|
Байланысты: Досаев Анатомия
Нуржігіт Алтынбеков
Екінші бөлімнің тармақтары
Қабырға-мойын сабауы (truncus costocervicalis) терең мойын артериясына (a.cervicalis
profunda) және ең жоғарғы қабырғааралық артерияға (a.intercostalis suprema) бөлінеді.
Қолтық артериясы (a.axillaris) – бұғанаасты артериясының жалғасы, топографиясы
бойынша үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімнің тармақтары:
1.
Жоғарғы кеуде артериясы (a.thoracica superior)
2.
Жауырынасты тармақтары (rr.subscapulares)
3.
Кеуде-акромион артериясы (a.thoracoacromialis) төрт тармақ береді: кеуделік
(rr.pectorales), бұғаналық тармақ (r.clavicularis), акромиондық тармақ (r.acromialis),
дельтатәрізді тармақ (r.deltoideus).
Екінші бөлімнің тармақтары
1. Латеральді кеуде артериясы (a.thoracica lateralis), сүт
безінің латеральді
тармақтарын (rr.mammarii lateralis) береді.
Үшінші бөлімнің тармақтары:
1.
Тоқпан жіліктің алдыңғы айналма артериясы (a.circumflexa humeri anterior)
2.
Тоқпан жіліктің артқы айналма артериясы (a.circumflexa humeri posterior)
3.
Жауырынасты артериясы (a.subscapularis) жауырынның айналма артериясына
(a.circumflexa scapulae) және кеуде-арқа артериясына (a.thoracodorsalis) бөлінеді.
Иық артериясы. Шынтақ артериясы. Кәрі жілік артериясы.
Қолқаның кеуделік бөлігі.
Иық артериясы (a.brachialis) қолтық артериясының жалғасы. Ол келесі тармақтар береді:
1.
Шынтақтың жоғарғы жанама артериясы(a.collateralis ulnaris superior)
2.
Шынтақтың төменгі жанама артериясы (a.collateralis ulnaris inferior)
3.
Иықтың терең артериясы (a.profunda brachii) тармақтары: ортаңғы жанама артерия
(a.collateralis media), кәрі жіліктің жанама артериясы (a.collateralis radialis),
дельтатәрізді тармақ (r.deltoidei) және тоқпан жілікті қоректендіретін артериялар
(aa.nutriciae humeri).
219
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|