Нуржігіт Алтынбеков
зерттеушілердің жорамалдары бойынша адамдарда Фабрициус бурсасына сәйкес
келетіндер, таңдай бадамшалары, не болмаса аппендикс пен ішек эпителиймен
байланысқан лимфа шоғырлары болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Денеде шашыла орналасқан түзілістердің барлығы ортақ белгілері арқылы бір
иммундық жүйеге біріктіріледі:
1.
Барлығының шығу тегі бір.
2.
Олардың құрамында міндетті түрде лимфа тіндері бар.
3.
Ортақ қызметі – денені бөгде заттардың енуінен қорғау.
4.
Барлық иммун жүйесі ағзаларына тән нәрсе эмбриогенез үрдісінде өте ерте дамуы,
постнатальды уақытта тез пісіп жетілуі.
Иммун жүйесінің орталық ағзаларының
шеткісінен айыратын мынандай
ерекшеліктері бар:
1.
Иммун жүйесінің орталық ағзаларында сабау жасушаларынан әр текті
лимфоциттер пайда болады – сүйек маңайында В – лимфоциттер, тимуста Т-
лимфоциттер;
2.
Иммун жүйесінің орталық ағзалары жақсы қорғалған орындарда орналасқан (сүйек
майы сүйек ішінде, тимус кеуде қуысында).
3.
Орталық ағзалардың лимфатәрізді тіні шеткі ағзалардағыдай лимфатәрізді
түйіншелермен шоғырлар түзбейді.
Шеткі иммун ағзалары орталықтан төмендегі белгілермен ерекшеленеді:
1.
Лимфа түйіншелерінен түзіледі.
Т-лимфоциттер клеткалық иммунитет түзеді.
В-лимфоциттер гуморальды иммунитет түзеді (өзінен антидене шығару). Лимфа
түйіншелерінің пісу барысында В-аймағында ақшыл орта, даму ортасы пайда болады.
2.
Олар сырттан енетін және дененің өз ішінде пайда болатын бөгде заттармен
микроорганизмдердің жолдарында орналасады.
Лимфа түйіншелері иммун жүйесі ағзаларының негізін құраушы морфологиялық
түзіліс.
Академик М.Р.Сапиннің айтуынша лимфа түйіншелерін иммун жүйесі
ағзаларының морфо-қызметтік бірлігі деп санауға болады. Лимфа түйіншелері өте тығыз