Нуржігіт Алтынбеков
Кәрі жілік артериясы (a.radialis) иық артериясының екі соңғы тармақтарының біреуі болып
табылады. Бұл артерияның шеткі бөлігі шынтақ артериясының терең алақандық
тармағымен қосылып терең алақандық доға (arcus palmaris profundus ) түзеді.
Кәрі жілік артериясының тармақтары:
1.
Беткей алақандық тармақ (r.palmaris superficialis)
2.
Кәрі жіліктің қайырылма артериясы (a.reccurens radialis)
3.
Білезіктің сыртқы тармағы (r.carpalis dorsalis) білезіктің сыртқы торын (rete carpale
dorsale) түзуге қатынасады.
4.
Білезіктің алақандық тармағы (r.carpalis palmaris).
Шынтақ артериясы (a.ulnaris)
Иық артериясының екінші соңғы тармағы. Бұл артерияның шеткі бөлігі кәрі жілік
артериясының беткей алақандық тармағымен қосылып беткей алақандық доға (arcus
palmaris superficialis ) түзеді.
Шынтақ артериясының тармақтары:
1.
Шынтақтың қайырылма артериясы (a.reccurens ulnaris), алдыңғы және артқы
тармақтарға бөлінеді.
2.
Бұлшықеттік тармақтар (rr.musculares)
3.
Жалпы сүйекаралақ артерия (a.interossea communis), алдыңғы және артқы
сүйекаралық артерияларға бөлінеді.
4.
Терең алақандық тармақ (r.palmaris profundus)
5.
Білезіктің алақандық тармағы (r.carpeus palmaris).
Бұғанаасты, қолтық, иық, шынтақ, кәрі жілік артериялары жүйесіндегі анастомоздардың
көптігінің арқасында буындардың қанмен қамтамасыздануы және жанама қан айналысы
қамтамасыз етіледі.
Қолқанаң кеуделік бөлігінің тармақтары висцеральді (ағзалық) және париетальді
(қабырғалық) болып бөлінеді. Ағзалық тармақтар (висцеральді):
1.
Жүрекқаптық тармақтар (rr.pericardiaci)
2.
Өңештік тармақтар (rr.oesophageales)
3.
Көкірекаралықтық тармақтар (rr.mediastinales)
4.
Бронхтық тармақтар (rr.bronchiales).
Қабырғалық тармақтар (париетальді)
1.
Жоғарғы көкет артериясы (a.phrenica superior)