Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет171/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Сол жүрекше (atrium sinistrum) – алдына қарай конус тәрізді кеңейген – сол құлақшасы 
(auricula sinistra) және бес тесігі: төртеуі өкпе веналарының тесігі (ostia venarum 
pulmonalium) мен сол жүрекше-қарынша тесігі (ostium atrioventriculare sinistrum) бар. 
Сол қарыншаның (ventriculus sinister) – артында, алдыңғы және артқы жармалардан 
құралған митралді (сол жүрекше-қарыншалық) қақпақпен (valva mitralis) жабылған сол 
жүрекше-қарыншалық тесік, артқы, оң және сол жармалардан құралған жартыай тәрізді 
қақпақпен (valvulae seminulares) жабылған қолқа тесігі орналасқан. Қақпақтар мен қолқа 
қабырғасының арасында аттас қойнаулар (sinus) бар. Қарыншаның ішкі бетінде етті 
шарбақшалармен (trabeculae carneae) алдыңғы және артқы бүртікті бұлшықеттер 
(mm.papillares anterior et posterior) болады. 
ЖҮРЕК ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҮРЕКТІҢ ӨТКІЗУШІ ЖҮЙЕСІ. 
ЖҮРЕКҚАПТЫҢ (ПЕРИКАРД) ҚҰРЫЛЫСЫ. 
Жүрек қабырғасы, жұқа, ішкі қабат эндокардтан (endocardium), ортаңғы дамыған қабат- 
миокардтан (myocardium) және сыртқы қабат – эпикардтан (epicardium) құрылған. 
Эндокард – жүректің ішкі бетін және онда орналасқан барлық түзілістерді төсеп жатыр. 
Миокард – жүректің барлық камераларының толық және ырғақты жиырылуын 
қамтамасыз ететін кардиомиоциттерден құрылған көлденең-жолақ бұлшықеттік тінінен 
түзілген. 
Жүрекшелер мен қарыншалардың бұлшықеттік талшықтары, жүректің жұмсақ 
қаңқасының құрамына енетін оң және сол талшықты сақиналардан (anuli fibrosi dexter et 
sinister ) басталады. Талшықты сақиналар аттас жүрекше-қарынша тесіктерін қоршап
олардың қақпақтарына тіректік қызмет атқарады. 
Миокард үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты жүрек ұшында шиыршық (vortex cordis) 
түзіп терең қабатына жалғасады. Ортаңғы қабаты дөңгелек талшықтардан құрылған. 
Эпикард – сірлі қабық, ол жүрекқаптың (перикард) ағзалық (висцеральді) табақшасы. 
Эпикард жүректің сыртқы бетінің барлық жағы толық және онан шығатын ірі 
қантамырлардың бастапқы бөлігін жауып солардың бойымен жүрекқаптың қабырғалық 
(париетальді) табақшасына өтеді. Жүректің қалыпты жиырылу қабілетін қамтамасыз 
ететін өткізуші жүйесі, оның орталықтары мыналар: 
1.
Қойнау-жүрекше түйіні (nodus sinuatrialis) немесе Кис-Фляк түйіні 
2.
Жүрекше-қарынша түйіні (nodus atrioventricularis) немесе Ашоф-Тавар түйіні 
Ол төмен қарай жүрекше-қарынша (fasciculus atriventricularis) немесе Гис будасына өтіп 
әрі қарай оң және сол аяқшаларға (crusis dextrum et sinistrum) бөлінеді. 


212 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет