Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет170/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
алдыңғы бөлігі, несеп шығаратын өзектің айналасында орналасып оның еріксіз қысқышын 
түзуге қатынасатын бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады. 
Жүрек қантамырлар жүйесі 
 
ЖҮРЕК 
Жүрек (cor) – артерияларға, оттегімен байыған қанды қысып шығаратын және веналық 
қанды қабылдайтын бұлшықетті төрт камералы ағза. 
Жүрек, веналық қанды қабылдайтын және оны әрі қарай қарыншаларға (оң және сол) 
итеретін екі жүрекшелерден тұрады. Оң қарынша қанды өкпе сабауы арқылы өкпе 
веналарына, ал сол қарынша – қолқаға. Жүректің сол жартысының ішіндегісі артериялық, 
ал оң жартысында веналық қан. Қалыпты жағдайда оң және сол жартылар бір-бірімен 
қатынаспайды. Жүректің үш бетін ажыратады: өкпелік (facies pulmonalis). Көкеттік 
(diaphragmatica), төс-қабырғалық (sternоcostalis), ұшы (apex cordis) және негізі (balis 
cordis). Тәждік жүлге (sulcus coronarius) қарыншалармен жүрекшелер шекарасы. 
Оң жүрекше (atrium dextrum) сол жүрекшеден жүрекшеаралық қалқамен (septum 
interatriale) бөлінген және қосымша қуысы – оң құлақшасы (auricula dextra) бар. Қалқада 
айналасы аттас жиекпен қоршалған сопақ шұңқыр (fossa ovale) орналасқан, ол сопақ тесік 
бітелген соң пайда болған. Оң жүрекшеде бір-бірінен венааралық төмпешікпен 
(tuberculum intervenosum) шектелген жоғарғы қуыс вена тесігі (ostium venae cavae 
superioris) мен төменгі қуыс вена тесігі (ostium venae cavae inferioris) және веналық қойнау 
тесігі (ostium sinus coronari) орналасқан. Оң құлақша ішінде веналық қуысты оң 
жүрекшеден бөлетін шекаралық қырмен бітетін қырлы бұлшықеттері (m.m. pectinati) бар. 
Оң жүрекше оң қарыншамен оң жүрекше-қарынша тесігі (ostium atrioventriculare dextrum) 
арқылы қатынасады. Оң қарынша (ventriculus dexter) сол қарыншадан, бұлшықетті және 
жарғақты бөліктерден тұратын қарыншааралық қалқамен (septum interventriculare) 
бөлінген. Алдында өкпе сабауының тесігі (ostium trunci pulmonalis) және артында оң 
жүрекше-қарынша тесігі (ostium atrioventriculare dextrum)орналасқан. Соңғысы (жүрекше- 
қарынша тесік) – алдыңғы, артқы және қалқалық жармалардан құралған үш жармалы 
қақпақпен (valva tricus-pidalis) жабылған. Жармаларды сіңірлі жіпшелердің ұстап 
тұруының арқасында жармалар жүрекшеге айналып шығып кетпейді. 
Өкпе сабауының тесігі үш жармадан алдыңғы, оң және сол (cuspis anterior, cuspis dextra, 
cuspis sinistra) құралған жартыай тәрізді қақпақпен жабылған. 


211 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет