1.2 Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудың
теориялық негізі. Жүйелі жағдай. Қазақстан Республикасы
тұрғындарының денсаулығын қорғау саласындағы саясат
Медицина ғылымының пайда болуынан бастап, оның негізі
ретінде мыңдаған қағидалар мен теоретикалық топтамалар қолданылып
келеді. Оның үлкен бөлігі медицина мен қоғамдық денсаулық
мəселелеріне арналған. Оның ішінде, этиология, патогенез, диагности-
ка шарттары, емдеу, профилактика мен реабилитация, медицина демо-
графиясы, медициналық көмекті ұйымдастыру, денсаулық сақтау ісін
16
басқару мəселелері бар. Бұл сұрақтардың көпшілігі медицина саласы
мен пəннің қарастыратын мəселелеріне жатады.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласының үлесіне денсаулық пен
аурулар, олардың жалпы қалыптасу заңдылықтары, ауруларды жеңу
мен денсаулықты күшейту, қалыпқа келтіру сияқты категориялардың
маңызын түсіндіретін жалпы теориялар жатады. Басқаша айтқанда бұл
бағытты патология мен санология немесе денсаулық пен аурушаңдық
туралы ғылым деп те қарастыруға болады.
Осы тұрғыдан алғанда медицина мен денсаулық сақтаудың жалпы
теорияларын бірнеше топқа жіктеу қажет.
Қазіргі таңда денсаулықтың тəуелділік теориясы немесе санология,
медициналық-биологиялық табиғаттылықтар теориясы, патология мен
медицинаның қызметтілік теориясы, тұрғын халықтар мен денсаулық
сақтаудың табиғаттылық теориясы, синтетикалық, əмбебап теориялар
қоғамдық денсаулық саласында жиі қолданылады. Алайда бұл теория-
лар денсаулықтың, аурулар мен медициналық, əлеуметтік-гигиеналық
көріністердің барлық қырларын ашып көрсете алды деу дұрыс емес.
Аталған жалпы теориялар адамзат тарихында жəне медицина са-
ласында ертеден қалыптасқан гуморализм мен солидаризмге жəне
табиғи философиялық түсініктерге негізделген ғылыми концепция-
лар болып табылады. Олар жаңа медицинаның теоретикалық базисін
қалыптастыруда да қолданысқа ие болып отыр.
Денсаулықтың тəуелділік теориясы денсаулық жағдайы мен ден-
саулық сақтау саласының дамуында əлеуметтік, эканомикалық, биоло-
гиялық, медициналық, тұрғындардың өмір сүру салты себептерінің
атқаратын ерекше рөлін мойындауға негізделген. Сонымен қатар осы
себептердің барлығы денсаулыққа бір-бірімен тығыз байланыста жəне
əртүрлі бағытта əсер ететіндігін есепке алу қажеттілігін көрсетеді.
Əлеуметтік-экономикалық, психологиялық жəне саяси себептердің
денсаулыққа тигізетін кереғар əсерінің нақты көрінісі ретінде
кедейшілік пен жоқшылықты қарастыруға болады. Осы теорияны
ұстанушылар аурулар мен мүгедектік өз кезегінде кедейлену мен
жоқшылық оқиғаларын арттырады деп түсіндіреді. Шындығында бұл
теорияның дұрыстығына ешкім де шəк келтіре қоймайды. Алайда,
денсаулықтың жəне аурулардың қалыптасуында əртүрлі əлеуметтік-
экономикалық себептердің атқаратын рөлін көрсету аздық етеді. Бұл
жерде қоғамдық жүйенің денсаулыққа əсер ететін негізгі себептерін
нақты көрсету қажет. Тек осы жағдайда денсаулық сақтау жүйесі
тиімді əлеуметтік-медициналық шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік
алады. Диалектикалық сараптамасыз қолданылған «Себептер» теория-
сы, əдістемелік тұрғыда жарамсыз болып қала береді.
Денсаулықтың тəуелділігі туралы теория өмір сүру салтына жата-
тын зиянды себептердің сырқаттылықтың қалыптасуында атқаратын
рөлін бағалауда да өз дəлелін табуда.
17
Қазіргі таңдағы өкпе рагының қалыптасуына темекі шегудің қоса-
тын үлесі 80% асатындығы, өмір сүру салты себептерінің денсаулыққа
нақты əсер ететіндігі туралы теорияны бұлжытпай дəлелдейді.
Дамыған елдерде қолға алынып отырған салауатты өмір сүру салтын
қалыптастыру шаралары, оның ішінде «Салауатты Университеттер»,
«Салауатты қалалар», «Салауатты ауылдар», «Денсаулықты күшейтуге
ықпал ететін мектептер» атты бағдарламалар əртүрлі əлеуметтік
топтардың арасында наркотиктерді қолдану, темекі тарту, алькогольдік
ішімдіктерге салыну оқиғаларын барынша азайтып, тұрғындардың
денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға нақты ықпалын тигізуде. Осы
жағдай салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру теориясының
дұрыстығы мен денсаулықты сақтаудағы маңыздылығын көрсетіп
берді. Жер беті тұрғындарының əлеуметтік-экономикалық топтарға
жіктелуі олардың арасында бірыңғай патологиялардың қалыптасуына
алып келуде. Осы мəселелерді кешенді түрде зерттеуге, денсаулық пен
патологиялардың жалпы бірыңғай түрлерінің қалыптасу теориясының
туындауына алып келеді.
«Цивилизацияның аурулары» мен əлеуметтік дезадаптация тео-
риясы медицинаның жəне денсаулық сақтаудың ең кеңінен таралған
теориясы болып табылады. Бұл теория қоғамдық денсаулықтың күрт
өзгерісін, жаппай кездесетін аурулардың пайда болуын түсіндіруге
бағытталған. Осы сұрақтарға аталған теорияның беретін жауа-
бы - қазіргі цивилизацияның қарқынды дамуы жəне оның қатерлі
көріністерінің тұрғындар денсаулығына тигізетін кері əсері деп
есептейді. Оның ішінде, урбанизация, индустриализация, технизация,
психоэмоционалдық қысым, қоршаған өмір сүру ортасының химиялық
поллютанттармен жоғары дəрежеде ластануы адам организміне қуатты
кері əсерін тигізе отырып, олардың өмір сүру салтын жəне жағдайын
күрт өзгеріске ұшыратты. Адамның қоршаған өмір сүру ортасының
өзгерісіне тез арада бейімделуі көбінесе организмнің жеке қызметтерінің
шамадан тыс жұмыс істеуі жəне олардың қалыпты шамадан ауытқуы
арқылы жүзеге асады. Организмнің бейімделгіштік қасиеті шексіз емес
жəне белгілі бір деңгейдегі қысымда дезаптациялық жағдай көрініс
береді. Осыдан тұрғындардың арасында əлеуметтік дезадаптация ту-
ындайды, денсаулықтың қуаты азаяды, жаппай невротизация үрдісі
қалыптасады.
Француз ғалымдары Э. Гюан мен А. Дюссердің 20 ғасырдың
50 жылдары жарық көрген «Біздің қоғамның аурулары» атты
кітабында цивилизацияның адамдарды үйреншікті табиғи ортасынан
жаңа антропотехногендік өмір сүру салтына қарай бейімдейтіндігін
нақты дəлелдермен көрсеткен. Адамдардың табиғи өмір сүру
ритмі дисгармонияға ұшырап, дезадаптациялық немесе əлеуметтік
инадаптациялық жағдай қалыптасады.
Дезадаптацияға табиғи тұрғыда қуатты тұлғалар ғана қарсы тұра
2–7438
18
алады. Ал осындай тұлғаларды тəрбиелеу үшін ғылыми тұрғыда
негізделген арнайы профилактикалық бағдарламаларды құрастырып,
олардың тиімділігін іс жүзінде дəлелдеу жəне кеңінен қолданысқа
енгізу керек деп есептейді Америка Құрама Штаттарының ғалымдары
Р. Дюбо мен О. Тоффлер.
Денсаулық сақтаудың жəне медицинаның əлеуметтік мəселелерін
биологиялық концепциялардың көмегімен дəлелдеу, əсіресе
дарвинизмнің көмегіне жүгіне отырып түсіндіру талпыныстары ХІХ
ғасырдан басталады. Осы бағытты ұстанған ағылшын ғалымы, фило-
соф жəне социолог Г. Спенсер əлеуметтік үрдістер мен көріністердің
физиологиялық жəне морфологиялық түсініктемесін берді. Жануар-
лар организмінің құрылымы мен қызметіндегі ерекшеліктерге сүйене
отырып, қоғамдағы əлеуметтік топтар мен кластардың қажеттілігі мен
қызметтерін жіктеді. Қоғамның бетке ұстар, басқарушы тобын адамның
миына теңеп, олар қоғамды басқаруы тиіс деп есептейді.
Жұмысшылар мен шаруаларды бұлшық еттер сияқты физикалық
жұмыспен айналысуы тиіс деп есептесе, банкирлерді қан-тамырын
қозғайтын нервтерге, байларды май тініне теңеп, оларды қоғамның ең
пайдалы органы деп қарастырды.
Осы теория бойынша туылу биологиялық үдеріске жатқызылды
жəне адамзаттың сақталуының негізі деп қарастырылды. Неғұрлым
туылу көрсеткіші жоғарылаған сайын, оның генетикалық қасиеті
төмендейді деп есептелді. Ал, туылу үдерісі төмендеген сайын
генетикалық материалдардың сапасы арта түседі деген концепция
алға тартылды. Осыдан адамның жекелей қасиеттері жоғарылайды,
тұрғындардың денсаулығы жақсарады, өлім азайып, тұрғындардың
орташа өмір сүру ұзақтығы жоғарылайды деген қағида дүниеге келді.
Г. Спенсердің осы теориясы əлеуметтік үдерісті биологиялық
қасиеттермен ауыстыра отырып, қоғамдық өзгерістерге түсініктеме
жасауға талпынады. Алайда бұл теория қоғамдық өзгерістердің дəлелі
бола алмайтындығы айдан анық.
Қазіргі таңда осы теорияны одан ары тереңдетуге жəне жаңаша
түсініктеме беруге бағытталған талпыныстар аз емес. Олардың
қатарына америка энтомологы Э. О. Уильсонның «Əлеуметтік биоло-
гия: жаңа синтез» (1975 жыл), «Адам табиғаты туралы» (1978 жыл)
жəне К. Ламзденмен бірге жазған «Гендер, сана жəне мəдениет, Коэ-
волюция үдерісі» (1981 жыл), «Прометей оты. Саналы өмірдің пайда
болуы туралы ойлар» (1983 жыл) атты еңбектері жатады.
«Гендік-мəдени коэволюция» деген атпен аталатын жаңа концеп-
цияда биологиялық үдерістерді негіз ете отырып генотиптің, қоршаған
өмір сүру ортасы мен цивилизацияның бір-біріне əсер етуі механизмін,
қоғамның жəне жаңа цивилизацияның қоятын талаптарына адаптация-
сын түсіндіруге күш салады.
Натуралистік медициналық-биологиялық теориялардың қатарына
19
жататын этологиялық концепция жануарлардың инстинктивтік
əдеттеріндегі заңдылықтарды негіз ете адамның əдеттері мен
денсаулығының қалыптасуын түсіндіруге күш салған. Оның нақты
көрінісі ретінде К. Лоренц, Н. Тинберген жəне К. Фриш атты
зоологтардың бал араларының, құстардың жəне жануарлардың
инстинктивті əдеттерін зерттеуге арналған еңбектерін алуға болады.
Осы зерттеулердің нəтижесінде «Дезадаптация мен аурудың профи-
лактикасы ретінде адамның биологиялық қасиетін бейімдеу мүмкіндік-
тері» атты ұсыныстар дүниеге келді. Бұл ғылыми жетістік еңбектің
авторларын 1973 жылы медицина мен физиология саласы бойынша
Нобель сыйлығының лауреаты атағына иегер етті. Этологиялық кон-
цепция бойынша адамға əсерін тигізетін қоздырғыштардан организм-
нің арнайы моторлы реакцияларының кешендері немесе сигналды,
кілтті реакциялары автоматты түрде қозғалысқа келеді. Этиологиялық
концепцияның жақтастары, дамуы барысында адам организмі жану-
арлардан берілетін инстинктивтік əдеттердің жеке қасиеттерін сақтап
қалған – деп есептейді. Осы қасиеттерді анықтап, олардың адамның
өмір сүру салтында жəне əдеттерінде атқаратын рөлін бағалаудың
денсаулықты қорғаудағы маңызы өте үлкен деп есептейді.
Этологтар мен Френдтік көзқарасты қолдаушылар қоршаған орта-
ның агрессивті қоздырғыштары адамның инстинктивтік қасиеттерін
басып тастайды, осыдан организмнің қызметтік жүйелері істен шығып,
ауру туындайды деп тұжырымдайды. Этологиялық концепцияның
маңызды бағыттарының бірі адамның агрессивтік инстинктеріне
арналған. Агрессия адамның ең қауіпті инстинктерінің қатарына жа-
тады. Осыдан жер бетінде əртүрлі қақтығыстар мен соғыс қимылдары
адамдардың қырылуына, ал болашақта жер бетінен мүлдем жойылуы-
на алып келуі мүмкін. Осындай қағиданы ұстанушы жеке этологиялық
бағыттағы ғалымдар жер бетіндегі қуатты мемлекеттердің соғыс
қимылдарын ақтайды. Адамдар (əлеуметтік) экологиясы атты теория
натуралистік медициналық-биологиялық теориялардың қатарына жа-
тады. Бұл концепция бойынша қоғам суперорганизм деп есептеледі.
Ол белгілі бір тұрғын аумақта жəне белгілі уақыт аралығында өмір
сүреді. Ал суперорганизм қоғамдық категория болғандықтан, оның
адамдармен қарым-қатынасы бəсекелестік заңдылықтарымен реттеледі
жəне қатынасы биотикалық жəне мəдени деңгейде жүзеге асырылады.
Бəсекелестік арақатынас мызғымас тепе-теңдікке жəне гармонияға
негізделген. Осы заңдылықтардың бұзылуы міндетті түрде саяси,
əлеуметтік, экономикалық қақтығыстарға алып келеді жəне адамдардың
денсаулығына кері əсерін тигізеді.
Г. Сельенің стресс жəне жалпы адаптациялық синдром атты тео-
риясы жер беті тұрғындарының денсаулық жағдайының күрт өзгеруі,
«созылмалы аурулардың» артуы, олардың бейэпидемиялық патология
түрінде қалыптасуы тек жеке патогендік себептің кері əсерінен емес,
20
патогендік ахуалдың немесе патогендік себептердің кешенді əсерінен
туындап отыр деп түсіндіреді.
Бұл теория денсаулық жағдайы көптеген жəне əртүрлі қоз-
дырғыштардың əсерінен туындаған дей келе, оларды стрессорлар де-
ген атпен айқындаған. Стрессорлар организмдегі барлық жүйелердің
қызметін қауырт жұмыс істеуге мəжбүрлейді. Стресс қалыпты жағдайда
адамның жақсы денсаулығын («Эустресс») қамтамасыз етсе, өмір
сүруге қолайсыз жағдайда патологиялық реакция туындатады («Дис-
тресс»). Патологиялық үрдіс (дистресс) бірнеше кезеңдерден тұрады.
Оның ішінде алаңдаушылық, резистенттік, қуатсыздану кезеңдері
бар. Сондықтан стресс дегеніміз тек ауыру емес, ол сонымен қатар
организмнің патологияға қарсы күресі, дистрестік жағдайды жеңу
жəне эустрестің қалыптасуы деп қарастыру қажет. Бұл теорияның
ажырамас бөлігіне жалпы адаптациялық синдром атты концепция жа-
тады. Бұл концепция стрестің жүзеге асу механизміне жауап береді.
Сальенің концепциясы бойынша стрестік реакцияның жүзеге асу-
ын «адаптивтік гармондар» қамтамасыз етеді. Адаптивтік гормондар
бүйрек үсті безінің, гипофиздің алдыңғы бөлігінің жəне тимустың
қатысуынан тұратын күрделі эндокриндік басқару жəне реттеу жүйесі.
Адаптивті гормондардың жұмысы жүйке жүйесінен түсетін импульс-
тің көмегімен реттеліп отырады. Сондықтан қоршаған өмір сүру
ортасының стрессогендік əсеріне бейімделу нервтік жəне гуморалдық
жолдармен реттеледі деп айтуға болады. Фрейдизм Неофрейдизм
жəне психосоматикалық психоаналитика теориясы натуралистік
медициналық-биологиялық теориялар ішінде ерекше орын алады. Осы
теорияның көмегімен Зигмунд Фрейд адам əдеттерінің психологиялық
механизмі мен қозғаушы күштерін түсіндіруге күш салды. Оны үш
деңгейге жіктеді. Бірінші деңгейді немесе ең басты қабатты – ессіз сфе-
ра немесе өмірдің түбірі (өмір фундусы) деп атады жəне оны «ОНО»
деген грек терминологиясымен белгіледі. Екінші деңгейді адамның
естілік немесе интеллектуалдық қызмет сферасы деп атады жəне оған
«ЭГО» - «Мен» деген терминологиялық атау берді. Үшінші деңгейді
психологиялық, эмотивтік жəне ессіз қимылдарды бақылау сферасы
деп атады. Оған «СуперЭрго» деген терминологиялық атау берді.
Осы бағыттағы теориялардың қатарына неогиппократизм мен био-
типология теориясы жатады. Бұл бағыттың туындауына медицинаның
дегуманизациясы мен дəрігердің аурулардан алшақтауы себеп бол-
ды. Дəрігердің тəжірибесін лабораторлық зерттеудің, техникалық-
диагностикалық жəне емдеу əдістерінің енуі оны пациенттен ала-
статты. Адам организмін бірегей психосоматикалық жүйе ретінде
қарастырылуына, қоршаған ортамен байланысы мен өмір сүру салтын
жəне өмір сүру жағдайын есепке алу қажеттігі нұқсан келтірді. Дəрігер
жеке органды немесе организмнің бір бөлігін емдейтін техникке айнал-
ды. Медицина саласында қалыптасқан дегуманизация үдерісін тоқтату
21
үшін бұл саланың классикалық шарттарын қайта қалпына келтіру
қажет деген қозғалыс пайда болды. ХХ ғасырда бұл мəселеге арналған
көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. Олардың қатарында орыстың
белгілі хирургы С. П. Федоровтың «Хирургиядағы жолдан адасу»
атты еңбегі де бар. Ежелгі классикалық медицина шарттарын қайта
қалпына келтіруге бағытталған қозғалыстарды Италиялық медицина
тарихшысы А. Кастильони «Неогиппократизм» деп атады. «Шынайы
медицина адам организмінің барлық көріністері мен байланыстарын
қамтыған, оның психоорганикалық көріністері мен қоршаған өмір
сүру ортасын бірге қарастыратын адам организмінің медицинасы» –
деп атаған П. Делор медициналық тəжірибеде бірегейлік шартты жəне
əрбір адамның ерекшілігін есепке алу қажеттігін айқындап берді. Жаңа
гиппократистік медицинаның I халықаралық конгресінде шамадан
тыс мамандандырылуды дұрыс деп таппай, оған жалпы тəжірибелік-
отбасылық дəрігердің еңбегін қарсы қойды. Конгреске қатысушылар:
«Жалпы тəжірибелік дəрігер əрбір аурудың ерекшеліктерін есепке
ала отырып, білікті медициналық көмекті береді, оның барысын-
да аса қымбат ауруханалық емді, дəрі-дəрмектерді, лабораторлық-
диагностикалық əдістерді мейлінше аз қолданады, аурудың өмір сүру
салты мен əлеуметтік жағдайын жақсы біледі жəне оны науқасты ем-
деу барысында барынша тиімді пайдаланады» - деп көрсетті.
Неогиппократизм бағытын ұстағандардың көзқарастары соңғы
кезде пайда болған
Достарыңызбен бөлісу: |