Нуржігіт Алтынбеков
көрсетілгендей, май тінімен алмаса бастайды. Осындай жастық инволюцияны (кері
дамуды) қалыпты дамып келе жатқан организмнің физиологиялық немесе табиғи
инволюциясы деп атайды. Айырша бездің инволюциясы кейбір кездерінде сыртқы
ортаның әсерінен де байқалады, мысалы: аштықта, стресте, инфекцияда, күйгенде. 40-
жастағы адамда тимустың салмағы 3-грамм немесе жалпы салмақтың 0,005%-на сәйкес.
Без өзінің даму үрдісінде 3-кезеңді өтеді:
1.
Құрсақтық кезең – шапшаң, екпінді.
2.
Туғаннан, 6-7 жасқа дейін.
3.
6-7 жастан пісіп жетілгенге дейін, әрі қарай без кері даму кезеңіне кіреді.
Бәрібір әлі айырша бездің жастық анатомиясы туралы соңғы сөз айтылған жоқ.
Мәселен (1964 ж.) бойынша тимустың инволюциясы нәрестенің құрсақ іші кезеңінен
басталып қартайған кезеңге дейін жалғасады.
В.А.Третьяковтың зерттеулері бойынша без 65%-да екі үлестен 35%-да үш үлестен
алты үлеске дейін барады. Балалық шақта бездің пішіні қиылған конус тәріздес, көлденең
размері жақсы жетілген болса, 18 жастан кейін бездің үлестері жалпайып ұзарады,
жапыраққа немесе цилиндрге ұқсай бастайды. Осы зерттеулердің нәтижесінде автордың
айырша бездің жыныстық пісіліп – жетілу кезеңіне жетпей жоқ болмайтынына, оның
ересек адамдарда өз қызметін жоймайтынына, жалғастыратынына көзі жетті.
Тимустың тамырлар жүйесі
Тимустың қанмен қамтамасыз етілуі көптеген тимикалық артериялар арқылы
жүзеге асады. Олар ішкі кеуде артериясының, жоғарғы және төменгі қалқанша
артерияларының, бұғанаасты артериясының тармақтары.
Тимустың ішкі ағзалық терең қантамырлары.
Тимустың ішіндегі артериялар үлестердің арасында орналасып, олардың
тармақтары бір бағытта, шашыла және аралас типте орналасады.
Үлесаралық артериялар бір венамен қосарланады, артериялардың диаметірі 0,025-
0,1 мм аралығында, ал веналар диаметрі 0,05-0,5 мм шамасында.
Артериялар мен веналар без ішінде кең ілмекті тығыз тамыр өрімін түзеді, олардың
пішіні ұқсас келеді.
235
Достарыңызбен бөлісу: |