Нуржігіт Алтынбеков
4.
Толарсақтың латеральді алдыңғы артериясы (a.malleolaris anterior lateralis)
5.
Бұлшықеттік тармақтар (rr.musculares)
6.
Аяқ ұшының сыртқы артериясы (a.dorsalis pedis). Тармақтары: медиальді және
латеральді тілерсек артериялары (aa.tarsales medialis et lateralis), доғатәрізді артерия
(a.arcuata), әрі қарай соңғы тармақтарына бөлінеді: терең табандық артерия
(a.plantaris profunda) және І-табан сүйектің сыртқы артериясы (a.metatarsalis dorsalis
I).
Асықты жіліктің артқы артериясы (a.tibialis posterior) – тақым артериясының жалғасы.
Бұның тармақтары келесі:
1.
Медиальді табан артериясы (a.plantaris medialis) беткей және терең тармақтарға
бөлінеді.
2.
Латеральді табан артериясы (a.plantaris lateralis) терең табандық доға (arcus plantaris
profundus) түзеді, одан төрт табан сүйектерінің артериялары (aa.metatarsales
plantares) шығады. Әр табан сүйек артериясы бақайлардың жалпы табандық
артериясына (a.digitalis plantaris communis) жалғасады, ол өз ретінде әрқайсысы
бақайлардың меншікті табандық артерияларына (1-шіден басқа) (a.digitalis plantaris
propriae) бөлінеді.
3.
Кіші жіліншіктің айналма артериясы (a.circumflexus fibularis ).
4.
Кіші жіліншік артериясы (a.peronea).
5.
Бұлшықеттік тармақтар (rr.muscularis)
Жоғарғы қуыс вена (v.cava superior).
Жоғарғы қуыс вена (v.cava superior), бастың, мойынның, қолдардың, кеуде қуысының,
бірен-саран іш қуысының веналарынан қан жинап оң жүрекшеге (жүрек) құяды. Жоғарғы
қуыс венаға оң жағынан сыңар вена, ал сол жағынан көкірекаралықтық және жүрекқаптық
веналар ашылады. Қақпақтары жоқ.
Сыңар вена (v.arygos), оң жоғарылаған бел венасының (v.lumbalis ascendens dextra) кеуде
қуысындағы жалғасы, сағасында екі қақпағы бар. Сыңар венаға құяды: жартылай сыңар
вена, өңеш веналары, көкірекаралықтық, жүрекқаптық веналар, ІV-ХІ-артқы
қабырғааралық веналар және оң жоғарғы қабырғааралық вена.
Жартылай сыңар вена (v.hemiarydos), сол жоғарылаған бел венасының (v.lumbalis
ascendens sinistra) жалғасы. Жартылай сыңар венаға құятындар: көкірекаралықтық және
өңеш веналары, қосымша жартылай сыңар вена (v.hemiarygos accessoria) ол өзіне І-VІІ
жоғарғы қабырғааралық, артқы қабырғааралық веналарды қабылдайды.
Артқы қабырғалық веналар (vv.intercostales posteriores), қанды кеуде қуысы қабырғасының
тінінен және ішінара іш қабырғасынан жинайды. Әрбір қабырғааралық венаға