Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


ДАУЫС САҢЫЛАУЫН КЕҢЕЙТЕТІН БҰЛШЫҚЕТТЕР



Pdf көрінісі
бет154/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

ДАУЫС САҢЫЛАУЫН КЕҢЕЙТЕТІН БҰЛШЫҚЕТТЕР: 
1. Артқы жүзік-ожаутәрізді бұлшықет (m.cricoarytenoideus posterior) жұп, жүзіктәрізді 
шеміршектің табақшасының артқы бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің 
бұлшықеттік өсіндісіне бекиді. 
ДАУЫС БАЙЛАМДАРЫН КЕРЕТІН БҰЛШЫҚЕТТЕР: 
1.
Дауыс бұлшықеті (m.vocalis) жұп, аттас қатпарда орналасқан. Қалқанша 
шеміршектің бұрышының ішкі бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің дауыс 
өсіндісіне бекиді. 
2.
Жүзік-қалқанша бұлшықеті (m.cricothyroideus) жұп, екі будадан құралған, 
жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып қалқанша шеміршектің төменгі 
жиегіне (pars recta) және төменгі мүйізіне (pars obligua) бекиді. 
Көмейді жоғарғы және төменгі көмей артериялары (сыртқы ұйқы, бұғанаасты 
артерияларының тармақтары) қанмен қамтамасыз етеді. Веналық ағым аттас веналар 
арқылы жүзеге асады. 
Лимфа ағымы мойынның терең лимфа түйіндеріне бағытталады. 
Көмей жоғарғы және төменгі көмей нервтерімен (Х-жұп, кезбе нервінің тармақтары) 
симпатикалық сабаудың тармақтарымен нервтенеді. 


194 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
КЕҢІРДЕК (TRACHEA) 
Кеңірдек VІ-мойын омыртқаның төменгі жиегі тұсынан басталып V-кеуде омыртқасының 
жоғарғы жиегі тұсында аяқталады, дәл осы жерде оң және сол басты бронхтарға 
бөлінеді.(bronchi principales dexter et sinister) 
Оң бронх солға қарағанда қысқалау және кеңдеу, ол вертикальді орналасып кеңірдектің 
тікелей жалғасы болып табылады. Оң бронх үстінде сыңар вена, сол бронх үстінде қолқа 
доғасы орналасқан. Басты бронхтардың қабырғаларының 2/3 бөлігі шеміршектік 
жартылай сақиналардан түзілсе, ал артқы 1/3 бөлігі жарғақты қабырға деп аталады. 
Кеңірдектің басты бронхтарға өтетін аймағы кеңірдек айырығынан (bifurcatio tracheae). 
Төменінде кеңірдек қуысына қарай кеңірдек қыры (carina tracheae) шығып тұрады. 
Кеңірдектің мойындық (pars cervicalis) және кеуделік (pars thoracica) бөліктерін 
ажыратады. Кеңірдектің мойындық бөлігін алдынан және бүйірінен қалқанша без 
қапсырған, екі жанынан тамырлы-нервті будалар өтеді, артынан өңеш жанасып жатыр. 
Алдында, төс-тіласты, төс-қалқанша бұлшықеттеріне шандырлы қапшық түзеген 
мойынның кеңірдекалды шандыры орналасқан. Кеңірдектің кеуделік бөлігінің алдында 
маңызды артериялық және веналық сабаулармен бірге айырша без орналасса, бүйір 
жақтары оң және сол медиастинальді өкпеқаптармен шектелген. Кеңірдек қаңқасының 
негізін бір-бірімен кеңірдектік байламдармен қосылған. (lgg.trachealia) шеміршектік 
жартылай сақиналар (cartilagines trachealis) құрайды. 
Кеңірдектік байламдар артына қарай жарғақтық қабырғаға (paries membranaceus) 
жалғасады. 
Кеңірдектің ішкі беті шырышасты негізде орналасқан, үсті көпқабатты кірпікті 
эпителиймен жабылған шырышты қабықпен көмкерілген. 
Шырышты қабықта, оның шырышасты негізінде көптеп кеңірдектік және шырыштық 
бездер мен қатар бірлі-жарым лимфа шоғырлары кездеседі. 
Кеңірдекті кеуделік ішкі артерия, төменгі қалқанша артерияның тармақтары (бұғанаасты 
артериясы жүйесі) және қолқа қанмен қамтамасыз етсе, веналық ағым оң және сол иық- 
бас веналары арқылы жүзеге асады. Лимфа мойынның терең лимфа түйіндеріне (жоғарғы 
және төменгі трахеобронхиальдық, паратрахеальдық, претрахеальдық) ағады. 
Кеңірдекті көмейдің оң және сол қайырылма нервтері (кезбе нерві, Х-жұп), симпатикалық 
сабау тармақтары нервтендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет