Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет147/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
БАУЫР 
Бауыр (hepar) – асқорыту жолының ең ірі безі, басым бөлігі көкет астында, іш қуысының 
жоғарғы оң бөлігінде орналасқан. Тармақталған күрделі түтікті бездерге жатады. Бауыр, 
зат алмасу және қан жасау үрдістеріне қатынасады. Бауырдың пішіні біркелкі емес
жоғарысы дөңес, ал төмені ойыс болып келеді. Ішастармен барлық жағынан қамтылған. 
(кішкене бөліктерін қоспағанда: байламдар бекитін орындармен өтқуықтың жатқан жері). 
Бауырдың екі бетін айырады: жоғарғы – көкеттік (facies diaphragmaticа), төменгі – 
висцеральдық (facies visceralis). 
Көкеттік бет, пішінімен көкеттің күмбезіне сәйкес келеді. көкеттен және іш қуысының 
алдыңғы қабырғасынан осы бетке орақ тәрізді байлам (lg.falciformis) барады. Ол бауыр 
бетін оң және сол үлестерге (lobus hepatis dexter et lobus hepatis sinister) бөліп артынан 
ішастардың туындысы тәжді байламға (lg. coronarium) ұласады, ал тәжді байламдардың оң 
және сол шеттері оң және сол үшбұрышты байламдармен (lg.triangularis) аяқталады. 
Бауырдың үстіңгі бетінде бауырға көкет арқылы жүректен түскен із бар, ол жүректік 
батыңқы (impression cardiaca). 
Висцеральді бетте, бауырды төрт бөлікке бөлетін үш жүлге өтеді. Оң және сол 
сагиттальды жүлгелер арасындағы ортаңғы бөлік көлденең жүлгемен екі бөлікке бөлінеді: 
алдыңғысы – шаршы үлес, (lobus guadratus), артқысы – құйрықты үлес (lobus caudatus). 
Сол сагиттальді жүлге, орақ тәрізді байламның тұсында орналасып, бауырды оң және сол 
үлестерге бөледі. Бауырдың өн бойында екі саңылау бар: алдында – жұмыр байлам 
саңылауы (fissura ligament teretis), артында – веналық байлам саңылауы (fissura ligamenti 
venosi). 
Жұмыр байлам – бітелген қалған кіндік венасы, ал веналық байлам, бітеліп қалған 
веналық түтік. Оң сагиттальді жүлге солға қарағанда кеңдеу. Оның алдыңғы бөлігі – 
өтқуық шұңқырын (онда өтқуық жатыр), ал артқы бөлігі аттас вена өтетін, төменгі қуыс 
вена жүлгесін түзеді. 
Оң және сол сагиттальді жүлгелер бір-бірімен терең көлденең жүлге, бауыр қақпасы (porta 
hepatis) арқылы байланысады. 
Бауыр қақпасы арқылы кіреді: қақпа венасы, нервтер, бауыр артериясы. Шығады: жалпы 
бауыр түтігі, лимфа тамырлары. Бауырдың висцеральді бетінде төрт негізгі батыңқыларды 
ажыратады: бүйректік (impressio renalis), бүйрек үстілік (impressio suprarenalis), жиек 
ішектік (impressio colica), он екі елі ішектік (impressio duodenalis). 
Шаршы үлесте он екі елі ішектік батыңқы (impressio duodenalis) бар. 
Құйрықты үлес – алдыңғы бетінде шағым көтеріңкі – бүртіктік өсінді (processus papillaris) 
бар, ал оң жағында құйрықты өсінді (processus caudatus) орналасқан. 


188 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет