Нуржігіт Алтынбеков
омыртқааралық вена (v.intervertebralis) құяды, оған өз ретінде жұлындық (rr.spinales)
тармақтар мен арқа венасы (v.dorsalis) ашылады. Омыртқалардың алдыңғы және артқы
ішкі веналық өріміне (plexus venosi vertebrales interni) жұлын веналары және
омыртқалардың кеуекті зат веналары құяды. Қан осы өрімдерден жартылай сыңар және
қосымша жартылай сыңар веналарға, омыртқалардың алдыңғы және артқы сыртқы
веналық өріміне (plexus venosi vertebrales) ағып шығады. Өз ретінде олардан қан бел,
сегізкөз және қабырғааралық веналармен жартылай сыңар және қосымша жартылай сыңар
веналарға ағады.
Оң және сол иық-бас веналары (vv.brachiocephalicae dextra et sinistra), жоғарғы қуыс
венаның түбірі болып саналады. Қақпалары жоқ, қанды қолдардан, бас пен мойын
ағзаларынан, жоғарғы қабырғааралық кеңістіктерден жинайды. Иық-бас венасы ішкі
мойындырық венаның бұғанаасты венамен қосылуынан түзіледі.
Терең мойын венасы (v.cervicalis profunda). Омыртқаның сыртқы веналық өрімінен
басталып, шүйде аймағы бұлшықеттерінен және бұлшықеттің қосалқы аппаратынан қан
жинайды.
Омыртқа венасы (v.vertebralis), өзіне омыртқаның ішкі веналық өрімінен қанды қабылдап,
аттас артериямен қатар жүреді.
Ішкі кеуде венасы (v.thoracica interna), аттас артериямен қатар жүреді, оған алдыңғы
қабырғааралық веналар (vv.intercostales anteriores) құяды, ал ішкі кеуде венасының түбірін
бұлшықет-көкеттік венамен (v.musculophrenica) жоғарғы құрсақүсті венасы (v.epigastrica
superior) құрады.
Бас және мойын веналары
Ішкі мойындырық вена (v.jugularis interna), ми қатты қабығының сигматәрізді қойнауының
жалғасы. Бастапқы бөлігінде жоғарғы буылтық (bulbus superior), ал бұғанаасты венамен
қосылатын орнынан жоғары төменгі буылтық (bulbus inferior) орналасқан. Төменгі
буылтықтың үстінде және астында бір-бір қақпақ бар. Ішкі мойындырық венаның
бассүйек іші құйылыстарына жатады: көз веналары (vv.ophthalmicae superior et inferior),
лабиринт веналары (vv.labyrinthi), диплоеалық веналар (vv.diploicae) артқы самай
диплоеалық венасына(v.diploica temporalis posterior) алдыңғы самай диплоеалық венасына
(v.diploica temporalis anterior) маңдай диплоеалық венасына (v.diploica frontalis) және
шүйде диплоеалық венасына (v.diploica occipitalis) қан бассүйек сүйектерінен ағып
шығады.
Шығаратын (эмиссарлық) веналар (vv.emissaria): емізіктәрізді эмиссарлық вена
(v.emissario mastoidea), айдаршық эмиссарлық вена (v.emissaria congylaris), шекелік