28
Өзбекстан, Түркіменстан, Тəжікстан жəне Қырғыз Республикалары-
нан, сонымен қатар, Ауғаныстан мен Монғолиядан
Қазақстанға қонасы
аударған этникалық қазақ диаспораларынан түзілді.
Эмиграциялық топтардың ұлттық құрамы 1990 жылдан бері аса
үлкен өзгеріске ұшырай қойған жоқ. 1994 жылғы Республика аумағы-
нан қоныс аударғандардың 58,5%
- орыстар, 8,0% - украиндар 19,0% -
немістер, 3,0%-қазақтар болса, Республикаға қоныс тепкендердің
44,0% - орыстар 28,0% - қазақтар 7,0% - украиндар 4,0% - немістер
болып шықты.
2000 жылғы эмигранттардың
этникалық құрамы мынадай бо-
лып шықты: Орыстардың үлес салмағы 58,4%, немістердің - 18,6%,
украиндардың - 8,8%, қазақтардың үлес салмағы - 4,6%. Осы
жылғы Қазақстанға қоныс тепкендер арасындағы орыстардың үлес
салмағы 41,4%, қазақтардың үлес салмағы - 33%, украиндардың 6%,
немістердің үлес салмағы - 3,6% болып шықты. Біздің Республиканың
демографиялық шығыны барлық ұлттардан тұрғанымен, оның 60%
орыстардың эмиграциясынан туындап отыр.
Немістердің эмиграциядағы үлес салмағы да айтарлықтай жəне
олардың миграциялану үдерісі 2 рангалық орынды алған болып шықты.
Біздің республикада 1989 жылғы халық санағы бойынша тіркелген 1
миллионнан астам немістердің 80%-нан
артығы Германияға қоныс ау-
дарды.
Оңды миграциялық сальдо тек шетелдерден қайтатын этникалық
қазақтар үшін қалыптасты. Осының барлығы шетелдерге ХІХ жəне
ХХ ғасырлардағы қуғынға байланысты қоныс аударған қазақтарды
елге қайтару жөніндегі мемлекеттік саясаттың
арқасында туындаған
жағдай деп есептеуге болады.
1991 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта Республикаға 42,3 мың
отбасы оралды, ал келген оралмандардың жалпы саны 183,6 мың
адамға жетті. 2000 жылғы миграциялық агенттіктердің мəліметтеріне
қарағанда Республикаға 20,7 мың қазақ-репатрианттар отбасылары
оралды. Олардың 2/3 бөлігі бұрынғы Одақтас Республикалардан, ал
қалғандары алыс шетелдерден оралғандар.
1999 жылғы алғашқы республикалық
ұлттық санақ бойынша
анықталған тұрғындардың 53,4% қазақтар болып шықты, ал 1989
жылғы санақ бойынша республикадағы этникалық қазақтар саны
бар болғаны 40% құрған еді. 2007 жылғы
статистикалық деректер-
ге сүйенсек, Республика тұрғындарының құрамындағы этникалық
қазақтардың үлес салмағы 59,4% құрады (2-сурет).
Сонымен, миграциялық үдерістің этникалық жəне əлеуметтік-кəсі-
би сипаттамасы соңғы он жыл ішінде күрделі өзгеріске ұшырады. Ре-
спубликада қазіргі қалыптасқан этнодемографиялық жағдай еліміздің
одан
ары тұрақтануына, қазақ этносының өз отанында жеткілікті
артықшылықтарға ие болып, егемендіктің нығая түсуіне себеп болуда.