Нуржігіт Алтынбеков
түтіктері ұйқыбез түтігіне (ductus pancreaticus) тікелей ашылады. Түтік бездің ортасының
өн бойына орналасқан және жалпы өт түтігімен бірігіп 12-елі ішектің үлкен бүртігіне
ашылады. Панкреатикалық сөлмен өттің іш қуысына түсуін реттейтін екі түтіктің де
шығатын тесіктері бұлшықеттік қысқышпен жабдықталған. Кейде ұйқыбезде бас түтіктен
бөлініп шығатын қосалқы түтік кездеседі, ол 12 елі ішектің кіші бүртігіне ашылады.
Ұйқыбез асқорыту және зат алмасу үрдісінде маңызды роль атқарады.
Ұйқыбездің эндокринді бөлігі
Жоғарыда айтылғандай, ұйқыбезде секреттік құрылымдардан бөлек ішкі секреттік
сипаттамадағы жасушалық топтар орналасқан. Бұл топтар – аралшықтар (insulae), без
паренхимасының өне бойына жайылған, шағын мөлшерлі жасушалардан (кейде үлкен
көлемге жететін – 175 мкм) құралған. Бірақ жасушалар саны бездің құйрығында
басымырақ. Аралшықтар көмірсу алмасуын реттеуге қатысатын инсулин гормонын
өндіреді. Бездің бұл қызметі нерв жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Бұны
аралшықтың мол нервтенуінен байқауға болады.
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ 1.
Мұрын аймағының құрылысы (Regio nasalis)
Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) тыныс алу жолдарынан құралған, ал олар
өз ретінде қуыс көлемінің біркелкілігі қабырғаларындағы шеміршектік немесе
сүйектік тіндермен және өкпе арқылы қамтамасыз етілген түтіктер жүйесінің
жиынтығы.
Мұрын аймағына сыртқы мұрын және мұрын қуысы жатады.
Сыртқы мұрын (nasus externus), мұрын қырына (dorsum nasi) жалғасатын мұрын
ұшынан (apex nasi), мұрын түбірінен (radix nasi) және айналасы танаулармен (nares)
шектелген мұрын қанаттарынан тұрады.
Сыртқы мұрын сүйектік және шеміршектік тіндерден түзілген.
Мұрын шеміршектері
1)
Мұрынның латералды шеміршегі (cartilage nasi lateralis) сыртқы мұрынның
бүйір қабырғасын құрауға қатынасатын жұп шеміршек.
2)
Мұрын қанатының үлкен шеміршегі (cartilagо alaris major), танаулардың
алдыңғы бүйір аймақтарын шектейтін жұп шеміршектер.
3)
Мұрын қанатының кіші шеміршектері (cartilage alaris minoris), мұрын
қанатының үлкен шеміршегінің артында орналасқан. Кей кезде мұрын