Нуржігіт Алтынбеков
Жамбастық бөлімде, тар, ампула үсті бөлігін және тік ішек кең жері (ampula recti) бөлігін
ажыратады.
Жамбастық бөлімнің ұзындығы 14 см-ге дейін, шат бөлімінікі 4 см шамасында.
Шырышты қабық (tunica mucosa) – шырышты және бокал тәрізді бездерге бай, бойлық
және көлденең қатпарлар түзеді. Шырышты қабығы бүрлерден айырылған, жекеленген
лимфа түйіншелері бар. Тік ішектің айналасының жартысын ғана қамтитын жиірек
кездесетін үш көлденең қатпарлар бар, қалғаны тұрақсыз қатпарлар. Бойлық қатпарлар 10-
ға жетеді, олар артқы өтіс бағаналары (columnae anales) деп аталады да, жоғарыдан төмен
қарай кеңейеді. Бойлық қатпарлардың жоғарғы шекарасы тік ішек-артқы өтіс сызығы
(linea anorectalis). Бойлық қатпарлардың шеттерінен төмендеу, шығыңқы бөліктері артқы
өтіс бағаналары арасындағы ұңғылдарды төменінен тұйықтап артқы өтіс қойнауын (sinus
anales) түзетін аралық аймақ орналасқан. Қойнауларды астынан тұйықтайтын көлденең
қатпарларды (plicae transversae recti) артқы өтіс жапқыштары (valvulae anales) деп атайды,
ал олардың жиынтығы артқы өтіс қырын (pectin analis) түзеді. Артқы өтіс бағаналарының
шырышасты аймағының майлы негізінде тік ішектің веналық өрімі (plexus venosus rectalis)
жатыр. Шырышты қабық бағаналар аймағында жалпақ, ал қойнауларда көпқабатты
эпителиймен қапталған.
Бұлшықетті қабық (tunica muscularis) – өн бойы екі қабаттан тұрады. Сыртқы бойлық, ішкі
дөңгелек, қабат жақсы жетілген. Бойлық бұлшықет талшықтары тоқ ішектің
таспаларының жалғасы төмен қарай кеңейіп тік ішекті толығымен қамтиды: артқы және
алдыңғы қабырғаларында жақсырақ жетілген. Бойлық бұлшықеттердің бір бөлігі артқы
өтісті көтеретін бұлшықет (m.levator ani) құрамына кіреді. Бойлық бұлшықеттердің
алдыңғы будасы, еркектерде тік ішек-несеп шығаратын өзек бұлшықетін түзіп, несеп
шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің өтетін жеріне бекиді.
Бұл бұлшықеттен басқа ересектерде тік ішекті несеп қуықпен байланыстыратын тік ішек-
қуық бұлшықеті бар. Бұлшықетті қабықтың дөңгелек қабаты артқы өтісте қалыңдап артқы
өтістің ішкі қысқышын (m.sphincter ani interni) түзеді. Бұл бұлшықеттің бір бөлігі,
қынаптың бұлшықетімен несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің құрамына кіреді.
Артқы өтіс айналасының тері астындағы май қабатында артқы өтістің сыртқы қысқышы
(m.sphincter ani externi)орналасқан. Артқы өтістің сыртқы және ішкі қысқыштарының
арасымен артқы өтісті көтеретін бұлшықет өтеді. Осы бұлшықеттің алдыңғы бөлігі қасаға-
құйымшақ бұлшық еті деп аталады. Сыртқы сірлі қабық (tunica seposа) – ішастар атымен,
тік ішектің жоғарғы бөлігін барлық жағынан, ортаңғы бөлігін үш жағынан жапса, төменгі
бөлігі тіпті жабылмаған.