Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
124
жеткілікті
ақпарат болмаған болса және
сол себепті зерттеуші себеп–салдар
қатынасының табиғаты жайында
шешімге келе алмайтын жағдайда
болса, зерттеушінің гипотезаның
орнына зерттеу сұрағын қолданғаны
абзал (Frey ж.т.б., 2000: 42–43). Байқап
отырғанымыздай, зерттеу сұрақтары
мен гипотеза арасында тығыз байланыс
бар. Егер зерттеу сұрағындағы
айнымалыларды бір себеп–салдар
қатынасының ішінде байқаған жағдайда
болса, зерттеу сұрағын гипотеза ретінде
құруға мүмкіндігіміз бар.
Гипотеза
фактіні немесе жалғандықты
сынау үшін алға тартылатын ұсыныс
болып табылады. Бір ұсыныс ретінде
гипотеза көбінесе байқалатын себеп–
салдар қатынасын меңзейтін сөз болып
табылады. Сонымен қатар гипотеза бір
ұсыныс болғандығы үшін оның фактілігі
(растығы) немесе жалғандығы дәлелденуі
тиіс. Сондықтан да гипотеза дегеніміз
әзірге фактілігі немесе жалғандығы
дәлелденбеген ұсыныс болып табылады.
Яғни бір гипотезаның расталуы бізге
не нәрсенің факт екендігін көрсетеді,
ал керісінше
нәтижеге ие болуы бізге
ненің жалған екенін көрсетеді, ненің рас
екенін көрсетпейді. Гипотеза терістелген,
яғни жалған екендігі расталған жағдайда
факт сол жалғаннан тыс кез келген
факт бола алады. Мұндай гипотеза түрін
зерттеу гипотезасы (H1) деп атаймыз.
Сонымен қатар басқа бір гипотезаны
нөлдік гипотеза (H0) деп те ортаға
сала аламыз. Нөлдік гипотезада (null
hypothesis) зерттеуші ортаға салатын
қарым–қатынаста бейтарап болады
және гипотезасын айнымалылар
арасында
қандайда бір қатынастың
болмағандығын алға тарта отырып
құрастырады. Мысалы, газеттің бағасы
мен газетте қолданылатын көрнекілік
материалдың (фотография, графика,
сурет, иллюстрация ж.т.б.)
қолданылуы
арасында бір байланыстың бар екендігін
байқадық делік. Бұл жағдайда зерттеу
гипотезамызды былайша құрастыра
аламыз:
«H1: Газеттің бағасы өскен сайын
газетте қолданылатын көрнекілік
материалдардың алар орны да ұлғаяды».
Ал нөлдік гипотезамызды былайша
құрастырамыз:
«H0:
Газеттің сатылу бағасы мен
газетте қолданылған көрнекілік
материалдың алар орнының үлкендігі
немесе кішілігі арасында бір байланыс
жоқ».
Бір гипотеза расталғандығы үшін
толық болып, терістелгендігі үшін де
кемтар саналмауы тиіс. Бір гипотеза тек
қана растала алатын немесе терістеле
алатын, яғни сынаққа өте алатын
болғандығы үшін толық болып табылады.
Расталған гипотезалардың терістелген
гипотезаларға қарағанда артықшылығы
жоқ. Алайда, зерттеушілер көбінесе
растала алатын гипотезаларды құруға
мейілді.
Әрбір гипотеза саналық тұрғыдан
өзінен бұрын
пайда болатын болжамға
(assumption) сүйенеді. Болжамдар
растығы күмәнге орын бермейтін
және сол себепті жалпы қабылданған
ұсыныстар болып табылады. Болжамдар
тарапынан ұсынылған растаулар,
жалпы ғылыми әдебиетте кеңінен
таралған идеялар немесе логикаға
сәйкестігі дәлелденген нәрселер болып
табылады. Сондықтан да расталған
болып табылады. Гипотезалар
болжамдарға сүйене
отырып және
олардың растаған ұсыныстарын
қолдана отырып, сынауға болатын жаңа
ұсыныстар ретінде қалыптастырылады.
Жоғарыдағы гипотеза мысалымызға
қайта оралар болсақ, «газеттерде
көрнекілік материалдар қолданылады»
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
125
деген ұсыныс бір болжам болып
табылады. Яғни зерттеуіміз «газеттерде
көрнекілік материалдар қолданылып
жүр ме?» деген зерттеу сұрағын алға
тарта алмайды немесе «газеттерде
көрнекілік материалдар қолданылуда»
деген гипотезаны құрастырмайды.
Өйткені, газеттерде көрнекілік
материалдардың қолданылуы
баршаға белгілі жәйт. Сондықтан да
гипотезамызды «газеттің бағасы өскен
сайын газетте қолданылатын көрнекілік
материалдардың алар орны да ұлғаяды»
деп құрастыра аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: