Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет177/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Бірінші бөлімнің тармақтары: 
1.
Омыртқа артериясы (a.vertebralis) төрт бөлігін ажыратады: омыртқа бағанасы 
алдындағы (pars prevertebralis), мойын (pars cervicalis), ауызомыртқалық (pars 
atlantica) бассүйек ішіндегі бөлік (pars intracranialis). 
Мойын бөлігінің тармақтары: а) түбіршіктік тармақтар (rr.radiculares), б) бұлшықеттік 
тармақтар (rr.musculares) 
Бассүйек ішіндегі бөлік тармақтары: 
а) алдыңғы жұлын артериясы (a.spinalis anterior), б) артқы жұлын артериясы (a.spinalis 
posterior), в) артқы және алдыңғы менингеальдық тармақтар (rr.meningei), г) артқы төменгі 
мишық артериясы (a.cerebelli inferior posterior). 
Негіздік артерия (a.basilaris) ми көпірінің аттас жүлгесінде орналасып төмендегідей 
тармақтар береді: 
а) лабиринт артериясы (a.labіrinthi), б) ортаңғы ми артериялары (a.mesencephalicae), в) 
жоғарғы мишық артериялары (a.cerebelli superior), г) алдыңғы төменгі мишық артериясы 
(a.cerebelli inferior anterior), д) көпір артериялары (aa.pontis). 
Оң және сол артқы ми артериялары мидің артериялық шеңберін артынан тұйықтайды, 
артқы ми артериясына артқы дәнекер артерия құяды, сөйтіп үлкен мидың артериялық 
шеңбері (circulus arteriosus cerebrі) түзіледі. 
2.
Кеуделік ішкі артерия (a.thoracica interna) береді: 
А) бронхтық және кеңірдектік тармақтар(rr.bronchiales et tracheales) 
Б) төстік тармақтар (rr.sternales) 
В) көкірекаралықтық тармақтар (rr.mediastinales) 
Г) тесіп өтетін тармақтар (rr.perforantes) 
Д) тимустық тармақтар (rr.thymici) 
Е) жүрекқап-көкет артериясы (a.pericardiacophrenica) 
Ж) бұлшықет-көкеттік артерия (a.musculophrenica) 
З) жоғарғы құрсақүсті артериясы (a.epigastrica superior) 
И) алдыңғы қабырғааралық тармақтар (rr.intercostales anteriores) 
3.
Қалқанша-мойын сабауы (truncus thyrocervicalis) тармақтары: 
А) төменгі қалқанша артериясы (a.thyroidea inferior), кеңірдектік тармақтар (rr.tracheales), 
төменгі көмей артериясы (a.laryngea inferior), жұтқыншақтық және өңештік тармақтар 
(rr.pharyngeales et oesophageales) береді. 
Б) жауырынүсті артериясы (a.suprascapularis) акромиондық тармақ (r.acrominalis) береді. 
В) мойынның көлденең артериясы (a.transversa cervicis) беткей және терең тармақтарға 
бөлінеді. 


218 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет