Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет196/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
түзейді. Үлесішілік тамырлар өте күрделі торлы құрылымынан құралған агрофильдік 
талшықтармен қоршалған. Айырша бездің үлестерінің ретикулярлық талшықтары 
тамырлардың адвентициясын түзеп тамырлар қабырғасының бұлшықет қабатымен шектес 
орналасады немесе тікелей олардың эндотелийінің базальды жарғағына енеді. Айырша 
бездің қыртыс және милы заттарының тамырларымен капилярлар торының ерекшеліктері 
оның ішкі құрылымымен қызметіне байланысты болуы мүмкін. 
Тимустың нервтену көзі кезбе нерв, жұлдызды түйін, көкеттік нерв және мамальды 
өрім деп саналады. Сонымен қатар кейбір жұмыстарда тимусты нервтендіруге тіласты 
нерві, тіл-жұтқыншақ, жұлын нервтері, артерияжаңылық, қабырғааралық өрімдердің де 
қатынасы бар екені көрсетілген. Бірақта тимусты нервтендіруде симпатикалық нервтердің 
басымдылығы бар деген ойлар кездеседі. 
Нейрогистохимиялық әдістер көрсеткендей, олар нерв талшықтарының басым 
бөлігі тимусқа қантамырлар мен лимфотамырлар бойымен еніп, олардың адвентициясы 
мен бұлшықет қабаттарында терминальды және претерминальды өрімдер түзейді. 
Миеленді және миеленсіз талшықтардан құралған нервті-қантамырлық өрімдер 
тимустың сыртқы қабығына еніп сол аймақта анық білінетін беткей және терең сыртқы 
қабықтың өрімдерін түзейді. Нерв элементтерінің негізгі бөлігі үлесаралық септаларда 
орналасады. Тимустың қыртысты және милы бөліктері миеленді және миеленсіз нерв 
талшықтарынан тұрады. Нерв талшықтары тимус денешіктеріне өте жақын келіп, оларды 
барлық жағынан қоршай орналасады. Тимустың нерв аппаратының түпкі пісіп-жетілуі 
оның қызметінің ең жоғарғы деңгейге жеткен кезеңіне тұтас келеді. 
Тимустың эмброгенезі 
 
Тимустың эмбриогенезі барлық омыртқалармен сүтқоректілер үшін бірдей. 
Жорғалаушылардың айырша безі өзінің дамуын алғашқы үш желбезек қалталарынан 
бастайды, кейбір кезде төртіншіден түзілуі мүмкін. Ал сүтқоректілердің айырша безінің 
дамуы үшінші немесе төртінші желбезек қалталарының эпителийлік өсіндісі түрінде 
басталады. Алғашқыда эпителийлік өсінді каудальды бағытта өсіп жүрекке жетеді, сосын 
біртіндеп қалы4дап оның проксимальді бөлігінен ductus thymicopharyngeus түзіледі, ол 
бездің түтігі. Кейінен түтік жоғалады да, оның каудальды бөлігінен бездік құрылымдар 
пайда болып одан айырша без дамиды. Көп жағдайларда эпителийлі өсіндінің 
проксимальды бөліктері кері өседі, егер де өсіндіні4 дамуы жалғасын тапса онда қосалқы 
айырша без пайда болады. Әрі қарай тимустың даму үрдісінде ол сегменттерге бөлініп, 


237 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет