Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет191/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
орналасқан лимфа жасушаларының шоғырлары болып саналады және олар әртүрлі 
аталады – лимфа фолликулалары, лимфа түйіншелері. 
Лифа түйіншелері фолликул деп аталу себебі оларды зерттеп сипаттаған алғашқы 
анатомдар жоғарыда айтылғандай түйіншелер ортасында ақшыл дөңгелек байқаған 
(көбею ортасы) оны қуыс деп ойлап осылай атап кеткен. Кейінгі уақыттағы электронды 
микроскопиялық, иммуноморфологиялық, гистохимиялық зерттеулер фолликул дегеніміз 
лимфа түйіншелері екенін толығымен дәлелдеді. 
Лимфа тәрізді түйіншелер алғашқы дамуынан бастап ең жоғарғы ұйымдасу 
деңгейіне дейін (жоғарғы белсенділік кезеңі) бірнеше сатыдан өтеді: 
1.
Ошақтәрізді жиынтық – шашыраңқы лимфатәрізді ұлпаның пайда болуы. 
2.
Шашыраңқы лимфатәрізді ұлпаларда лимфатәрізді түйіншелердің (көбею 
орталығысыз) пайда болуы. 
3.
Лифатәрізді түйіншелерде көбею орталығының пайда болуы 
4.
Оның жойылуы, орны майлы жасушалармен алмасуы. 
Айырша без (тимус) 
 
Көп уақыт тимусты тіршілік үшін қажетті мүше деп санамаған, себебі оны 
жануарлардың тұтас организмінен бөліп тастағанда олардың тіршілігінде көп өзгерістер 
байқалмаған. Бірақ кейіннен анықталғандай, егер оны жаңа туған нәрестеден дараласа 
онда организмнің микробтарға қарсы қорғаныс қызметі біртіндеп әлсіреп иммунодефицит 
пайда болып нәресте өледі. Алғашқыда тимусты басқа бір лимфойд ағзалары үшін 
гормондар бөліп шығарады десе кейіннен оның өзі лимфоциттер (Т-лимфоциттер) 
түзетінің, олар болса иммун жүйесінің басты бір бөлігі болып саналатыны анықталды. 
Тимусты иммун жүйесіне жатқызудың қандай себептері бар: 
1.
Тимоциттер – тимус клеткалары, сырттай басқа лимфоциттерден еш 
айырмашылығы жоқ. 
2.
Онтогенезде лимфоциттер тимуста пайда болады да кейіннен лимфотүйіндерге, 
көкбауырға, қанға ауысады. 
Ал иммун жүйесіне жатқызбаудың себептері: 
1.
Ересек кезде тимустың көлемі кішірейіп майлы тінге айналады. 
2.
Тимусты организмнен дараласа оған айтарлықтай зақым келмейді. 


232 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет