Нуржігіт Алтынбеков
4.
Атабез (анабез) венасы (v.ovarica testicularis )
Қабырғалық (париетальді) құйылулары:
1.
Төменгі көкеттік веналар (vv.phrenicae inferiores)
2.
Бел веналары (vv.lumbales)
Қақпа венасы (v.portae) – ең ірі ағзалық вена. Оның басты құйылулары: көкбауыр венасы,
жоғарғы және төменгі шажырқайлық веналар.
Көкбауыр венасы (v.lienalis) жоғарғы шажырқайлық венамен қосылады және келесі
құйылулары бар: сол асқазан-шарбы венасы (v.gastroepiploica sinistra), қысқа асқазан
веналары (vv.gastricae breves), ұйқы безі веналары (vv.pancreaticae).
Жоғарғы шажырқайлық вена (v.mesenterica superior) құйылулары: оң асқазан-шарбы
венасы (v.gastro-epiploica), мықын-жиектік вена (v.ileocolica), оң және ортаңғы жиектік
веналар (vv.colicae media et dexter), ұйқы безі веналары (vv.pancreaticae), құрттәрізді өсінді
венасы (v.appendicularis). Аш және мықын ішектің веналары (vv.ileales et jejunales).
Төменгі шажырқайлық вена (v.mesenterica inferior) жоғарғы шажырқайлық венаға
ашылады. Құйылулары: сол жиектік вена (v.colica sinistra), сигматәрізді веналар
(vv.sigmoideae), жоғарғы тік ішек венасы (v.rectalis superior). Қақпа венасы бауыр
қақпасына кірісімен оң және сол тармақтарға бөлінеді, олар өз ретінде сегменттік
веналарға, сонан соң үлесше ішіне синустәрізді веналар беретін үлесшеаралық веналарға
бөлінеді. синустәрізді веналар орталық венаға құяды. Үлесшелерден үлесшеасты веналар
шығып, бір-бірімен бірігіп бауыр веналарын (vv.hepaticae) түзеді.
ЖАМБАС ЖӘНЕ АЯҚ ВЕНАЛАРЫ
Оң және сол жалпы мықын веналары (vv.iliacae communes) төменгі қуыс венаны түзеді.
Сыртқы мықын венасы (v.iliaca externa) мықын-сегізкөз қосылысының тұсында ішкі
мықын венамен бірігіп жалпы мықын венасын түзеді. Сыртқы мықын венасы аяқтың
барлық веналарынан қанды қабылдайды. Қақпақтары жоқ.
Ішкі мықын венасының (v.iliaca interna) ағзалық (висцеральді) және қабырғалық
(париетальді) құйылуларын айырады. Ағзалық құйылулары:
1.
Қынаптың веналық өрімі (plexus venosus vaginalis)
2.
Жатырдың веналық өрімі (plexus venosus uterinus)
3.
Тік ішектің веналық өрімі (plexus venosus rectalis)
4.
Несепқуықтың веналық өрімі (plexus venosus vesicalis)
5.
Қуықасты безінің веналық өрімі (plexus venosus prostaticus)
Қабырғалық құйылулар
1.
Жоғарғы бөксе веналары (vv.gluteae superiores)