Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет164/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
мойнымен аяқталады. Жатыр қылтасы (isthmus uteri), жатыр денесінің мойнына өтетін 
аймағы. Жатыр мойнының қынап ішіндегі бөлігін қынаптық, ал қалғанын қынапүсті бөлігі 
деп атайды. Жатыр қуысы мойын өзегіне жалғасады, ал ол өз кезегінде жатырды 
қынаппен байланыстырады. Жатыр тесігі алдынан және артынан ернеулермен (labium 
anterior et posterior) шектелген. Босанбаған әйелдердің жатыр тесігі кішірек, дөңгелек 
пішінді болса, босанғандарда көлденең саңылау тәрізді. 
Жатыр қабырғасы үш қабықтан тұрады: ішкі қабығы – шырышты немесе эндометрий, 
(endometrium), қалыңдығы 3 мм-ге дейін. Шырышты қабық қатпарлар түзбейді, тек қана 
мойын өзегінде жан-жағына майда қатпарлар тарайтын жалғыз бойлық қатпар орналасқан. 
Шырышты қабықтың ішінде жатыр бездері бар. 
Ортаңғы қабығы – бұлшықеттік немесе миометрий (mуometrium) ең қалың бөлігі. 
Миометрий үш қабаттан құралған: ішкі, сыртқы қиғаш-бойлық және ортаңғы дөңгелек. 
Сыртқы қабығы – сірлі немесе периметрий (perimetrium), біршама қалыңдау. Жатырдың 
мойын аймағында сірліасты негізі болады. 
Ішастар жатырды жауып екі ұңғыл түзеді: несепқуық-жатыр, (excavatio vesicouterina) және 
дуглас немесе тік ішек-жатыр (excavatio rectouterina). Ішастар жатырды алдынан және 
артынан жаба келіп екі бүйір жиегінде бір-бірімен қосылып оң және сол жалпақ 
байламдарға (lgg.latum uteri) айналады. Өзінің құрылысына сәйкес жалпақ байламдар 
жатырдың шажырқайы болып табылады. Жалпақ байламның анабезбен жанасқан бөлігі 
анабез шажырқайы (mesovarium) деп аталады. Жалпақ байламның ішімен жатырдың 
дөңгелек байламы (lg.teres uteri) өтеді, ол жатырдың алдыңғы-бүйір қабырғасынан 
басталады. Жатыр мойнымен кіші жамбас қабырғаларының арасында, жалпақ байламның 
түбінде 
ең басты байлам 
(lgg.cardinalia uteri) жатыр. 
Жатыр, 
ішкі мықын артерияларының тармақтарымен жұп, жатыр артерияларымен 
қанмен қамтамасызданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет