Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет173/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Өкпе сабауы (truncus pulmonalis) оң және сол өкпе артерияларына бөлінеді. Бөліну орнын 
өкпе сабауы айырығы (bifurcatio trunci pulmonalis) деп атайды. 
Оң өкпе артериясы (a.pulmonalis dextra) өкпенің қақпасына кіріп бөлінеді. Жоғарғы үлесте 
– төмендеген және жоғарылаған артқы тармақтарды (rr.posteriores descendens et ascendens) 
ұштық тармақты (r.apicalis), төмендеген және жоғарылаған алдыңғы тармақтарды 
(rr.anteriores descendens et ascendens) айырады. 
Ортаңғы үлесте – медиальді және латеральді тармақтарды (rr.lobi medii medialis et lateralis) 
айырады. 
Төменгі үлесте – төменгі үлестің жоғарғы тармағы (r.superior lobi inferioris) және негіздік 
бөлік (pars basalis), ол төрт тармаққа бөлінеді: алдыңғы, артқы, латеральді және медиальді. 
Сол өкпе артериясы (a.pulmonalis sinistra) өкпе қақпасында екіге бөлінеді. Жоғарғы үлеске 
жоғарылаған және төмендеген, алдыңғы тармақтар (rr.anteriores ascendens et descendens), 
тілшіктік тармақ (r.lingularis), артқы (r.posterior) және ұштық тармақ (r.apicalis) барады. 
Төменгі үлестің жоғарғы тармағы сол өкпенің төменгі үлесіне кіреді, ал негіздік бөлік оң 
өкпедегі сияқты төрт тармаққа бөлінеді: алдыңғы, артқы, медиальді және латеральді. 
Өкпе веналары, өкпе капиллярларынан басталады. Өкпенің оң жақ төменгі венасы 
(v.pulmonalis dextra inferior) өкпенің төменгі үлесінің бес сегментінен қан жинайды. Бұл 
вена төменгі үлестің жоғарғы венасының жалпы базальды венамен қосылуынан түзілген. 
Өкпенің оң жақ жоғарғы венасы (v.pulmonalis dextra superior) оң өкпенің жоғарғы және 
ортаңғы үлестерінен қан жинайды. Өкпенің сол жақ төменгі венасы (v.pulmonalis dextra 
inferior), сол өкпенің төменгі үлесінен қан жинайды. 
Өкпенің сол жақ жоғарғы венасы (v.pulmonalis sinistra superior),сол өкпенің жоғарғы 
үлесінен қан жинайды. Оң және сол өкпе веналары (төрт вена) сол жүрекшеге құяды. 
ҚОЛҚА (aorta) үш бөліктен тұрады: жоғарылаған, доғасы, төмендеген. 
Қолқаның жоғарылаған бөлігі (pars ascendens aortae) кеңеюмен – қолқа буылтығымен 
(bulbus aortae) басталады, ал қақпақтар орналасқан тұстарда – үш қойнау түзіледі. 
Қолқа доғасы (arcus aortae) екінші оң қабырғаның төспен қосылған тұсынан басталады
болмашы тарылуы, немесе қолқа қылтасы (isthmus aortae) бар. Қолқаның төмендеген 
бөлігі (pars descendens aortae) ІV-кеуде омыртқасы тұсынан басталып, ІV-бел омыртқасы 
деңгейінде оң және сол жалпы мықын артерияларына бөлінеді. 
Төмендеген қолқаның кеуделік (pars thoracica aortae) және іштік бөліктерін (pars 
abdominalis aortae) айырады. 
ИЫҚ-БАС САБАУЫ. СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ. 


214 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет