Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай



Pdf көрінісі
бет12/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

1.4. Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Қазақстан халқы мигра-
циялық қозғалыстардың əсерінен күрделі құрамдық жəне сапалық 
өзгерістерге ұшырауда. 1968 жылға дейін Республикаға келуші 
мигранттардың саны, шетелдерге кетуші эмигранттар санынан бірне-
ше есе артық болып қалыптасты. Мысалы, 1950-1959 жəне 1960-1969 
жылдардағы Республика халқының мигранттар санымен толығуы 
1000 тұрғынға балап есептегенде 12 жəне 4,9 адамға дейін жетті.
1970-1979 жəне 1980-1989 жылдары миграциялық қозғалыс Респу-
бликадан тыс бағытта өрби бастады. Осыдан Қазақстан халқы санынан 
азаюы 100 тұрғынға балап есептегенде 5-7 адамды құрады. Миграция 
салдарынан ХХ ғасырдың 70 жылдары Қазақстандағы табиғи өсім 
деңгейі 28% төмендеді, ал 80 жылдары 38% азайды. Осы 20 жыл ішінде 
халықтың табиғи өсімінің кемуінен Республика 5 миллион адамнан 
айрылды. 1990 жылдары басталған саяси-экономикалық өзгерістерге 
байланысты Кеңестер Одағындағы миграциялық үдеріс жаңа қуат 
алды. Қазақстан Республикасына 1940-1945 жылдары депортацияға 
ұшырап қоныс тепкен жəне 1954-1975 жылдары тың өлкені игеру де-
ген мақсатпен қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдері елдеріне жаппай 
қайта бастады. Егер 1987 жылы Қазақстаннан 7,1 мың адам эмиграция 
жасаса, 1988 жылы - 23,6 мың, 1989 жылы - 53 мың адам қоныс ау-
дарды. Бұл Кеңестер Одағындағы эмиграцияның жартысынан астамы 
(108,2 мың адам) бола-тұғын.
1991 жылғы статистикаға қарағанда Республикадан тыс елдерге 
қоныс аударғандардың 77,9 мыңы Германияға (92,6%), қалғандары Гре-
ция, Израиль жəне Ресей мемлекеттеріне бет бұрды. Мемлекетіміздің 
тəуелсіздік алуы эмиграциялық қозғалысты одан ары өршітті. Осының 
салдарынан Республика тұрғындарының табиғи өсімі 1990-шы жылы 
55,8%-ға, 1991 жылы-22,2%-ға 1992 жылы-89,3%-ға төмендеді.
1993 жəне 1994 жылдардағы шетелдерге бағытталған миграциялық 
қозғалыстар табиғи өсімнен 1,4 жəне 2,8 есе жоғары болып шықты.
1992-2000 жылдар арасындағы мемлекеттер арасындағы 
миграциялық алмасуға 111 мың қатысты. 1996 жылғы деректерге 
қарағанда біздің еліміздің аумағынан 54 мың, ал 1997 жылы 38 мың 
адам өзге елдерге қоныс аударды. ХХ ғасырдың 90 жылдарының 
соңында Республикадан қоныс аудару үдерісі саябырсып, 1999 жəне 


27
2000 жылдары 37,1 мыңнан 33,6 мың адамға дейін төмендеді. Осы 
кезеңнен бастап біздің елімізге бағытталған миграция ұлғая бастады. 
Сондықтан осы кезеңге дейінгі миграциялық теріс сальдо бірте-бірте 
жойылып, оңды сальдоға қарай бет бұрды.
Осылайша 2000 жылы 1994 жылға қарағанда эмигранттар саны 3 
есе төмендеді, ал миграциялық теріс сальдо болса 3,3 есеге азайды.
1999 жəне 2000 жылдары біздің Республикадан өзге елдерге қоныс 
аударушылар саны 65588 жəне 69365 адамды құрады 2001 жылдың 
1 жарты жылдығында теріс сальдо 46126 адамды құраса, 2002 жылы 
41724 адам болып шықты. Осы кезеңде біздің Республикаға өзге елдер-
ден қоныс аударушылар саны өсе бастады. Оның ішіндегі этникалық 
қазақтардың үлес салмағы басым бола түсті. 1989 бен 2000 жылдар 
арасындағы статистикалық деректерге қарағанда, біздің Республикадан 
өзге елдерге қоныс аударған эмигранаттардың саны 3,5 млн-ға жетті. 
Осы уақыттағы теріс миграциялық сальдо 2,1 млн адамды құрады. 
9 жылдың ішінде Республика тұрғындарының саны 16452 миллион 
адамнан 14821 миллионға дейін кеміп кетті. (1-сурет) Жергілікті ұлт 
өкілдері мен Азиялық ұлт арасындағы туылу көрсеткішінің жоғары бо-
луына қарамай, Республика тұрғындарының саны 1989 жылдан 2000 
жылға дейінгі аралықта 10% төмендеді.
1990 жылдардағы миграция үдерісінің сипаты мүлдем өзгеше 
бағытта өрбіді. Осы кезеңдегі миграция Қазақстан мен бұрынғы 
Одақтас республикалар арасында қалыптасып, оның ішінде Ресей, 
Украина, 1-сурет. 
1-сурет. Қазақстан Республикасы тұрғындарының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет