Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет185/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
эмиссарлық вена (v.emissaria parietalis) арқылы диплоелық веналар бастың сыртқы 
веналарымен қатынасады. 
Ішкі мойындырық венаның бассүйек сырты құйылыстары: 
1.
Тіл венасы (v.lingualis) – тіласты венасынан, тілдің терең венасынан тілдің 
дорсальді веналарынан түзілген. 
2.
Бет венасы (v.facialis) 
3.
Жоғарғы қалқанша венасы (v.thyroidea superior), қақпақтары бар. 
4.
Жұтқыншақ веналары (vv.pharyngeae) 
5.
Төменгі жақсүйек артындағы вена (v.retromandibularis). 
Сыртқы мойындырық вена (v.jugularis externa) – сағасында және мойынның ортаңғы 
тұсында қақпақтар орналасқан. Бұл венаға құяды: мойынның көлденең веналары 
(vv.transversae colli), алдыңғы мойындырық вена(v.jugularis anterior), жауырынүсті венасы 
(v.suprascapularis). 
Бұғанаасты венасы (v.subclavia), қолтық венасының жалғасы. 
Қол веналары . Төменгі қуыс вена жүйесі. Қақпа вена жүйесі. 
Бұл веналар беткей және терең веналар түрінді ұсынылған. Алақанның беткей веналық 
доғасына (arcus venosus palmaris superficialis ) саусақтардың алақандық веналары құяды. 
Алақанның терең веналық доғасына (arcus venosus palmaris profundus ) жұп алақан 
сүйектерінің веналары құяды. 
Беткей және терең алақанның веналық доғалары білектің терең веналарына жататын жұп 
кәрі жілік және шынтақ веналарына(vv.radiales et ulnares) жалғасады. Осы веналардан екі 
иық венасы (vv.brachiales) қалыптасады, бұлар қосылып қолтық венасын (v.axillaris) 
түзеді, әрі қарай бұғанаасты венасына жалғасады. 
Қолдың беткей веналары 
Алақан сүйектерінің сыртқы веналары бір-бірімен қосылып қол ұшының сыртқы веналық 
торын (rete venosum dorsale manus) түзеді. Қолдың теріастылық латеральді венасы 
(v.cephalica). Қолтық венасына, ал қолдың теріастылық медиальді венасы (v.basilica) иық 
венасына құяды, кейде білектің аралық венасы (v.intermedia cubiti) болады, қақпағы жоқ. 
Төменгі қуыс венаның (v.cava inferior) ағзалық (висцеральді) және қабырғалық 
құйылыстарын ажыратады. 
Ағзалық (висцеральді) құйылулары: 
1.
Бүйрек венасы (v.renalis) 
2.
Бүйрекүсті безі венасы (v.suprarenalis), қақпағы жоқ 
3.
Бауыр веналары (vv.hepaticae) 


226 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет