Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет189/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ағымдарының жылдамдығын тіпті баяулатып, оны тоқтауға 
(Стаз) 
дейін әкеледі. Міне 
осындай жағдайлардың әсерінен сүйекмай жасушалары сүйек қуыстарында өз уақытында 
дамып жетіледі. 
Сүйек май эмбриогенезі. 
J.Ibert – тің көз қарасы бойынша қан өзінің даму кезеңінде ағзалар мен тіндердің 
даму және қалыптасу үрдістерін реттеуші факторларды таратушы орта болып есептеледі. 
Ұрықтың екі жетілік даму үрдісінде қан жасушаларының ерте пайда бола бастауы осыны 
түсіндірсе керек. (Олар тек қана шоғырланған аймағы мен қан жасаушы тегімен ғана 
ерекшеленеді). Ұрықтың қанжасаушысы бір-біріне елеусіз өтетін бірнеше кезеңдерден 
тұрады. 
Иммун жүйесінің филогенездік зерттеулері көрсеткендей оның қалыптасуы 
эволюциялық дамуымен лимфа құрылымдарының өзара орналасуына байланысты. Иммун 
жүйесі өзінің ең биік даму сатысына сүтқоректілерде жеткен. 
Өзінің иммундық қызметін атқару үшін барлық жан-жануарлар, солардың әр түрлі 
дара тұлғалары төмендегідей белгілердің иесі болулары тиіс: 
1.
Өзіне бөгде тіндермен жасушаларды қабылдамау. 
2.
Айырша бездің болуы. 
3.
Өзіндік иммундық жауап бере алуы. (Гуморальды не болмаса жасушалық). 
4.
Эффекторлық жасушалардың (лимфоциттер, плазмоциттер) болуы. 
5.
Иммуноглобулиндердің қатынасуы (ұйыған қандағы антидене). 
Иммун жүйесі қызметі бойынша екі бөліктен тұрады және иммунитеттің екі түрін 
айырады: 
Жасушалық 
(Т-лимфоциттер, яғни тимус тәуелділер) және 
гуморальдық 
(В – лимфоциттер, бурса тәуелділер) – антидене бөліп шығарушылар. Ұрықта лимфа 
жасушалары қай жерде өсіп дамитыны әлі толығынан анықталмаған, бірақ олардың 
бауыр мен сүйек майының мезодермасынан дамиды деген жорамал бар. 
Әрі қарай сабаулық жасушалар сүйек майынан иммун мүшелері – тимуске, Т- 
лимфоциттер пісіп жетілетін орынға және құстарда клоака аймағындағы Фабрициус 
қалтасына (бурсаға – 300 жыл бұрын алғашқы рет Фабрициус жазған) көшеді. Ал В- 
лимфоциттердің пісіп-жетілетін нақты орны әлі жорамал түрінде қалып отыр. 
Бір топ зерттеушілер оларды сүйек майы жасушаларының бір түрі деп оның атын 
сүйек майының ағылшынша аудармасымен байланыстырса, екінші топ 


230 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет