрсеткішінің айырмашылығы, əсіресе 20 
мен 34 жаста аса жоғары жəне 4,0-4,5 есеге дейін жетеді. Жастары одан 
ары ұлғайған сайын ер кісілер мен əйелдердің өлім көрсеткіштеріндегі 
айырмашылық бірте-бірте төмендей түседі. Алайда 80 жастан асқанша 
ер кісілердің өлім көрсеткіші əйелдердің көрсеткішінен артық күйінде 
қалып отыр. Əйелдер арасында қалыптасқан өлім көрсеткішінің ең 
жоғары деңгейі 85 жастан басталса, ең төменгі деңгейі 10-14 жас 
аралығында кездеседі.


45
Өлімге алып келетін себептердің құрамын зерттеу тұрғындардың 
денсаулығын жан-жақты сипаттауға көмегін тигізеді жəне мемле-
кет тұрғындар денсаулығын қамтамасыз етудегі сауықтыру шарала-
рын ұйымдастыру тиімділігін көрсетеді. Денсаулық сақтау жүйесінің 
жəне медицина мекемелерінің жұмыс істеу сапасын, дəрігерлердің 
біліктілігін анықтайды. Егер ХХ ғасырдың басында тұрғындардың 
өліміне алып келетін себеп ретінде инфекциялық ауру ерекше рөл 
атқарса, қазіргі кезеңде өлімнің негізгі себептері ретінде жүрек-қан та-
мыры аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар мен уланулар жəне созыл-
малы бейэпидемиялық аурулар басым бола бастады. Қазақстан Респу-
бликасында тұрғындардың өліміне алып келетін аурулардың арасында 
жүрек-қан тамыры ауруларының үлес салмағы 56%, қатерлі ісіктердің 
үлес салмағы 17%, жарақаттар мен уланулардың үлес салмағы 15%, 
тыныс органдары ауруларының үлес салмағы 6%, ас қорыту орган-
дары ауруларының үлес салмағы 3% болып отыр. Соңғы 15 жылда 
өлімге алып келетін себептер ретінде жүрек-қан айналу жүйесі ау-
руларымен қатар, жарақаттар мен уланулардың рөлі жылдам арту-
да. Тұрғындар арасында қатерлі ісіктердің таралуы мен өлімге алып 
келуі де арта түсуде. Сонымен тұрғындардың арасында қалыптасқан 
өлім көрсеткішінің артуына барлық қатерлі себептердің қосатын үлесі 
жылдан-жылға ұлғаюы үстінде деп айтуға болады. Сондықтан өлім 
туғызатын қатерлі себептерге қарсы профилактикалық шаралардың 
ғылыми негізін жасап, оны тəжірибеде белсенді жүзеге асыру бүгінгі 
таңдағы ең маңызды əлеуметтік-медициналық мəселе болып отыр. 
Өлім көрсеткішінің деңгейін төмендетуге бағытталған про-
филактикалық шараларды жүзеге асыру үшін еңбек ету жасындағы 
əйелдер мен ер кісілер арасындағы өлім көрсеткіштерінің деңгейін, 
динамикасын салыстырудың маңызы үлкен.
Еңбек ету жасындағы ер кісілер арасындағы өлім көрсеткішінің 
деңгейі орта есеппен 465 ‰
00
құраса, əйелдер арасында 115‰
00 
түзейді. Өлімге алып келетін негізгі патологиялардың жыныстық 
ерекшеліктер бойынша қалыптасу заңдылықтарын зерттеу, барлық 
қауіпті аурулардың деңгейі ер кісілерде əйелдерге қарағанда бірнеше 
есе жоғары екендігін көрсетті. Ер кісілер арасында
өлімге себеп бо-
латын жарақаттар мен уланулардың таралу деңгейі (186,0‰
00

əйелдердің арасындағы көрсеткіштен (36‰
00
) 5 есе жоғары, ты-
ныс органдары ауруларының таралуы ерлерде (21,3‰
00
) əйелдерге 
қарағанда (3,8‰
00 
) 6 есе, жүрек-қан айналу жүйесі ауруларының тара-
луы ерлерде (132‰
00 
) əйелдерге қарағанда (29‰
00 
) 4,5 есе, ас қорыту
органдарының таралуы ерлерде (19,4‰
00 
) əйелдерге қарағанда (5,7‰
00
)
3,5 есе жоғары екендігі анықталды.
Негізгі өлімге алып келетін аурулардан адамдардың орташа өлімге 
ұшырау жасы аса өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Жүрек-қан қан айна-
лу жүйесі ауруларынан туындаған өлімге ұшыраудың орташа жасы 


46
72 жылды құраса, инфекциялық жəне паразитарлық аурулардан 
өлгендердің орташа жасы 44 жылды құрады (3-сурет).
Біздің елімізде жүрек-қан тамыры ауруларынан туындаған өлім 
көрсеткіші АҚШ, Германия жəне Франция тұрғындарының осы пато-
логиядан туындаған өлім көрсеткішінің деңгейінен 3-5 есеге жоғары, 
қатерлі ісіктерден туындаған өлім көрсеткішінің деңгейі 2,0 есеге 
артық.
Өлім оқиғаларын талқылау барысында абортқа немесе түсік тас-
тауға байланысты туылмаған балалардың өлімін айтпай кетуге болмай-
ды. Біздің елімізде əйелдер арасында түсік тастау оқиғалары кеңінен 
етек алған. 
Алғаш рет жүкті болған əйелдер арасында түсік тастау 
оқиғаларының үлес салмағы 9-10% жетеді. Оның 1,5-2,0% 18 жасқа 
дейінгі қыздардың үлесіне тиеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет