224
I
Кем
дегенде
4-5 мл
0,9 кем
емес
8-ден көп
1 (8,3%)
-
-
II
Кем дегенде
4 мл
0,8-ден
көп
8-ден көп
емес
6 (50%)
4(100%)
-
III
3 мл-ден кем
0,8 кем
емес
Кем дегенде 7
2(16,7%)
-
1(100%)
IV
2 мл-ден аз
0,8-ден
аз
7-ден аз
3(25%)
-
-
Ұрықтың сапасын лабораториялық зерттеу нәтижесіне сүйене отырып 8,3% қазақтың
ақбас тұқымы кем дегенде 4-5 мл көлемінде эякулят берді, спермийлер концентрациясы
0,9 млрд/мл кем емес, ал қозғалысы 8 балдан көп. Бұл бұқалардың ұрықтандыру қабілеті
жоғары топқа бөлінді.
Ұрықтандыру қабілеті жақсы топқа бұқалардың эякулят көлемі кем дегенде 4 мл,
спермийлер концентрациясы 0,8 млрд/мл-ден көп және олардың қозғалысы 8 балдан көп
емес бұқаларға 4 (100%) голштинофриз тұқымы мен 6 (50%) қазақтың ақбас тұқымы
жатты.
Ұрықтандыру қабілеті төмен топқа эякулят көлемі 3
мл-ден кем, спермийлер кон-
центрациясы 0,8 млрд/мл-ден кем емес және спермийлер қозғалысы кем дегенде 7 балл
болатын 2 (16,7%) қазақтың ақбас тұқымды және 1 бас симментал тұқымды бұқаларын
жатқыздық.
Ұдайы өндіру қабілеті нашар немесе белсіз бұқаларға эякулят көлемі аз, спермий-
лер концентрациясы мен қозғалысы нашар бұқалар - 3(25%) бас қазақтың ақбас тұқымы
жатқызылды.
Осыған
орай III, IV топ өндіруші-бұқалармен, салыстырмалы түрде II топтан 2
бұқамен ұдайы өндіру қабілетін коррекциялау жұмыстарын жүргіздік (барлығы 8 бұқа).
«Фелуцен» биологиялық белсенді затын құрғақ азықпен алиментарлы жолмен күн сайын
350-400гр, «Айсидивит» кешенді дәруменін 10мл 3 күн интервалмен 5 рет бұлшықеттен
енгіздік. Тәжірибе 30 күнге созылды.
Тәжірибе барысында барлық өндіруші-бұқалардың ұрығының сапасы зерттелінді.
II топ бұқаларында (1 бас голштинофриз, 1 бас қазақтың ақбас тұқымы) эякулят көлемі
5,09±0,2мл, спермийлер қозғалысы 8±0,01 және спермийлер концентрациясы 1,05±0,008
млрд/мл құрап, қалыпты көрсеткіштер сақталған.
III топ бұқаларында (1 бас қазақтың ақбас тұқымы, 1 бас симментал) эякулят көлемі
3,8±0,1мл, спермийлер қозғалысы 3,9±0,2 және спермийлер концентрациясы 0 млрд/мл
құрады. Дегенмен, аталған топтағы қазақтың ақбас тұқымында тәжірибе соңында эякулят
көлемі 5,08±0,7мл, спермийлер белсенділігі – 8 балл және спермийлер концентрациясы
– 0,8±0,05млрд/мл құрап, ұрықтандыру қабілеті жақсы топ өндіруші-бұқалар қатарына
қосылды. Эякулят көлемі 0,9 есе, спермийлер қозғалысы – 1,6 есе, спермийлер концен-
трациясы – 1,3 есеге артқаны байқалады.
Ұрықтандыру қабілеті нашар IV топта (2 бас қазақтың ақбас тұқымы) эякулят көлемі
2,8±0,2мл, спермийлер қозғалысы 4,7±0,07 балл және спермийлер концентрациясы 0
млрд/мл құрап, бастапқы нәтижемен салыстырғанда көрсеткіштердің артуы байқалмады.
Ал, 1 бас қазақтың ақбас тұқымында эякулят көлемі – 6,3±1,1мл, спермийлер қозғалысы 8
балл және спермийлер концентрациясы 1,04±0,1 млрд/мл құрап, II топ бұқалар қатарына
қосылды. Эякулят көлемі 1,3 есе, спермийлер қозғалысы – 1,5 есе, спермийлер концен-
трациясы – 1,04 есеге артқан.
Бақылау тобында (2 бас голштинофриз, 4 бас қазақтың ақбас тұқымы) эякулят көлемі
голштинофриз тұқымында 4,2±0,2мл, қазақтың ақбас тұқымында – 3,3±0,2мл, спермий-
лер белсенділігі 8,2±0,02 балл, қазақтың ақбас тұқымында - 8,1±0,06 балл, сондай-ақ
225
спермийлер концентрациясы 1,3±0,07 млрд/мл, қазақтың ақбас тұқымында - 1,02±0,07
млрд/мл құрап, сапалық көрсеткіштері тұрақтылығын сақтап қалған.
Қорытынды
«Фелуцен» биологиялық белсенді заты мен «Айсидивит» кешенді дәруменін қолдану
нәтижесінде зерттелінген 8 бұқаның 6-да (75%) эякулят көлемі 1,03-1,3 есеге, 4-де (50%)
спермийлер қозғалысы 1,2 есеге, сондай-ақ спермийлер концентрациясы 1,2-1,3
есеге
артты.
Достарыңызбен бөлісу: