228
Нуржігіт Алтынбеков
белгілі жағдайларда, мысалы, таулы аудандардың тұрғындарында, көп уақыт
бойы ауада
оттегі мөлшерінің аздығының
(Гипоксия)
әсерінен, экологияның нашарлығынан,
созылмалы қан аздығынан және т.б. себептерден сары сүйек майының бір мөлшері қызыл
сүйек майына айналуы мүмкін. Қызыл сүйек майы жілік сүйектерінің эпифизінде
орналасқандықтан, ал ол аймақ жілік сүйектерінің ұзынынан
өсетін орны болғандықтан
20-ғасырдың орта шеніндегі жасөспірімдердің шапшаң толысуы және ата-аналармен
салыстырмалы бойшаң болуларын түсіндіру жорамалдары жасалды. Солардың бірі
төмендегідей:
Жастардың бойшаң болуы, әсіресе, экономикасы жақсы дамыған елдерде
және өте ірі қалалар мен мегаполистерде, ғылыми-техникалық үрдістері
жетілген
мемлекетттерде, аймақтарда жақсы байқалғандықтан оны мыналармен байланыстыруға
және түсіндіруге болады:
1.
Жастардың ашық ауада аз болуынан.
2.
Қимылдық белсенділіктерінің азаюынан.
3.
Қоршаған ортаның экологиясының нашарлануынан.
Осылардың барлығы бала организмінің ұзақ уақыт оттегілік аштықта
(Гипоксия)
болуына
әкеліп соқты, ол әрі қарай жілік сүйектеріндегі қызыл сүйек майын қоздырып
жілік сүйектерінің ұзынынан өсуіне әсерін тигізді. Табиғат неліктен май тіндерін
(Миелоидты тін)
кезкелген басқа ішкі ағзаларда емес тек қана сүйек
қуыстарында
орналастырған? Академик
М.Р.Сапиннің (Мәскеу)
жорамалдауынша, сүйек қуыстары тез
кеңейіп, соның әсерінен өлшемсіз қанға тола алмайды, сондықтан қанның әлі дамып
жетіспеген жасушалары уақытынан ерте қан ағымына түспейді, ал
басқа тіндерде
керісінше, олар созылмалы болғандықтан, қан қысымымен кеңейіп енді дамып келе
жатқан жас қан жасушалары қан ағымы қысымымен шайылып тамырлар саласына шығар
еді.
Сонымен қатар табиғат қан жасушаларын уақытсыз ерте шығудан сақтаудың басқа
жолдарын тапқан. Мысалы: барлық студент қауымға белгілі сүйектердегі
қоректік тесік,
студенттердің іздеп табуға тырысатын түзілісінің көлемі тігінші инесінің көлемімен пара –
пар. Бірақта, осы уақытқа дейін ешкімнің ойына да келген жоқ, неге көлемі ірі сүйектердің
бірі болып саналатын ортан жілік пен асықты жіліктердің қоректі тесіктері өте майда?...
Менің ойымша бұл кездейсоқ нәрсе емес (Т.М.Досаев 1999), жоғарыда көрсетілгендей бұл
да табиғаттың көрегенділігі, осы арқылы сүйектегі қан айналым жылдамдығын мейлінше
баяулату, сүйтіп сүйек қуысындағы дамып келе жатқан қан жасушаларын уақыттан ерте
қан саласына түспеуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар осыларға қосымша сүйек майының
веналық капиллярлары өзіндік синустар (кеңейген орындар) түзу арқылы ондағы қан