Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет165/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Веналық ағым 
жатыр веналарымен тік ішек веналық өрімге, анабез бен ішкі мықын 
веналарына құяды. 
Лимфалық ағым
, ішкі мықын, шап және сегізкөз лимфа түйіндері 
арқылы жүзеге асады. 
Жатыр
, төменгі құрсақасты өрімінен ішкі ағзалық жамбас 
нервтерімен нервтеледі. 
ЖАТЫР ТҮТІГІ 
ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНУЫ, НЕРВТЕНУІ 
ЖАТЫР ТҮТІГІ (tuba uterina)

ұрық жасушаларын іш қуысынан жатырға өткізуші жұп 
ағза. Ол кіші жамбас қуысында орналасып анабезді жатырмен байланыстыратын сопақша 


205 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
келген түтік. Жатыр түтігі, жатырдың жалпақ байламының жоғарғы бөлімінің іші арқылы 
өтеді. 
Жатыр түтігінің ұзындығы 13 см-ге дейін, ал ішкі саңылауының көлемі 3 мм шамасында. 
Жатыр түтігінің жатырға ашылатын тесігі жатырлық (ostium uretinum tubae), ал іш 
қуысына іштік (ostium abdominalе tubae) деп аталады. Осы тесіктің арқасында әйелдердің 
іш қуысы сыртқы ортамен қатынасады. Жатыр түтігінің келесі бөліктерін ажыратады: 
1.
Жатырлық бөлік (pars uterinae) 
2.
Жатыр түтігінің қылтасы (isthmus tubae uterinae) және ұшы түтік шашақтарымен 
(fimbria tubae uterinae) аяқталған жатыр түтігінің құйғышы (infindibulum tubae 
uterinae) 
3.
Жатыр түтігінің кең жері (ampulla tubae uterinae) 
Түтіктің жатырлық бөлігі жатыр қабырғасының ішінде орналасқан, ал қылта жатыр 
түтігінің өте тар және қалыңқабырғалы бөлігі. 
Жатыр түтігінің шашақтары өздерінің қимылдарымен ұрықтық жасушаны құйғышқа 
бағыттайды, әрі қарай құйғыштың саңылауы арқылы жатыр түтігіне өтеді. 
Жатыр түтігінің қабырғасының құрылысы: 
Ішкі қабығы, бойлық түтіктік қатпарлар түзетін шырышты қабық. Жатыр түтігі іштік 
тесікке жақындаған сайын оның шырышты қабығы қалыңдайды, қатпарлар саны көбейеді. 
Шырышты қабық өне бойында кірпікті эпителиймен жабылған. Келесі, бұлшықеттік 
қабық, екі қабаттан құралған: сыртқы – бойлық, ішкі – дөңгелек. 
Жатыр түтігінің бұлшықеті тікелей жатыр бұлшықетіне жалғасады. 
Сыртқы қабығы, сірлі қабық, ол сірліастылық негізде орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет