Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет151/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

КӨМЕЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Көмей (larynx) мойынның алдыңғы аймағында орналасқан, еркектерде жақсы жетілген 
көмей шодырын (prominentia laryngea) түзеді. Көмей үстінде тіласты сүйегімен 
байланысса төменінде кеңірдекке жалғасады. Көмейді алдынан тіласты сүйегі 


191 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
бұлшықеттері, мойынның беткей және кеңірдек алды шандырларымен қалқанша без 
үлестері, көмейдің бүйір беттері оны қапсыра орналасқан қалқанша без қылтасымен 
жабылған. Жұтқыншақ, көмеймен бүйір жақтары ожау-қақпашық қатпарлары, (plicae 
aryepigloticae), алдынан көмей қақпашығы шектеген көмей кіреберісі (aditus laryndeus) 
арқылы қатынасады. 
КӨМЕЙ ҚУЫСЫ 
(cavitas laryngis), шартты үш бөлікке бөлінеді: жоғарғы, ортаңғы және 
төменгі. 
Жоғарғы бөлім, 
немесе көмей кіреберісі (vestibulum laryngis), аралықтары кіреберіс 
саңылауын (rima vestibuli) түзетін кіреберіс қатпарларымен (plicae vestibulares) шектеледі. 
Ортаңғы бөлім, 
немесе қарыншааралық, кіреберіс қатпарларынан дауыс қатпарларына 
(plicae vocalis) дейін жалғасады. Осы қатпарлар арасында көмей қарыншалары (ventriculus 
laryngis) орналасқан, ал дауыс қатпарлары көмей қуысының ең тар аймағы, дауыс 
саңылауын (rima vocalis) шектейді. Дауыс саңылауының алды жарғақаралық (pars 
intermembranacea) арты шеміршекаралық (pars intercartilaginea) бөліктер деп аталады. 
Төменгі бөлім, 
дауыс саңылауының астында орналасқан, бұл дауысасты қуысы (cavitas 
infraglottica), ол кеңірдекке жалғасады. Көмейдің ішкі беті шырышты қабықпен 
көмкерілген. Шырышасты негізінде, төртбұрышты жарғақпен (membrana guadrangularis) 
эластикалық конустан (conus elasticus) құралған талшықты-серпілмелі жарғақ (membranа 
fibroelastica) орналасқан. Төртбұрышты жарғақтың жоғарғы жиегі ожау-көмей қақпашығы 
байламдарына жетсе, төменгі бос жиектері оң және сол кіреберіс байламдарын 
(ligg.vestibulares) түзеді, ал эластикалық конустың жоғарғы жиегі 
симметриялы 
орналасқан дауыс байламдарымен (ligg.vocale) аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет