Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
122
анализдің төменде көрсетілген төрт түрлі
негізгі элементі алға тартылуда:
1. Контент–анализ ашық/нақты
мазмұнмен айналысады. Коммуникация
үрдісінде хабарламалар ашық/
нақты болатындығы сияқты жабық/
бұлыңғыр да бола алады. Контент–
анализ жіберілген хабарламаның
алдымен ашық/нақты
мазмұнына
бағытталған анализ тәсілі болып
табылады. Контент–анализдің жабық/
бұлыңғыр мазмұнды (мағыналарды)
талдау үшін де қолдануға болатындығын
немесе Сари Томастың (Thomas, 1994)
да айтып өткеніндей, ашық/нақты
мазмұн мен жабық/бұлыңғыр мазмұн
арасындағы шекараны сызудың оңайға
соқпайтынын алға тартуға болады.
Алайда, ең маңыздысы контент–
анализдің позитивтік/эмпирикалық
зерттеу дәстүріне сүйенетінінде жатыр
және осыған байланысты сәйкес
терминология ашық–жабық және
нақты–бұлыңғыр емес «өлшеуге болатын
/өлшеуге келмейтін» болып табылады.
Сондықтан да Берелсонның ашық/
нақты деген ұғымдарынан «өлшеуге
болатын» мазмұнды ұққанымыз дұрыс
болады. Сонымен қатар Берелсонның
анықтамасындағы
екі элемент
(объективті және сандық) те мұны расқа
шығарып отыр.
2. Контент–анализ объективті болып
табылады. Жоғарыда контент–анализдің
позитивтік/эмпирикалық парадигмаға
сүйенетінін айтып өткенбіз. Бұл дәстүр
бойынша ғылым, объективті білім түсінігі
арқылы негізделеді. Объективтілікті
субъективтіліктің антонимі деп
қарастырсақ болады. Алайда, контент–
анализдің объективті болуы сынға
ұшыраған болатынды. Бұл сындардың
көбісі кодтауды жасайтын субъектілердің
(кодтаушылардың) субъектілігі арқылы
қалыптасатын кемтар объективтілік
турасында өрбиді.
3. Контент–анализ
сандық болып
табылады. Жоғарыда ашық/нақты
мазмұн жайында пікір таластырған
кезімізде «ашық–жабық» немесе
«нақты–бұлыңғыр» деудің орнына,
«өлшеуге болатын – өлшеуге келмейтін»
терминологиясының қолданылуының
контент–анализ тұрғысынан дұрыс
болатынын айтқанбыз. Позитивтік/
эмпирикалық зерттеу дәстүрінде
мазмұнның өлшенуі деген сөз бұл
мазмұнның ашық/нақты болуы
деген мағынаға келеді. Сондықтан да
жабық/бұлыңғыр мазмұн өлшеуге
келмейтін, өлшене алмайтын немесе
өлшеуге
болмайтын, яғни белгілі емес
мазмұн болып табылады. Позитивтік/
эмпирикалық дәстүр белгілі, яғни
өлшене алатын нәрселердің (нысан,
құбылыс және үрдіс) мазмұнын іздейді.
Қысқасы, өлшей алмайтын нәрсеңізді
біле алмайсыз.
4. Контент–анализ жүйелі болуға
тәуелді. Зерттеуші бір тәсілден зерттеу
үрдісінде оған жол көрсетуін қалайды.
Бұл тұрғыдан қарар болсақ, контент–
анализ жол көрсетуші ерекшелікке ие
тәсілдердің бірі; контент–анализдің
қалай жасалатыны және қандай
жолдардан өтетіні белгілі. Ережелері
белгілі. Сондықтан да контент–
анализ жүйелі тәсіл болып табылады
және зерттеушісіне қарай өзгеріске
ұшырамайтын
белгілі бір жолы бар
тәсіл. Бұл тұрғыдан қарағанда, контент–
анализдің жүйелі болуы оның қайталана
алатынына да себеп болады. Бір рет
жасалған контент–анализ дәл сол
материалдармен басқа зерттеушілер
арқылы қайтадан жасала алады және
өлшеуде қате жасалмаса, бұрынғы
нәтижені табуға болады.
Бұл бөлімде контент–анализдің пайда
болуы және даму тарихына тоқталып