201
Нуржігіт Алтынбеков
бөлікке бөлінеді: іштік, (pars abdominalis), жамбастық (pars pelvina) және қабырғаішілік.
Іштік бөлігі белдің үлкен бұлшықеті үстінде орналасқан. Сол несeпағар он екі елі ішектің
аш ішекке өтетін тұсының артында орналасса, оң несепағарды он екі елі ішектің
төмендеген бөлігі алдынан жауып жатыр. Еркектерде несепағармен атабез артериясы
және венасы, ал әйелдерде анабез артериясы мен венасы қатар жүреді. Несепағардың
жамбастық бөлігінің ішкі саңылауы тарлау. Оң несепағардың осы бөлігі ішкі мықын, ал
сол жақтағысы жалпы мықын артериялары мен веналарының алдында орналасқан.
Әйелдер несепағарының жамбастық бөлігі әуелі анабездің артымен төмен түсіп, жатыр
мойнын сыртынан айналып өтіп, несепқуық пен қынаптың алдыңғы қабырғасы
аралығында аяқталады, ал еркектер несепағарының жамбастық бөлігі әуелі шәует
шығаратын түтіктің сыртымен төмен түседі, әрі қарай оны кесіп өтіп шәует қуықшасынан
сәл төменірек несепқуыққа ашылады. Несепағардың қабырғаіші бөлігі ең қысқасы, оның
ұзындығы 2 см-ден көп емес. Несепағар сыртынан адвентициямен (дәнекер) (tunica
adventitia) оның астында жоғарғы бөлігінде екі қабаттан, ал төменінде үш қабаттан
тұратын бұлшықеттік қабық (tunica muscularis) орналасқан. Ішкі қабығы – шырышты
(tunica mucosa) қабат.
Достарыңызбен бөлісу: