Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет169/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
өзекшелер атабез торына (rete testis) ашылады. Ол жақтан, атабез қосалқысы түтігіне 
құятын 15 шамасында атабездің шығарушы өзекшелері (ductuli efferentes testis) шығады. 
Шәует құрамына кіретін еркек жыныс жасушалары (сперматозоидтар) тек қана иреленген 
өзекшелерде дамып қалыптасады ал қалған өзекшелер шәует шығарушылар болып 
табылады. 
АТАБЕЗ ҚОСАЛҚЫСЫ (epididymis) атабездің артқы жиегі бойында орналасқан . 
Қосалқының басын (caput epididymidis) денесін (corpus epididymidis) және құйрығын 
(cauda epididymidis) айырады. Балаларда қосалқы басының жанында айқын көрінетін 
атабез өсіндісінің қосалқысы (paradidymis) жатыр. Атабез ақ қабығы қосалқы ақ қабығына 
өтеді. Атабездің шығарушы өзекшелерінен 15-20 шамасында қосалқының конустары- 
үлесшелері (lobule-cones epididymis) қалыптасады. Қанмен қамтамасыздануы, атабез және 
шәует шығаратын атериялармен жүзеге асырылса, веналық ағым, жүзім шағы тәрізді 
веналық өрімге (plexus venosus parpiniformis) құяды

Лимфа ағымы, белдік лимфа 
түйіндеріне барады. Атабездік өрімнен нервтенеді. 
ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ (prostata), 
өзінен бөліп шығаратын сұйықтығы шәует құрамына 
кіретін, дараланған ацинустардан құралған тақ, безді – бұлшықеттік ағза. Қуықасты 
безінің салмағы 25 гр-ға дейін, ал басқа көлем мөлшерлері төмендегідей: 
Қалыңдығы – 2 см-ге дейін 
Көлденеңі – 4 см-ге дейін 
Ұзындығы – 3 см-ге дейін 
Без кіші жамбас қуысында, несепқуықтың астында орналасқан. 
Простата арқылы несепшығаратын өзек өтеді, ол бездің негізінен кіріп ұшынан шығады. 
Простатаға шәует шығаратын түтіктер енеді. 
Простатаның негізін (түбі) (basis prostatae), алдыңғы (facies anterior), артқы (fasies 
posterior) , төменгі бүйір (facies infralateralis) беттерін және ұшын (apex prostatae) 
ажыратады. Простатадан қасаға симфизіне бекітін ортаңғы және бүйір қасаға-қуықасты 
байламдары (lgg.puboprostaticae) және қасаға-қуықасты бұлшықеті (m.puboprostaticus) 
басталады. 
Простатаның артқы беті тік ішек кең жерінен (ампуладан) тік ішек-қуықтық табақшамен 
(septum recto-vesicale) бөлінген. 
Простата сыртынан, бездің ішіне енетін қалқалар басталатын тығыз қапшықпен қапталған. 
Простата саны 50-ге жететін үлесшелерден құралған. Үлесшелердің басым бөлігі бездің 
бүйір және артқы бөліктерінде орналасқан. Ацинустардың бездік түтікшелері екі-екіден 
бір-бірімен қосылып қуықасты түтіктерін түзеді (ductuli prostaticae). Простатаның 


210 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет