Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет172/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ЖҮРЕКҚАП (ПЕРИКАРД) – жүрек орналасқан талшықты-сірлі қапшық жүрекқап екі 
қабаттан құрылған: сыртқы (талшықты жүрекқап) және ішкі (сірлі жүрекқап). Талшықты 
жүрекқап жүректің ірі қантамырларының дәнекер тінді қабығына жалғасса, сірлі 
жүрекқап жүрек негізінде бір-біріне өтетін қабырғалық (париетальді) және ағзалық 
(висцеральді) табақшалардан тұрады. Табақшалар ішінде аз ғана сірлі сұйықтық бар 
жүрекқап қуысын (cavitas pericardialis) түзеді. Жүрекқаптың үш бөлігін айырады: алдыңғы 
немесе төс-қабырғалық, оң және сол көкірекаралықтық, төменгі немесе көкеттік. 
Қанмен қамтамасыздануы: жоғарғы көкеттік артериялар, қолқаның кеуделік бөлігі, 
жүрекқап-көкеттік артериялар тармақтары. 
Веналық ағым: сыңар және жартылай сыңар веналарға. 
Лимфа ағымы: алдыңғы және артқы көкірекаралықтық, жүрекқаптың, жүрекқап 
алдындағы лимфа түйіндеріне. 
Нервтенуі: оң және сол симпатикалық сабаулардың, көкеттік және кезбе нервтерінің 
тармақтары. 
ЖҮРЕКТІҢ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ ЖӘНЕ НЕРВТЕНУІ 
Жүрек артериялары қолқа буылтығынан (bulbus aortae) басталады. 
Оң жақ тәждік артерияның (a.coronariа dextra) ең ірі тармағы – артқы қарыншааралық 
тармақ (raмus interventricularis posterior). 
Сол жақ тәждік артерия (a.coronaria sinistra), алдыңғы қарыншааралық (r.interventricularis 
anterior) және айналма тармақтарға (r.circumflexus) бөлінеді. Бұл артериялар бір-бірімен 
бірігіп көлденең және бойлық артериялық сақиналар түзеді. 
Жүрек веналары: жүректің кіші венасы (v.cordis parva), жүректің үлкен венасы (v.cordis 
magna), сол жүрекшенің қиғаш венасы (v.obligua atri sinistra), сол қарыншаның артқы 
веансы (v.posterior ventriculi sinistri) қосылып тәждік қойнау (sinus coronarius) түзеді. Онан 
басқа жүректің алдыңғы веналары (vv.cordis anteriores) мен жүректің ең ұсақ веналары 
(vv.cordis minimae) бар. 
Лимфа ағымы: алдыңғы көкірекаралықтық және кеңірдек-бронхтық лимфа түйіндеріне. 
Нервтенуі: 1. Оң және сол симпатикалық сабаулардың мойын және жоғарғы кеуде 
түйіндерінен басталатын жүрек нервтері. 2. Жүректің ағза сырты беткей өрімі. 3. 
Жүректің ағза сырты терең өрімі. 4. Жүректің ағза іші өрімі (жүректің ағза сырты 
өрімініңтармақтарынан түзілген) 
ӨКПЕ САБАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ. ҚОЛҚА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ. 


213 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет