Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


I БӨЛІМ 1-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖƏНЕ



Pdf көрінісі
бет8/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

I БӨЛІМ
1-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖƏНЕ 
ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ
1.1. Қоғамдық денсаулық жəне денсаулықты сақтау 
ғылым жəне оқу пəні ретінде
Қоғамдық денсаулық жəне денсаулықты сақтау жеке медициналық 
ғылыми бағыт жəне оқу пəні ретінде XIX ғасырдың соңында пай-
да болды. Бұл ғылым адамдардың ұжымдық, əлеуметтік-кəсіби жəне 
жастық-жыныстық топтарының денсаулығын, өмір сүру жағдайы мен 
қоршаған орта себептеріне байланысты қалыптасу заңдылықтарын 
зерттейді.
Қоғамдық денсаулық жəне денсаулықты сақтау пəні қоғам мен 
мемлекеттің əлеуметтік саясат саласындағы бағдарламаларының да-
муына жауап беруі тиіс. Бұл ғылым денсаулық сақтаудың тактикасы 
мен стратегиясын анықтайды. Дəлелді зерттеу нəтижелерін пайдала-
на отырып қоғамдық денсаулықтың деңгейін көтеруге бағытталған 
ұйымдастырушылық, медициналық-əлеуметтік ұсыныстарды жасайды.
Қоғамның жоспарлы жəне тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін 
мемлекетке тұрғын халықтың даму заңдылықтары, еліміздегі 
демографиялық үрдіс, жалпы тұрғындардың жəне жеке топтарының 
негізгі аурулары туралы деректі мəліметтері қажет. Сонымен қатар, 
денсаулықтың бұзылыстарына алып келетін себептерді нақты көрсетіп, 
оны жақсартудың əдістерін жасау, тиімді медициналық көмекті 
ұйымдастырудың мүмкіндігін анықтап, денсаулық жағдайы мен 
денсаулық сақтау мекемесінің жұмысын бағалау əдістерін жетілдіру 
керек.
Осыған қарағанда қоғамдық денсаулықты сақтау атты ғылым үнемі 
əлеуметтік мəселелермен жəне үдерістермен астасып жатады, меди-
цина мен қоғамдық пəндер арасындағы көпір болып табылады. Бұл 
бағыттың негізгі мақсаты медицинаның əлеуметтік мəселелерін шешу 
деп қарастырған жөн. 
Академик Юрии Павлович Лисицын біздің ғылыми бағыттың 
негізгі міндеті əлеуметтік ортаның адамдар денсаулығына тигізетін 
əсерін тереңдете зерттеп, өмір сүру ортасының зиянды əсерін жоюға 
бағытталған тиімді профилактикалық шараларды құрастыру деп 
есептейді. Əсіресе , денсаулыққа жайлы əсер ететін себептерді, қоғам-
ның мүмкіндіктері мен қорларын тиімді пайдаланып тұрғындардың 
денсаулығын барынша жақсарту қоғамдық денсаулықтың алдына 
қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қоғамдық денсаулық жəне денсаулықты сақтау» атты ғылыми 
бағыт пен оқу пəннің туындауына алып келген себептерге төмендегілер 
жатады: 


10
– Тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерінің қалыптасуына мемле-
кет пен қоғамның əртүрлі институттары нақты əсерін тигізе бастады; 
– Тек қана жеке адамның денсаулығы мен ауруының сипатын емес, 
сонымен қатар бірыңғай қоғамдық топтардың жəне жалпы халықтың 
денсаулығы мен ауруының сипатын жəне табиғатын ғылыми тұрғыда 
түсіндіру қажеттігі туындады;
– Профилактика негіздерін меңгерген медицина мамандарын даяр-
лау үшін медициналық білім жүйесіне қоғамдық денсаулық сұрақтарын, 
оның ішінде əлеуметтік патология сұрақтарын енгізу қажет болды. Аты 
аталған шараларды жүзеге асырудың маңызды шарты, тұрғындардың 
ортасында кеңінен таралған аурулардың табиғатын жəне адамдар 
денсаулығының əлеуметтік, қоғамдық мəнін ғылыми тұрғыда дəлелдеу 
болып табылады. 
XIX ғасырдың басына дейін жер бетінде кеңінен таралған ауруларға 
инфекциялық жəне паразитарлық патологиялар жатты. Жеке даму 
үстіндегі жəне дамымай қалған мемлекеттердің тұрғындары ара-
сында осы аурулар қазіргі күнге дейін басым рөлге ие болып отыр 
деуге болады. Сондықтан олар мемлекет басшылары мен үкіметтің, 
қоғамдық күштердің тұрғындар денсаулығын қорғауға жəне алдын 
алуға бағытталған шараларын ұйымдастыру барысында бірінші кезек-
те есте ұстайтын аурулары болып келді. Осы ауруларға қарсы күрес 
мемлекеттің əлеуметтік саладағы ең маңызды саясатын құрайды. 
Құлдық заманнан бері қалыптасқан медицина тарихы дəрігерлердің 
тоқтаусыз ізденістері инфекциялық жəне паразитарлық аурулардың 
профилактикасын жетілдіруге, оның ішінде аса қауіпті эпидемиялық 
ауруларды ауыздықтауға бағытталғандығын көрсетеді. Бірақта осы 
аурулардың нақты себептерін анықтамай, оларға қарсы күресте жеңіске 
жету мүмкін емес еді. Сол заманда инфекциялық жəне паразитарлық 
аурулардың шығуы туралы теориялар, оның ішінде «миазмалар», 
«монадтар» жəне «контагиялар» туралы түсініктер эпидемиялардың 
одан ары өршуіне ешқандай да тоқтау сала алмады. Тек XIX ғасырда 
микроорганизмдер мен вирустарды анықтап, олардың инфекциялық 
аурулардың туындауындағы атқаратын рөлі толық ашылғаннан кейін 
иммунитет туралы ғылыми бағыттың негізі қаланып, тұрғындардың 
денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар белсенді түрде жүзеге асы-
рыла басталды. Алайда инфекциялық ауруларды жеңу үшін мемлекеттік 
шараларды қолға алу қажет болды. Бактериология жəне вирусология 
саласындағы ғылыми жетістіктерді инфекциялық ауруларды тоқтатуға 
бағыттау тек қана мемлекеттік құрылымдардың қолынан келетін жұмыс 
болып шықты. Осы шараларды жүзеге асыратын медицина маманда-
рын даярлау, арнайы эпидемияға қарсы шараларды жасау жəне оны 
жүзеге асыру, профилактиканың ғылыми негізін қалап, тұрғындар ара-
сында кеңінен таралған ауруларды қатаң бақылауға алу үшін көп қаржы 
мен осы үдерістерге бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылымдар 


11
қажет еді. Жоғарыда аты аталған жағдайлар мен себептер қоғамдық 
денсаулық туралы ғылым мен пəннің қажеттілігін туындатты. Қоғамдық 
денсаулықтың ғылыми бағыт ретінде қалыптасуына социология, эко-
номика, психология жəне статистика ғалымдары ерекше үлес қосты. 
Əсіресе статистика ғылымы тұрғындардың денсаулығын бағалауда, 
оның себептік байланыстарын сандық жəне сапалық тұрғыда анықтау-
да, медицина мекемелерінің қызметін сараптауда басты рөл атқарады. 
Қоғамдық денсаулық туралы түсінікке Л. Пастер, Р.Кох жəне 
И. И. Мечниковтың еңбектері ерекше үлес қосты. Олардың аса қатерлі 
жұқпалы инфекциялық ауруларға арналған еңбектері иммунологияның 
дамуына негіз қалады. Демографиялық жəне социологиялық 
ғылымның жетілуіне Т. Мальтустың, А. Ж. Гобино мен Ф. Гальтонның 
халықтардың даму заңдылықтары туралы туындылары жайлы 
жағдай қалыптастырды. Ал, санитарлық статистиканың ғылыми 
тұрғыда негізделуіне Д. Граунттың, В. Петидің, Я. Бернуллидің жəне 
П. Лапластың қосқан үлестері өте үлкен. Ж. Бартильон аурулардың 
жіктелімі мен номенклатурасын жасап, денсаулық көрсеткіштерін 
жүйелі зерттеудің негізін қалады.
Капиталистік қоғамның ең маңызды əлеуметтік жетістігі ретінде 
жұмысшылар арасында ірі топтардың пайда болып, өз мүдделерін 
қорғауға белсене кірісуі деп қарау қажет. Жұмысшылардың əлеуметтік 
салада қойған талаптарының ең маңыздысы денсаулықты қорғау жəне 
əлеуметтік сақтандыру мəселелері болып табылады. Сондықтан өкімет 
орындары əлеуметтік саясатқа барынша көңіл бөліп, медициналық 
көмекті ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыра бастады. Жеке 
қоғамдық топтардың денсаулығына экономды жəне жайлы əсер ету 
əдістерін іздестірді. Алайда капиталистік мемлекеттердегі тұрғындар-
дың денсаулығын қорғау жəне медициналық көмекті ұйымдастыру 
шаралары жұмысшылардың талабын қанағаттандыра қойған жоқ. 
Сондықтан 1830 жəне 1848 жылдары Еуропа мемлекеттерінде 
жұмысшылардың жаппай наразылығы орын алды. Жұмысшылар 
қозғалысының қоғамдық жəне əлеуметтік сипатын Англядағы чартистік 
қозғалыстан айқын байқауға болады. Еңбекшілер қозғалысының 
пəрменділігіне байланысты жеке Еуропа мемлекеттерінде жұмыс-
шыларға əлеуметтік көмек көрсету, сақтандыру жəне денсаулығын 
қорғау туралы заңдар қабылданды. Ал, Россияда фабрика-заводтық 
медицина жүйесі құрылды. 
Əлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен ғылыми-техникалық 
даму ғылыми бағыттардың жіктелуіне жəне олардың нақты 
қалыптасуына алып келеді. Осыдан, XIX ғасырдың екінші жартысын-
да жаңа ғылыми пəндер пайда болды. Медицина саласында невроло-
гия, офтальмология, педиатрия, оториноларингология, патологиялық 
физиология, гистология, адам эмбриологиясы атты ғылыми бағыттар 
пайда болып, тез дами бастады. Осы кезеңде жүйке қызметінің физио-


12
логиясы айтарлықтай жеңіске жетті. Жоғары жүйке қызметінің физио-
логиясы, нервизм, организмнің тіршілік қызметтерін басқару туралы 
ғылыми қағидалардың пайда болуы осы жетістіктердің жоғары шыңы 
деп қарастыруға болады. 
Жаңа ғылыми бағыттардың қатарында эксперименталдық гигиена 
да бар еді. Оның міндеттеріне организмге қоршаған ортаның физикалық, 
химиялық, биологиялық себептерінің əсерін зерттеу жатқызылды. 
Алайда, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген жеке 
ғалымдар адамды биологиялық түр ретінде қарастырып қоймай, соны-
мен қатар оның əлеуметтік жəне қоғамдық ерекшеліктеріне де көңіл 
бөлу керектігін анықтады.
Сондықтан адамдардың əлеуметтік жағдайын, олардың арасында 
ауру тудыратын əлеуметтік себептерін зерттеуге деген қызығушылық 
туындады. Осылайша гигиена ғылымының əлеуметтік, қоғамдық 
бағыттарының қалыптасуына жəне зерттеу жұмыстарының басталуы-
на негіз қаланды. Бұл жаңа ғылыми бағыт қоғамдық денсаулық жəне 
денсаулықты сақтау деген атқа ие болды.
Бұл бағыттың қарқынды дамуы қоғамдық денсаулықтың оқу пəні 
жəне ғылыми бағыт ретінде айқындалуына себеп болды. Осы ғылыми 
бағыт өзінің зерттеу нысаны ретінде тұрғындардың денсаулығын 
жəне оның қалыптасуына алып келетін əлеуметтік-гигиеналық 
себептерді, медициналық көмекті ұйымдастыру жəне денсаулықты 
басқару мəселелерін қарастырды. Ғылыми бағыттың дамуының негізі 
етіп социологиялық, статистикалық, демографиялық, экономикалық, 
философиялық ғылымдардың жетістіктері пайдаланылды. Ал 
өзінің негізгі міндеті етіп тұрғындардың денсаулығын қорғау жəне 
медициналық көмекті ұйымдастыру саласында əлеуметтік саясатты 
жүзеге асырудың ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарын жасау деп 
алды. 
Озық ойлы ғалымдар мен педагогтар, медицина саласының 
оқытушылары денсаулықтың қалыптасуында қоғамдық себептердің 
алатын орнын дұрыс бағалай білді. Сондықтан медицина 
саласындағы кереғар топтардың кедергісін бұзып, қоғамдық гигие-
на, профилактикалық медицина, қоғамдық денсаулық көрсеткіштері 
негіздерін оқытатын оқу бағдарламаларын жасап, лабороториялар 
ашып, курстар ұйымдастырды. Медициналық статистиканы қоғамдық 
денсаулықты бағалау үшін қолдана бастады. XIX ғасырдың 60 жылдары 
Қазан университетінің профессоры А. В. Петров қоғамдық денсаулық 
жəне қоғамдық гигиена пəндерінен лекциялар оқыды, ал 70 жылдары 
осы жоғары оқу орны студенттері арасында медициналық география 
жəне медициналық статистика курстарын ұйымдастырды. Алайда бұл 
курстар тұрақты бола қойған жоқ. Олар басқа пəндердің құрамдық 
бөлігі ретінде қарастырылды. 
Москва, Петербург, Киев, Харьков қалаларында орналасқан жоғары 


13
оқу орындарында бұл курстар кеңінен енгізіле бастады. Қоғамдық 
денсаулық пəні мен ғылымының одан ары дамуына профессорлар 
А. И. Шингарев, А. В. Корчаг-Чепурковский, С. Н. Игумнов, Л. А. Тара-
севич, З. З. Френкель, П. Н. Диатроптов жəне басқалар үлкен үлестерін 
қосты. Алайда бұл еңбектер жаңа оқу мамандығы мен ғылыми пəнінің
алғашқы қалыптасу нышандары еді. 
ХIX ғасырдың екінші жартысында жүрген қоғамдық қозғалыс-
тардың, фабрика-заводтың қайта құрылыстарының жəне өзге де 
əлеуметтік себептердің əсерінен Россия империясында алғаш рет 
қоғамдық гигиенаның негізі туындады. Ол қоғамдық денсаулық туралы 
деректерді зерттеді жəне оқытты, демография жəне жеке аурулардың 
таралуы туралы алғашқы дəрістер өткізіді. ХХ ғасырдың басында Гер-
манияда əлеуметтік медицина деген атаумен алғашқы оқу пəні дүниеге 
келді. 1903 жылы жас дəрігер Альфред Гротьян əлеуметтік медицина 
атты арнайы журнал шығарып, 1905 жылы Берлинде əлеуметтік ги-
гиена мен медициналық статистикадан ғылыми қоғам ұйымдастырды. 
1912 жылы осы мамандық бойынша доцентураның ашылуына қол 
жеткізді, ал 1920 жылы Берлин университетінде əлеуметтік гигиена 
кафедрасын ашты. Осы кезеңнен бастап əлеуметтік гигиена кафед-
ралары Германияның өзге қалаларында, Еуропа мемлекеттерінің 
университеттерінде ашыла бастады. Олардың меңгерушілері А. Фишер, 
С. Неиман, Ф. Принцинг, Э. Ресле, Дж. Граупт, У. Фарр, Дж. Прингль, 
А. Телески, Б. Хайес қоғамдық денсаулықтың одан ары тереңдеуіне 
айтарлықтай үлес қосты. Олар тұрғындар денсаулығына əсерін тигізетін 
əлеуметтік жəне гигиеналық себептерді кешенді түрде зерттей баста-
ды. Əлеуметтік топтардың денсаулығын мемлекеттік тұрғыда қорғауға 
бағытталған ұсыныстар мен талаптарды құрастырумен айналысты. 
Заводтар мен фабрикаларда, шахталарда еңбек етушілердің өмірі мен 
денсаулығын сақтандыру, медициналық көмек беру, санитарлық заңдар 
құрастыру əлеуметтік қамтамасыздандыру жұмыстары қоғамдық 
денсаулық ғылымының өзекті мəселелерінің қатарына жатқызылды. 
Сонымен озық ойлы ғалымдар қоғамдық денсаулықты қорғау 
жұмысын жеке адамның денсаулығын қорғаудан өзгеше етіп 
ұйымдастыру қажет екендігін дəлелдеп, осы істі жүзеге асырудың 
əдістемелерін айқындап берді. Қоғамдық денсаулықты түзейтін 
негізгі əлеуметтік гигиеналық себептердің қатарын анықтап, олардың 
тигізетін кері əсерін сандық жəне сапалық тұрғыда бағалау жолдарын 
əдістемелік тұрғыда негіздеді. Бұл пəннің жəне ғылыми бағыттың 
одан ары дамуына Батыс Еуропаның жаңа буынды ғалымдары да 
айтарлықтай үлесін қосуда. Олардың қатарында Р. Дюбо, К. Эванг, 
П. Делор, Х. Дон, Т. Персон, Э. Френдсон, Л. Бернар, М. Кандау, Х. Мал-
лер сияқты жаңа əлеуметтік гигиена, қоғамдық денсаулық мектептерінің 
ізбасарлары бар. Аты аталған ғалымдар қоғамдық денсаулықтың 
əлеуметтік қырларын жете зерттеп, медициналық көмек сапасын 


14
жақсартуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруға өз үлестерін 
қосуда. Олардың ғылыми еңбектерінде маңызды жəне көңіл бөлерлік 
бақылаулар мен қорытындылар, ғылыми қағидалар мен тұжырымдар 
бар. Себебі қол жеткізген ғылыми нəтижелер тиімді социологиялық, 
психологиялық, экономикалық жəне статистикалық əдістерді қолдана 
отырып алынды. Қоғамдық денсаулықты жəне медицинаны одан ары 
жетілдіру мақсатында жасалған тəжірибелік ұсыныстар, нарықтық 
экономикаға бейімделген əлеуметтік жүйелердің қоғамдық бағытта да-
муына ықпал етті. Капиталистік қоғамға тəн көптеген əлеуметтік жəне 
медициналық шиеленістердің түйінін шешуге көмектесті. Осы саланың 
озық ойлы ғалымдарының еңбегінде келтірілген əлеуметтік экология, 
əлеуметтік бейімделгіштіктің бұзылуы, психоаналитикалық психосо-
матика сияқты қағидалар капиталистік мемлекеттерде жиі орын ала-
тын əлеуметтік шиеленістердің алдын алуға бағытталған «Əлеуметтік 
терапиясын» жасауға пайдаланылған. 
Сондықтан да ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде бұл 
ғылыми бағыт көбінесе превентивті (алдын алу) медицина деп атал-
са, французша сөйлейтін елдерде медициналық социология немесе 
əлеуметтік медицина деген атпен белгілі. Америка Құрама Штатта-
рында біздің пəнді медицина социологиясы немесе денсаулық сақтау 
социологиясы деп атау орныққан.
Кеңестер Одағында бұл пəнді əр кезеңде əртүрлі аттармен ата-
ды. Бастапқыда біздегі бағыт «денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру», 
«денсаулық сақтау теориясы мен ұйымдастыру», «əлеуметтік ги-
гиена», «əлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтауды ұйымдастыру» 
деген атаулармен анықталса, қазіргі таңда «Медициналық социоло-
гия», жəне «Əлеуметтік медицина» деген атаулар жиі қолданылуда. 
Қоғамдық денсаулықтың теориясы мен əдістерінің дамуына Чехосла-
вакия ғалымдары З. Штих, А. Буреш, Болгария ғалымдары Н. Гогов, 
Е. Апостолов, П. Коларов, Польша ғалымдары Е. Штахельский, М. Со-
кольска айтарлықтай үлестерін қосты. 
Қоғамдық денсаулықты тексеруге арналған ең ірі ғылыми орталық 
Лондондағы тропикалық медицина институтында ашылған. Оның 
негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары беиэпидемиялық аурулардың та-
ралуы, медицина тарихы жəне денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру, 
жалпы гигиена мен медициналық-санитарлық көмектің сапасын арт-
тыру мəселелеріне арналған. Біздің ғылыми мəселелерімізбен айна-
лысатын арнайы ғылыми зерттеу институттары Прага мен Будапеште 
ұйымдастырылған. Олар денсаулық сақтау институттары деп аталды. 
София мен Бухаресте ашылған гигиена мен денсаулық сақтау инсти-
туты, Франциядағы эпидемиологиялық зерттеу институты, Америка 
Құрама Штаттарындағы ұлттық статистика орталығы да қоғамдық 
денсаулық саласында зерттеу жұмыстарын атқаруда. Қоғамдық 
денсаулық мəселелеріне арналған ғылыми еңбектердің нəтижелері Бу-


15
харесте шығатын «Денсаулық сақтау», Америка Құрама Штаттарында 
жəне Англияда жарық көретін «Денсаулық сақтау», «Госпиталь», «Лан-
цет», Францияда шығатын «Қоғамдық денсаулықтың жаңалықтары» 
атты журналдарда жариялануда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау 
ұйымының «Дүниежүзі денсаулығы», «Халықаралық денсаулық сақтау 
форумы», «Дүниежүзілік денсаулық сақтау бюллетені» атты журналда-
рында да қоғамдық денсаулық сақтау мəселелеріне жиі көңіл бөлінеді. 
Біздің салада еңбек етіп жатқан мамандарды біріктіретін ұлттық жəне 
халықаралық ғылыми қоғамдар да аз емес. Олар медициналық демо-
графия, денсаулық сақтау статистикасы мен ақпараттары, əкімшілік, 
денсаулық сақтау экономикасы мен жоспарлау, госпитальдық іс жəне 
басқа өзге мəселелерді қарастырады. 
Қоғамдық денсаулық жəне əлеуметтік медицина пəні дүниежүзілік 
медициналық жоғары оқу орындарының барлығында оқытылды. 
Алайда бұл пəнді өзге пəндермен қоса қарастыратын оқу орындары 
да аз емес. Оның ішінде қоғамдық денсаулық пен гигиена, эпидемио-
логия, еңбек медицинасы, социология, статистика мен ақпараттық 
технология пəндерімен бірге өткізу оқиғалары жиі кездеседі. Алай-
да осы пəндер бойынша жасалған оқу бағдарламаларында міндетті 
түрде социология, денсаулық сақтау статистикасы, эпидемиология, 
жəне беиэпидемиологиялық аурулар, информатика мен электронды 
есептеуші машиналар, медицина мекемелерінің жұмысын ұйымдас-
тыру, басқару (менеджмент), денсаулықты сақтандыру сияқты қоғам-
дық денсаулықтың маңызды тақырыптары қарастырылған. Сонымен 
қатар қоғамдық денсаулық пəні бойынша оқулықтар жəне əдістемелік 
нұсқаулар, көмекші құралдар жарық көруде. Америка Құрама Штатта-
рында, Польша мен Румынияда, Франция мен Германияда қоғамдық 
денсаулық мəселелеріне арналған оқулықтар «Əлеуметтік медицина», 
«Медициналық социология», «Медицина социологиясы» деген атау-
лармен жарық көрген. Сондықтан қоғамдық денсаулық атты пəн мен 
ғылыми бағыт медицина ғылымының аса маңызды бағыттарының бірі 
болып қалыптасып келе жатыр деуге толық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет